Close Menu
  • Жарнама
  • Құпиялық саясаты
  • Байланыс
  • Сайт туралы
What's Hot

Арыстық волейболшылар «Ұлттық мектеп лигасында» жүлдегер атанды

21 Мамыр, 2025

Түркістан облысында биыл модульді лагерлер жұмыс істейді

21 Мамыр, 2025

Шардарада экологиялық бағытта жастар слеті өтті

21 Мамыр, 2025
Facebook X (Twitter) Instagram
Trending
  • Арыстық волейболшылар «Ұлттық мектеп лигасында» жүлдегер атанды
  • Түркістан облысында биыл модульді лагерлер жұмыс істейді
  • Шардарада экологиялық бағытта жастар слеті өтті
  • Кентаулық дзюдошылар республикалық турнирде топ жарды
  • Созақта шегірткеге қарсы күрес жұмыстары қарқынды жүріп жатыр
  • Түркістанда жаңа саябақ салынып жатыр
  • Абай облысында терезеден құлаудың алдын алу шараларын жүзеге асыруда
  • Қазақстанда Дженнифер Лопестің екі концерті өтеді
  • Байланыс
  • Сайт туралы
  • Жарнама
  • Құпиялық саясаты
Facebook Instagram YouTube TikTok
todayinfo.kz ақпараттық порталыtodayinfo.kz ақпараттық порталы
Рус Қаз
Сәрсенбі, 21 Мамыр
  • Басты бет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Әлем
  • Экономика
  • Жаңалықтар
  • TodayTV
Rus
todayinfo.kz ақпараттық порталыtodayinfo.kz ақпараттық порталы
Home » Sana Business Forum 2.0: Шағын бизнесті масштабтау мен инновациялар талқыланды

Sana Business Forum 2.0: Шағын бизнесті масштабтау мен инновациялар талқыланды

13 октября, 2024 Экономика
Share
Facebook Twitter LinkedIn Pinterest Email

Алматы қаласында өткен Sana Business Forum 2.0 шарасы кәсіпкерлер мен бизнес-қоғамдастық өкілдерін бір арнаға тоғыстырды. Бұл туралы Todayinfo.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Форумның түстен бұрынғы кезеңінде шағын бизнесті масштабтау, инновациялар енгізу және қызметкерлерді ынталандыру сияқты маңызды тақырыптар көтерілді.

Біз тарих жасап жатырмыз деген Sana Business Forum негізін қалаушы Мақсат Халық “Экономикалық Трендтер және бизнес” тақырыбында баяндама жасады.

“Қазақстан мен әлем экономикасындағы қаржы мәселесі: қазір арзан ақша аяқталып, қымбат ақша көбейіп жатқан кезең” дейді М. Халық.

Панельдік сессия: “Идеядан империяға”

Форумның алғашқы панельдік сессиясы “Идеядан империяға: Шағын бизнесті масштабтаудың сәтті кейстері” тақырыбында өтті. Модераторлықты “Meiman Group” компаниясының басқарма төрағасы, “Degusto coffee” және “Keremet Food” жобаларының авторы, Sana Business Academy құрылтайшысы әрі форумның бас ұйымдастырушысы Әділет Бағдат атқарды.

Спикерлер:

•Болатбек Дәлелханұлы, “Golden Bridge Partners” және “Jana Post” компанияларының негізін қалаушы

•Ерлан Андаспаев — “Coca-Cola” және “Food Master” компанияларының ресми дистрибьюторы.

•Аятжан Ахметжан — “Qazbilim Group” компаниясының басқарма төрағасы.

•Әбдулқасым Сойырқас — “Almaty Turmystyq Tehnika Zavody” және “Dauscher” компанияларының негізін салушы.

Спикерлер өздерінің тәжірибелерімен бөлісіп, шағын бизнесті ірі деңгейге көтерудің тиімді жолдары туралы әңгімеледі.

