Түркістан облысынан шыққан жолаушылар автобусы апатқа түсті. Оқиға республикалық маңызы бар А-2 Қызылорда – Алматы тас жолында, Ынтымақ ауылына жақын маңда болған, деп хабарлайды Todayinfo.
Алдын ала болжам бойынша, апатқа тежегіш жүйесінің істен шығуы себеп болған. Автобуста мектеп оқушылары болған.
«Абырой болғанда, балалардың ешқайсысы зардап шеккен жоқ. Оқиға орнында полиция қызметкерлері жұмыс істеуде. Қазір жол-көлік оқиғасының нақты себептері анықталып жатыр», – делінген ресми хабарламада.
Айта кетейік, бұған дейін, 15 мамыр күні Алматы облысында тағы бір қайғылы жол апаты тіркелген еді. Алматы – Жандосов – Бесмойнақ бағытының 53-шақырымында орын алған апат салдарынан бір отбасы түгел қаза тапты. Полицияның мәліметінше, алдын ала дерек бойынша жеңіл автокөлік жүргізушісі рөлге ие бола алмай, қарсы жолаққа шығып кеткен. Соның салдарынан көлік жол жиегіндегі қоршауға соғылып, кейін аударылған.
Фото: скрин