Close Menu
  • Жарнама
  • Құпиялық саясаты
  • Байланыс
  • Сайт туралы
What's Hot

«Жазасыз қалмау керек, бұл —қылмыс»: белгілі журналист әнші Наркенже Серікбаеваны күллі оңтүстікке күйе жақты деп сынады

24 Маусым, 2025

Корпоративке бармағандардан 256 мың теңге ұсталады: Салықтан жалтарған Айдын Рахымбаевтың BI group компаниясы тағы дауға қалды

24 Маусым, 2025

Air Astana Таяу Шығысқа рейстерді қайта қалпына келтіруді жоспарлап отыр

24 Маусым, 2025
Facebook X (Twitter) Instagram
Trending
  • «Жазасыз қалмау керек, бұл —қылмыс»: белгілі журналист әнші Наркенже Серікбаеваны күллі оңтүстікке күйе жақты деп сынады
  • Корпоративке бармағандардан 256 мың теңге ұсталады: Салықтан жалтарған Айдын Рахымбаевтың BI group компаниясы тағы дауға қалды
  • Air Astana Таяу Шығысқа рейстерді қайта қалпына келтіруді жоспарлап отыр
  • Атырауда Мирас Жүгінісов пен Qanay-дың концерті өтпей, шуға ұласты
  • Ақсудағы дауылдан қаза тапқан әйелдің отбасына қандай көмек көрсетілді
  • Наркенженің назы: Елді шулатқан әнші сөзінен «секіріп», басшысымен бірікті
  • «Ұлын құтқармақ болған»: Алматы облысына баласы мен анасы қатар суға кетті
  • Владимир Зеленский соғыс аяқталғанға дейін президенттіктен кетпейтінін айтты
  • Байланыс
  • Сайт туралы
  • Жарнама
  • Құпиялық саясаты
Facebook Instagram YouTube TikTok
todayinfo.kz ақпараттық порталыtodayinfo.kz ақпараттық порталы
Рус Қаз
Сәрсенбі, 25 Маусым
  • Басты бет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Әлем
  • Экономика
  • Жаңалықтар
  • TodayTV
Rus
todayinfo.kz ақпараттық порталыtodayinfo.kz ақпараттық порталы
Home » Садыр Жапаровтың Кенесарыға қатысты сөзін өздерінің тарихшылары жоққа шығарды

Садыр Жапаровтың Кенесарыға қатысты сөзін өздерінің тарихшылары жоққа шығарды

15 Мамыр, 2025 Жаңалықтар
Share
Facebook Twitter LinkedIn Pinterest Email

Қырзстанның президенті қазаққа, оның ішінде Кенесарыға қатысты жазған қыжыртпасына қырғыздың өзінің атақты тарихшысы Белек Солтанаевтың «Кызыл Кыргыз тарыхы» кітабынада әлдеқашан жауап беріп қойған. Бұл туралы Todayinfo ақпарат агенттігі хабарлайды.

Тарихшы, ең әуелі, Кенесары Қырғыз жеріне жаугершілікпен барған жоқ. Қырғыз — Қасым ханның заманынан бері қазақ қамқорлығындағы жұрт еді деп жазған.

Қырғыз тарихшысы айтады:

«Тарых боюнча 1526-жылы Касым хандын Тайыр деген баласына кыргыздын карап турганын көрдүк. 1628-жылында казак ханы эңчер бойлуу эр Эшимге кыргыздын карап тургандыгы анык. 1717-жылында калмактан качканга чейин карап турган. Демек кыргыз 1510—1717- жылдарда карап турган. Буга караганда кыргыз 200- жыл чамалуу казакка карап турган деп айтууга мүмкүн болсо керек.»

Қалмақпен соғыс кезінде, қырғыз бен қазақ ажырап қалды. Кейін, қалмақ хандығы жойылғанда, тауға шегініп кеткен қырғыздар Шу өлкесіне түсе бастайды. Қазақпен қақтығысады. Қырғыз тарихшысы бүй дейді:

«…кыргыздын көкүрөгү өсүп, казакты уурдапталап, чоң кордук көрсөтүп тынчын алганда чыдай албастан казактар кенешип, Сары Аркада жаткан Абылай ханды чакырып келүүгө».

Мұның арты өте үлкен соғысқа ұласып, қырғыз есінде «Жайыл қырғыны» деген атпен қалады. Қазаққа бағыныштылығын мойындайды. Жылдар жылжи береді.

– Кенесары хан Ресей империясымен соғыса-соғыса Жетісу жеріне келеді. Әрмен қарай Белек Солтанаевқа сөз берсек:

«Кыргыздар мага илгеркидей баш ийсин, эгерде болбосо күч менен караталы,-деп, 1846-жылы эрте көктөмдө Кененсары элчи жиберген. Кыргыздар кенешип: «Казак, кыргыздын жоосу

болсо биргелешип жоолайлы, өзүбүз эл болуп туралы, чоң кеңешибизди Кененханга салып анын айтканынан чыкпайлы», — деп, чаар атка жолборстун терисин жаап, тартуу кыла жиберген.»

