Close Menu
  • Басты бет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Әлем
  • Экономика
  • Жаңалықтар
  • TodayTV
What's Hot

«Жүкті екенін ешкім білмеген»: Ақтөбе облысында 9-сынып оқушысы босанды

14 Қазан, 2025

«Қоғамдық көлікте жүру ақысы 500 теңгеге жетуі мүмкін бе»: Үкімет атышулы блогердің сөзіне пікір білдірді

14 Қазан, 2025

Ұстаздық ұлағат пен шәкірттік табыс тоғысқан ұя

14 Қазан, 2025
Facebook X (Twitter) Instagram
Trending
  • «Жүкті екенін ешкім білмеген»: Ақтөбе облысында 9-сынып оқушысы босанды
  • «Қоғамдық көлікте жүру ақысы 500 теңгеге жетуі мүмкін бе»: Үкімет атышулы блогердің сөзіне пікір білдірді
  • Ұстаздық ұлағат пен шәкірттік табыс тоғысқан ұя
  • Тоқаев бұрынғы Денсаулық сақтау министрін кеңесшісі етіп тағайындады
  • «Қазақстан «мамбеттерімен» танымал»: Қарағандыда даулы пікір қалдырған кәсіпкердің соты басталды
  • Тоқаев Путинмен телефон арқылы сөйлесті
  • Димаш Құдайберген Мексикада сәбидің тұсауын кесті
  • «Бір палаталы Парламентке көшу халықаралық үрдіске толық сай келеді» – Тоқаев
  • Байланыс
  • Сайт туралы
  • Жарнама
  • Құпиялық саясаты
Facebook Instagram YouTube TikTok
todayinfo.kz ақпараттық порталыtodayinfo.kz ақпараттық порталы
Рус Қаз
Сейсенбі, 14 Қазан
  • Басты бет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Әлем
  • Экономика
  • Жаңалықтар
  • TodayTV
Қаз Рус
todayinfo.kz ақпараттық порталыtodayinfo.kz ақпараттық порталы

Сағындықтың жұмбақ өлімі: Ақжігіт ауылын дүр сілкіндірген іске сот үкімі шықты

14 Тамыз, 2025 Басты тақырып
Сағындық Құрманияз. Марқұмның туыстары ұсынған фото
Share
Facebook Twitter LinkedIn Pinterest Email

Бүгін Маңғыстау аудандық сотында Ақжігіт ауылында болған кәмелетке толмаған жігіттің өліміне қатысты қылмыстық іс бойынша үкім жарияланды. Бұл шешім жәбірленуші тарапты қанағаттандырмады, деп хабарлайды Todayinfo порталы Lada.kz сілтеме жасап.

Сот шешімі туралы Lada.kz сайтына жәбірленуші тараптың өкілі, Маңғыстау облыстық заң кеңесшілері палатасының мүшесі Ажар Әбділ мәлімдеді.

— Сот айыпталушыға орташа қауіпсіздік деңгейіндегі түзеу мекемесінде 10 жыл бас бостандығынан айыру жазасын тағайындады, — деді Ажар Әбділ.

Оның айтуынша, марқұмның отбасы бұл үкіммен келіспейді, себебі олар жазаны қылмыстық топтың барлық мүшесі алуы керек деп санайды.

— Үкімді алғаннан кейін біз Маңғыстау облыстық сотына апелляциялық шағым түсіреміз, — деді ол.

Марқұмның туыстары айыпталушылардың саны көбірек болуы керек деп есептейді.

Қылмыстан кейін көп ұзамай ауыл тұрғындары мектеп оқушыларын қорқытып-үркітіп, ақша жинаумен және өз ауласында шаруашылық жұмыстарын істетуге мәжбүрлеген ұйымдасқан топтың барын айтқан. Туыстарының пайымынша, Сағындық сол топтың құрбаны болған.

Жиырмадан астам отбасы бопсалау деректерін тексеруді сұрап полицияға шағымданған. Алайда прокуратура ондай фактілерді таппаған.

