Close Menu
  • Басты бет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Әлем
  • Экономика
  • Жаңалықтар
  • TodayTV
What's Hot

Цифрлық Қазақстан бағдарламасын жүзеге асырудағы мемлекеттік саясат және Жолдаудың міндеттері

4 Қыркүйек, 2025

Алматы облысында тұрғын үймен қамтамасыз ету бағдарламасы аяқталуда

4 Қыркүйек, 2025

Сыртқы істер министрінің ұсталғаны туралы жаңалық шындыққа жанаспайды – Айбек Смадияров

4 Қыркүйек, 2025
Facebook X (Twitter) Instagram
Trending
  • Цифрлық Қазақстан бағдарламасын жүзеге асырудағы мемлекеттік саясат және Жолдаудың міндеттері
  • Алматы облысында тұрғын үймен қамтамасыз ету бағдарламасы аяқталуда
  • Сыртқы істер министрінің ұсталғаны туралы жаңалық шындыққа жанаспайды – Айбек Смадияров
  • «Құны 2,4 миллион теңге»: «Қазақстан халқына» қорының төрайымы қымбат костюммен ел алдына шығып, сынға ұшырады
  • Балаева бірқатар шенеуніктің ұсталғанын жоққа шығарды
  • «Куәгер ретінде қаралып жатыр»: Қаржылық мониторинг агенттігі Нұрлан Нығматулиннің ісі тоқтатылғанын айтты
  • «Қазаққа жат жаңа дәстүр »: Алматыда имам тек 350 еркекке ғана той жасап, қызын ұзатты
  • Бірлік пен келісім – басты құндылық: Сайрамда ҚХА-ның І сессиясы өтті
  • Байланыс
  • Сайт туралы
  • Жарнама
  • Құпиялық саясаты
Facebook Instagram YouTube TikTok
todayinfo.kz ақпараттық порталыtodayinfo.kz ақпараттық порталы
Рус Қаз
Жұма, 5 Қыркүйек
  • Басты бет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Әлем
  • Экономика
  • Жаңалықтар
  • TodayTV
Қаз Рус
todayinfo.kz ақпараттық порталыtodayinfo.kz ақпараттық порталы
Home » Рухани құндылықты насихаттау: Алматы – Қазақстандағы қолданбалы өнердің мәдени брендіне айналды

Рухани құндылықты насихаттау: Алматы – Қазақстандағы қолданбалы өнердің мәдени брендіне айналды

22 Мамыр, 2025 Алматы қаласы
Share
Facebook Twitter LinkedIn Pinterest Email

Алматылық қолөнершілер халықаралық аренаға шықты. Былтыр қалаға «Әлем қолөнершілерінің қаласы» деген мәртебе берілгеннен кейін, қазақстандық шеберлерді ТМД елдерінен бөлек, Еуропа мен Азия елдері де мойындай бастады. Олардың қолынан шыққан бұйымдар бүгінде қазақ мәдениетінің көрінісі ретінде қабылданып, олар өткізетін жәрмеңкелер – туристерді тартатын, экономиканы алға сүйрейтін күшке айналып барады, деп хабарлайды Todayinfo ақпараттық агенттігі.

Қазақтың рухани өнері, ата-бабадан қалған байырғы дәстүрді мұра ретінде жалғастырып, дамыту жолында жасалып жатқан жұмыстар жайлы Алматының Өңірлік коммуникациялар қызметінде айтылды. Баспасөз конференциясында Алматы қолөнершілер палатасының вице-президенті Дәмелі Жанашева рухани құндылықтар жайында кеңінен баяндады.

2024 жылдың соңына таман Алматы Қолөнер жөніндегі Әлемдік кеңестің (WCC) шешімімен қолөнер мен қазақтың ұлттық музыкалық аспаптары бағыты бойынша Дүниежүзілік қолөнершілер қалаларының тізіміне енді. Бұл жаңалық қазақстандық шеберлердің жұмысына жаңа серпін беріп, алматылық өнімге шетелдік нарықта сұранысты арттырды.

Алматылық қолөнершілер өз өнімдерін әлемдік жәрмеңкелерде ұсынуға мүмкіндік алды. Қолөнер шеберлерінің жәрмеңкелер мен фестивальдерге тұрақты қатысып жүргені де көпшіліктің назарын аударуда. Былтыр Алматыда 1300-ге жуық қолөнер шебері қатысқан 17 жәрмеңке өткізілген.

2014 жылдан бері жұмыс істейтін Қолөнер жөніндегі Әлемдік кеңеске бүгінде дүниежүзінің 60 қаласы кіреді. Бұл жүйеге Қазақстан алғаш рет Тараз қаласының киіз өңдеу саласындағы тәжірибесінің арқасында қосылған болатын.

