Алматы облысының Қарасай ауданында ер адам өзінің әйелін 9 баласының көзінше ұрып-соққаны жайлы видео әлеуметтік желіде тарады. Бейнежазбада 10 жасар ұлы әкесіне жалынып, тоқтауын сұраса, қыздары қорқып, далаға қашып жүргені анық көрінеді,деп хабарлайды Todayinfo.kz порталы.
Оқиғаның нақты уақыты белгісіз, алайда видеоны көрген көршілер мен желі қолданушылары бұл отбасыда тұрмыстық зорлықтың жиі болатынын айтып отыр.
«Бұл отбасыда 9 бала бар. Әйелі шыдаудан шаршағанын айтып жүр. Балалар күн сайын қорқып өмір сүріп жатыр», – дейді көршісі.
Видеоны көрген желі қолданушыларының көпшілігі ер адамның әрекетін қатаң сынға алды. Көпшіліктің пікірі – әйел мен балаға зорлық – кешірілмейтін қылмыс.
«Ұят-ай! Қыздар, күйеуге шығуға асықпаңыздар. Адамды алдымен танып алыңыздар»
«Сирень гүлін жұлсаң 194 мың теңге айыппұл, ал әйел адам сиреньнен де қадірсіз бе?»
«Неге көршілер полиция шақырмайды?»
«Осындай оңбағандардың қолын кесетін заң қашан шығады екен?!»
Алайда кейбір қолданушылар оқиғаға басқа қырынан қарауға тырысты:
«Әйелдің де кінәсі бар шығар, еркекті осындай жағдайға жеткізетін…»
Егер әйел жаман болса, тұрмай-ақ қойсын. Байлап ұстаған ешкім жоқ қой»
Посмотреть эту публикацию в Instagram