Полиция Қарағанды облысы Саран қаласындағы дүкен сатушысына шабуыл жасаған 50 жастағы ер адамды ұстады, деп хабарлайды Todayinfo.kz тілшісі.
22 қаңтарда белгісіз біреу азық-түлік дүкенінің сатушысына пышақпен шабуыл жасады. Әйел алған жарақаттарынан қайтыс болды. Тонаудың жазбасы әлеуметтік желілерде пайда болды. Онда пышақпен азық-түлік дүкеніне басып кірген ер адам бейнеленген. 23 қаңтарда күдіктінің ұсталғаны белгілі болды.
«Қарағанды облысының ПД тергеу тобы Саран қаласының 27 жастағы тұрғынының өліміне қатысты жүргізілген жедел іс-шаралар нәтижесінде күдіктіні ұстады. 50 жастағы ер адам қамауға алынды. Тергеу іс-шаралары жалғасуда», – деп хабарлады Қарағанды облысы ПД баспасөз қызметі.