Алматы болса халқымыздың ұлттық және мәдени кодын ұлықтайтын – қолөнер мен қазақтың ұлттық аспаптары бағытын таңдады.

2024 жылдың тамыз айында Кувейт, Қытай, Өзбекстан және Қазақстан өкілдерінен құралған WCC халықаралық комиссиясы Алматыға арнайы сапармен келді. Үш күн бойы олар зергерлік шеберханалар мен музыкалық аспаптар жасайтын студиялардың жұмысымен танысып, бұйымдардың сапасы мен табиғи шикізатты қолдану тәсілдеріне ерекше назар аударған. Сапардың қорытындысы бойынша жеке және жалпы есеп дайындалып, 2024 жылдың қарашасында Алматыға ресми түрде World Craft City мәртебесі берілді. Осылайша, қала әлемдік қолөнер картасында өз орнын алды. Бұл мәртебе Алматының туристік және мәдени тартымдылығын арттырып, шеберлердің туындыларына деген ішкі және сыртқы сұранысты күшейтті.

«Қазақстандық қолөнердің халықаралық деңгейде мойындалуы – шеберлеріміздің бұйымдарын ұлттық брендке айналдыруға жол ашты. Басқа елдерде жәрмеңкелер көбіне кәдесый өнімдерін сату үшін ұйымдастырылса, Алматыда қолдан жасалған киім, аяқ киім, бас киім, ыдыс-аяқ, музыкалық аспаптар мен сәндік бұйымдардың алуан түрі бар», – деді Дәмелі Жанашева.

Қазір айына екі рет өтетін Алматы жәрмеңкесіне келушілер саны артып келеді. Әр жәрмеңкеге орта есеппен 80–100 шебер қатысады, ал бір жылда бұл көрсеткіш 1300-ден асады. Алматы қолөнершілер палатасы жас шеберлерге қолдау көрсетіп, профильдік колледждер мен жоғары оқу орындарының студенттеріне жәрмеңкеге қатысуға мүмкіндік береді. Сондай-ақ маркетинг, әлеуметтік желілерде алға жылжу және бизнесті жүргізу бойынша кеңес береді. Өз ісін енді бастаған ерекше шеберлерге жәрмеңкеге тегін орын ұсыну да – осы палата жұмысының бір бөлігі.

Оқылып жатыр

Алматыда негізгі көшелердің жөндеу жұмыстары аяқталды

Алматы метросы «Алтын орда» базарына қарай дамиды

Алматы әкімі оқушыларды Білім күнімен құттықтап, жаңа мектептер ашты

МӘМС: Алматыда жыл басынан бері 19 мыңнан астам бала дүниеге келді

Дархан Сатыбалдының тың жобасы: Алматыда УЕФА-ның төртінші санатына сай алып стадион салынады

Жаңа мектептерде оқу тілін таңдауда барлық баланың құқықтары ескеріледі – Алматы қаласының Білім басқармасы

Соңғы жазбалар

Цифрлық Қазақстан бағдарламасын жүзеге асырудағы мемлекеттік саясат және Жолдаудың міндеттері

4 Қыркүйек, 2025

Алматы облысында тұрғын үймен қамтамасыз ету бағдарламасы аяқталуда

4 Қыркүйек, 2025

Сыртқы істер министрінің ұсталғаны туралы жаңалық шындыққа жанаспайды – Айбек Смадияров

4 Қыркүйек, 2025

«Құны 2,4 миллион теңге»: «Қазақстан халқына» қорының төрайымы қымбат костюммен ел алдына шығып, сынға ұшырады

4 Қыркүйек, 2025

Балаева бірқатар шенеуніктің ұсталғанын жоққа шығарды

4 Қыркүйек, 2025

«Куәгер ретінде қаралып жатыр»: Қаржылық мониторинг агенттігі Нұрлан Нығматулиннің ісі тоқтатылғанын айтты

4 Қыркүйек, 2025

«Қазаққа жат жаңа дәстүр »: Алматыда имам тек 350 еркекке ғана той жасап, қызын ұзатты

4 Қыркүйек, 2025

Бірлік пен келісім – басты құндылық: Сайрамда ҚХА-ның І сессиясы өтті

4 Қыркүйек, 2025

«Бесікке салу, қырқынан шығару, тұсау кесудің бәрі ширк»: Желіде салт-дәстүрлерді жоққа шығарған әйел дау туғызды (ВИДЕО)

4 Қыркүйек, 2025

«Аяғын сүйгізген»: Алматы облысында екі әйел 16 жастағы қызды азаптаған

4 Қыркүйек, 2025
Advertisement
Demo
Facebook WhatsApp TikTok Instagram
© 2025 Todayinfo.kz. Designed by Todayinfo.
  • Жарнама
  • Байланыс
  • Сайт туралы

Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.