Танымал журналист Серік Әбікенұлы премьер-министрдің компьютерлік ойын жайлы айтқан сөзіне орай үкімет мүшелеріне арнап сарказм жазба жариялады, деп хабарлайды Todayinfo.kz.
Бұған дейін Бектенов үкімет отырысында әріптестерін отандық программистер жасаған компьтерлік ойын ойнауға шақырған еді. Елде қымбатшылық жайлап, теңге сәт сайын құнсызданып бара жатқанда үкімет басшысының министрлер кабинетін ойын ойнауға шақыруы қоғамда дау туғызды.
Картоп бағасы тіптен шарықтап, азық-түліктің қымбаттауы да қазіргі басты проблемалардың бірі. Президент те халықтың тұрмыстық жағдайын жақсарту жайлы үкіметке нақты тапсырмалар жүктеген. Алайда Олжас Бектенов ойын ойнағанды жақсы көретін болып шықты.
— Обходи с тыла! Ат! Атсаңшы!!!
Тра-таа-та, дыш-дыш!
— Қақа, қаш! Оңға қарай… Қаш! Рома, давай, обходи справа! Стреляй! Стреляй!
Быдыш-быдыш! Тарс-тұрс!
-Руслан, Ержан, Алмаса-а-адам! Окружаем! Огонь! Алға!!!
Дыш-дұш, пах-пух!
— Олжеке! Берегись!
-Тфу елкини, опять попали?! Бүгін тағы жеңіліп қалдық. Ну ничего, завтра продолжим, коллеги, — деп жазды Серік Әбікенұлы.
«Бос уақытымда компьютерлік ойын ойнаймын» деген Бектеновтың басы дауға қалды