Инновациялар уақыты: Екінші блок

Форумның екінші блогы инновацияларға арналды. Жаңа идеялар мен технологиялар арқылы бизнесті дамыту мәселелері талқыланды.

•Болатбек Дәлелханұлы, “Golden Bridge Partners” және “Jana Post” компанияларының негізін қалаушы, “Бизнес және қателіктер: Мен құлаған 10 шұңқыр” тақырыбында баяндама жасады. Ол кәсіпкерлік жолындағы қателіктері мен олардан алған сабақтары туралы ашық айтты.

•Айгүл Қуатқызы — HR маманы, “Centras Insurance” сақтандыру компаниясының басқарушы директоры, “TechnoWomen” бірлестігінің мүшесі. Ол “Ақшадан да құнды: Қызметкерлерді шабыттандыратын материалдық емес әдістер” тақырыбында сөз сөйледі. Спикер қызметкерлерді ынталандырудың креативті тәсілдерімен бөлісті.

 

•Арслан Назарали — “Sona Lab” химия өндірісі және “Acvee market” B2B экожүйесінің негізін қалаушы. Оның баяндамасы “Бәсекелестерден бір қадам алда: Sona Lab-тың тиімді бизнес модель құру жолы” тақырыбында болды. Арслан тиімді бизнес модель құрудың құпияларымен бөлісті.

Форумның маңызы

Sana Business Forum 2.0 қазақстандық кәсіпкерлер үшін тәжірибе алмасу, жаңа байланыстар орнату және бизнесті дамыту бағыттарын анықтау алаңы болды. Шараға қатысушылар заманауи трендтер мен инновациялық тәсілдер туралы құнды ақпарат алды.

Sana Business Forum 2.0 Мақсат Халық Әділет Бағдат

Оқылып жатыр

Италия, Қытай және Ресей: Қазақстанның сыртқы саудадағы ең ірі серіктес елдері

«Қазаққа түсім төмендейді»: Өзбекстан мен Қырғызстан жүк тасымалында Қазақстанды айналып өтудің жолын шешті

«ҚазМұнайГаз» басшылары 705 млн теңге сыйақы алған

Күніне 10-15 жүк көлігімен тауар тасымалданады — Қазақстандық кәсіпкер Хоргоста халықаралық сауданың жаңа үлгісін жасап отыр

Мұнай бағасының құбылуы: Қазақстан үшжылдық бюджетті қайта қарауға неге асықпайды?

Трамп Қаржы және Сауда министрлерінің ұсыныстарынан кейін тарифтерді уақытша тоқтатуға шешім қабылдады: Сауда соғысында жаңа бетбұрыс?

Соңғы жазбалар

Арыстық волейболшылар «Ұлттық мектеп лигасында» жүлдегер атанды

21 Мамыр, 2025

Түркістан облысында биыл модульді лагерлер жұмыс істейді

21 Мамыр, 2025

Шардарада экологиялық бағытта жастар слеті өтті

21 Мамыр, 2025

Кентаулық дзюдошылар республикалық турнирде топ жарды

21 Мамыр, 2025

Созақта шегірткеге қарсы күрес жұмыстары қарқынды жүріп жатыр

21 Мамыр, 2025

Түркістанда жаңа саябақ салынып жатыр

21 Мамыр, 2025

Абай облысында терезеден құлаудың алдын алу шараларын жүзеге асыруда

21 Мамыр, 2025

Қазақстанда Дженнифер Лопестің екі концерті өтеді

21 Мамыр, 2025

Алматыда BRT желілерін салу кезінде қайта пайдалануға жатпайтын бүлінген жиектер ғана ауыстырылады

21 Мамыр, 2025

«Қабырғасы пышақталған»: Шерзат Полаттың мәйітіне қатысты сараптама қорытындысы жария етілді

21 Мамыр, 2025
Advertisement
Demo
Facebook WhatsApp TikTok Instagram
© 2025 Todayinfo.kz. Designed by Todayinfo.
  • Жарнама
  • Байланыс
  • Сайт туралы

Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.