Сағындық Құрманияздың туыстары істі «топтық қылмыс» деп қайта саралап, барлық қатысы бар адамдарды жазалауды талап еткен. Іс сотқа жеткенде жәбірленуші тарап қосымша тергеу жүргізу туралы өтініш түсірген, бірақ сот оны қанағаттандырмады.

— Біз тергеу бұл ұйымдасқан қылмыстық топтың әрбір қатысушысына баға беруі керек деп есептейміз. Әсіресе, ұйымдастырушыны, орындаушыны анықтау қажет еді. Кем дегенде 4 адам бар. Сондай-ақ жәбірленушілер қорқыту, бопсалау, мәжбүрлі жұмыс сияқты жайттарға да тиісті баға берілмегенімен келіспейді, — деді Ажар Әбділ.

Бейнеу ауданы Ақжігіт ауылында 11-сынып оқушысы Сағындық Құрманияз 8 сәуірде күмәнді жағдайда қаза тапты. Туыстарына оның құлап, жарақат алып, соның салдарынан қайтыс болғанын айтқан. Алайда көп ұзамай оның өлтірілгені анықталды.

Сағындық Құрманияз ата-анасының жалғыз баласы болған. Ол химия-биология бағыты бойынша университетке түсуге дайындалып жүрген.

Сот алдында марқұмның 20 жастағы ауылдасы отырды. Ол ҚР ҚК 196-бабы 3-бөлігі («Адам өліміне әкеп соққан қасақана ауыр дене жарақатын салу») бойынша айыпталды.

Сағындық Құрманияз

Оқылып жатыр

«Қарияны зат сияқты лақтырған»: Алматыда Қарттар үйіндегі адамға қызметкер адамшошырлық қатігездік көрсеткен

Иранда су таусылды. Қазақстанда да осындай жағдай қайталануы мүмкін бе?

Қызмет алушылар құқығы басты назарда

БҚО-да жаңа индустриялық кезең басталады: 14 инвестициялық ірі жоба қолға алынды

Жанармай дағдарысының жаңа толқыны: Қазақстан 2022 жылғы қаңтардың жолына түсе ме?

Экобелсенділер дабыл қақты: «Алматыда қоқыс жағу зауытын салу, экологияға төнген қатер»

Соңғы жазбалар

«Жүкті екенін ешкім білмеген»: Ақтөбе облысында 9-сынып оқушысы босанды

14 Қазан, 2025

«Қоғамдық көлікте жүру ақысы 500 теңгеге жетуі мүмкін бе»: Үкімет атышулы блогердің сөзіне пікір білдірді

14 Қазан, 2025

Ұстаздық ұлағат пен шәкірттік табыс тоғысқан ұя

14 Қазан, 2025

Тоқаев бұрынғы Денсаулық сақтау министрін кеңесшісі етіп тағайындады

14 Қазан, 2025

«Қазақстан «мамбеттерімен» танымал»: Қарағандыда даулы пікір қалдырған кәсіпкердің соты басталды

14 Қазан, 2025

Тоқаев Путинмен телефон арқылы сөйлесті

14 Қазан, 2025

Димаш Құдайберген Мексикада сәбидің тұсауын кесті

14 Қазан, 2025

«Бір палаталы Парламентке көшу халықаралық үрдіске толық сай келеді» – Тоқаев

14 Қазан, 2025

«Педагогтарға қолдау қажет»: Аягүл Миразова жуырда тағайындалған министрге кеңес айтты

14 Қазан, 2025

«Қарияны зат сияқты лақтырған»: Алматыда Қарттар үйіндегі адамға қызметкер адамшошырлық қатігездік көрсеткен

14 Қазан, 2025
Facebook X (Twitter) Instagram Pinterest
  • Жарнама
  • Құпиялық саясаты
  • Байланыс
  • Сайт туралы
© 2025 Todayinfo.kz. Designed by Todayinfo.

Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.