Танымал қазақстандық блогер, актриса Сабина Мовлаева биылғы Канн кинофестиваліне қатысып, халықаралық сахнада қазақ мәдениетін паш етті. ұл туралы Todayinfo ақпарат агенттігі хабарлайды.
Сабина Мовлаева қызыл кілем үстінде қазақстандық дизайнер Назым Қарпықова тіккен эксклюзивті көйлекпен бой көрсетті.
«Ойлаңыздаршы, төрт көйлек киіп, үш рет Канн фестиваліне бардым. Шаршадым. Ертең елге қайтамын. Аллаға шүкір. Бәрі қайдан екенімді сұрап жатыр. «Қазақстаннанмын» десем, бәрі қызығып «Қайдан келдің?» деп сұрап жатыр», – деді актриса өзінің парақшасында.
Сабина Мовлаеваның айтуынша, шетелдік қонақтар мен фестиваль қатысушылары Қазақстанға ерекше қызығушылық танытқан.
Қазақстандық өнер иесінің беделді халықаралық кинофестивальге қатысуы еліміздің шығармашылық әлеуетін танытумен қатар, отандық сән индустриясын да насихаттауға жол ашты.