Мемлекет басшысының Жарлығымен Ермек Беделбайұлы Көшербаев Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрі болып тағайындалды, ол бұрынғы атқарған лауазымынан босатылды, деп хабарлайды Todayinfo.kz Ақордаға сілтеме жасап.
Ал, Мұрат Әбуғалиұлы Нұртілеу Қазақстан Республикасы Президентінің халықаралық инвестиция және сауда ынтымақтастығы жөніндегі көмекшісі болып тағайындалды, ол бұрынғы атқарған лауазымынан босатылды.
Естеріңізге сала кетейік, қыркүйектің басында БАҚ-та Мұрат Нұртілеудің және кейбір басқа лауазымды тұлғалардың ұсталғаны жөнінде ақпарат тарап, кейін ол жалған болып шыққан еді. Сол уақытта СІМ-ге қатысты сурет жарияланды — Мұрат Нұртілеудің «Harvest Group» компаниясының төрағасымен кездесу өткізгені көрсетілген.