(аудармасы: «Қазақ, қырғыздың жауы бір болса, бірігіп жауға қарсы шығайық, өз алдымызға ел болып тұрайық, үлкен кеңесімізді Кенен ханға салып, оның айтқанынан шықпайық».)

Бұл Хан Кененің билігін мойындау еді. Бірақ, Ресей генералының арандатпа-сыйлығына алданып, Қоқанның айдап салуына еріп, қырғыз тарапы провокация жасайды! Қырғыз тарихшысы жазады:

«Кыргыздын төкөлдөш уругунан Илип деген барып, Кененхандын тогуз кысыр ак чаар байталдарын уурдап келип, семизин союп, арыктарын өткөрүп жиберген. Кененхандын кишиси суроо салып келсе, бөлөк байдын боз балдары мында казактын жылкычысы жок» деп күлүшүп жооп бербеген»…

Осындай тағы бірнеше провокация жасалады. Соғыс болады. Хан Кене тұтқынға түседі.

  Ең соңғы мәселе. Садыр Жапаров — Кенесарының басын қазақтың билері алды,-деген емеурін айтады. Жоқ, ешбір дерек олай айтқан емес. Қырғыздың өз тарихшысы Белек Солтанаев — тұтқындағы Кенесары Ханның басын Калыгул деген қырғыздың кесіп алғанын әрі ханның басын орысқа тапсырып, алтындар алғанын жазады.

«Калыгул абыдан карыган кезде 1899-жылында өлдү. Бул сөздүн баарын 1895-жылында Калыгулдун үйүндө олтуруп элге айтып берип жатканда оозмо-ооз жаздым. Кененсарынын башын алып барганда алган алтын медалдары бар экен. Түштөнүп олтурган элдин өтүнүү боюнча көрсөттү.»

30-ақ мың адам қараған ютубтағы шала-шарпы видеоға білдей ел президентінің назар аударып, оны бөлісуінің мәні неде? Аздап  түсіне алмадым…

 

 

 

Оқылып жатыр

«Жазасыз қалмау керек, бұл —қылмыс»: белгілі журналист әнші Наркенже Серікбаеваны күллі оңтүстікке күйе жақты деп сынады

Корпоративке бармағандардан 256 мың теңге ұсталады: Салықтан жалтарған Айдын Рахымбаевтың BI group компаниясы тағы дауға қалды

Air Astana Таяу Шығысқа рейстерді қайта қалпына келтіруді жоспарлап отыр

Атырауда Мирас Жүгінісов пен Qanay-дың концерті өтпей, шуға ұласты

Ақсудағы дауылдан қаза тапқан әйелдің отбасына қандай көмек көрсетілді

Наркенженің назы: Елді шулатқан әнші сөзінен «секіріп», басшысымен бірікті

Соңғы жазбалар

«Жазасыз қалмау керек, бұл —қылмыс»: белгілі журналист әнші Наркенже Серікбаеваны күллі оңтүстікке күйе жақты деп сынады

24 Маусым, 2025

Корпоративке бармағандардан 256 мың теңге ұсталады: Салықтан жалтарған Айдын Рахымбаевтың BI group компаниясы тағы дауға қалды

24 Маусым, 2025

Air Astana Таяу Шығысқа рейстерді қайта қалпына келтіруді жоспарлап отыр

24 Маусым, 2025

Атырауда Мирас Жүгінісов пен Qanay-дың концерті өтпей, шуға ұласты

24 Маусым, 2025

Ақсудағы дауылдан қаза тапқан әйелдің отбасына қандай көмек көрсетілді

24 Маусым, 2025

Наркенженің назы: Елді шулатқан әнші сөзінен «секіріп», басшысымен бірікті

24 Маусым, 2025

«Ұлын құтқармақ болған»: Алматы облысына баласы мен анасы қатар суға кетті

24 Маусым, 2025

Владимир Зеленский соғыс аяқталғанға дейін президенттіктен кетпейтінін айтты

24 Маусым, 2025

БАҚ: Түркияда төңкеріс жасалмақ болған

24 Маусым, 2025

«Бұл — анық сексизм»: халықаралық ұйым шахматшы Бибісара Асаубаеваның эротикалық фотосын жариялап жіберді

24 Маусым, 2025
Advertisement
Demo
Facebook WhatsApp TikTok Instagram
© 2025 Todayinfo.kz. Designed by Todayinfo.
  • Жарнама
  • Байланыс
  • Сайт туралы

Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.