Close Menu
  • Басты бет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Әлем
  • Экономика
  • Жаңалықтар
  • Аймақ
    • Абай облысы
    • Алматы облысы
    • Алматы қаласы
    • Астана қаласы
    • Атырау облысы
    • Ақмола облысы
    • Ақтөбе облысы
    • БҚО
    • Жамбыл облысы
    • Жетісу облысы
    • Петропавл қаласы
    • Степногорск жаңалықтары
    • Түркістан облысы
    • Түркістан қаласы
    • ШҚО
    • Қарағанды облысы
    • Қызылорда облысы
    • Ұлытау облысы
What's Hot

1 Желтоқсан, 2025

Қазақ футболы қара жамылды: Белгілі бапкер мезгілсіз өмірден озды

1 Желтоқсан, 2025

Аномалды жылылық: Биыл Қазақстанда қыс неге қарсыз басталды?

1 Желтоқсан, 2025
Facebook X (Twitter) Instagram
Trending
  • Қазақ футболы қара жамылды: Белгілі бапкер мезгілсіз өмірден озды
  • Аномалды жылылық: Биыл Қазақстанда қыс неге қарсыз басталды?
  • Ресми ескерту: 35 мың қазақстандықтың шотына шектеу қойылуы мүмкін
  • Bloomberg: Қазақстандық олигарх Түркиядан банк сатып алмақшы
  • Заңгер Ербаян Мұхтардың ісіндегі маңызды жаңалықты айтты
  • Алматының өнеркәсібі жыл басынан бері жоғары өсім көрсетіп келеді
  • «Ордадағы ойран»: танымал басылымның бас редакторын да полиция ұстады
  • Байланыс
  • Сайт туралы
  • Жарнама
  • Құпиялық саясаты
Facebook Instagram YouTube TikTok
todayinfo.kz ақпараттық порталыtodayinfo.kz ақпараттық порталы
Рус Қаз
Дүйсенбі, 1 Желтоқсан
  • Басты бет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Әлем
  • Экономика
  • Жаңалықтар
  • Аймақ
    • Абай облысы
    • Алматы облысы
    • Алматы қаласы
    • Астана қаласы
    • Атырау облысы
    • Ақмола облысы
    • Ақтөбе облысы
    • БҚО
    • Жамбыл облысы
    • Жетісу облысы
    • Петропавл қаласы
    • Степногорск жаңалықтары
    • Түркістан облысы
    • Түркістан қаласы
    • ШҚО
    • Қарағанды облысы
    • Қызылорда облысы
    • Ұлытау облысы
Қаз Рус
todayinfo.kz ақпараттық порталыtodayinfo.kz ақпараттық порталы
Басты бет » Сауран секторында жол, су, аулалар мен жарық жүйесі жаңартылып жатыр

Сауран секторында жол, су, аулалар мен жарық жүйесі жаңартылып жатыр

28 Мамыр, 2025 Түркістан қаласы
Share
Facebook Twitter LinkedIn Pinterest Email

Сауран секторында инфрақұрылымдық жобалар қарқынды жүзеге асырылуда. Бүгін Түркістан қаласының әкімі Әзімбек Пазылбекұлы кезекті көшпелі кездесу аясында Сауран секторының тұрғындарымен жүздесті, деп хабарлайды Todayinfo ақпараттық агенттігі.

Кездесу барысында қала басшысы 2024 жылы тұрғындар тарапынан көтерілген мәселелердің орындалу барысы мен қазіргі уақытта сектор аумағында атқарылып жатқан жұмыстар жөнінде баяндады. Сонымен қатар, алдағы кезеңге жоспарланған жобалармен таныстырып, тұрғындармен ашық пікір алмасып, сауалдарға жауап берді.

Кездесу кезінде тұрғындар тарапынан жол сапасы мен қауіпсіздігі, аулалар мен ойын алаңдарының тазалығы, қоғамдық көлік қатынасы, жарықтандыру және инфрақұрылым сапасына қатысты бірқатар мәселелер көтерілді. Әкім барлық сұрақтарға нақты жауап беріп, тиісті сала басшыларына тапсырмалар жүктеді.

Қазіргі таңда Сауран секторында бірқатар инфрақұрылымдық жобалар кезең-кезеңімен жүзеге асырылуда. Атап айтқанда, А.Жангелдин көшесінде жаңа ойын алаңшасы салынып жатыр. Б.Майлин көшесінің айналма жол бөлігінде шағын архитектуралық формалар (МАФ) орнатылуда. №1 және №2 мөлтек аудандарда аулалық аумақтарды абаттандыру, ойын алаңшаларын жөндеу және жарықтандыру шамдарын ретке келтіру жұмыстары жүргізілуде. Сонымен қатар, О.Жарылқапов көшесінде жол белгілері орнатылып, Әл-Фараби көшесінде жол жөндеу жұмыстары толық аяқталды. Энергетиктер көшесінде аулаішілік абаттандыру жұмыстары басталып кетті.

Сондай-ақ, сектор аумағындағы жаңадан бой көтерген тұрғын үйлерге су жүйелерін тарту және қайта құру бойынша 2-кезең жобасы әзірленіп жатыр. Бұл жобаның құрылыс жұмыстары 2026 жылы басталады деп жоспарланған.

Кездесу соңында қала әкімі тұрғындарды жеке қабылдап, арыз-шағымдарын тыңдады. Айта кетейік, Әзімбек Пазылбекұлының тұрғындармен көшпелі кездесулері жалғасуда. Бүгін, 28 мамыр күні сағат 15:00-де Сандыбаев көшесіндегі №18 мектепте кездесу өтсе, ертең, 29 мамыр күні сағат 10:00-де Мәдени рухани орталықта орналасқан «Ұлы дала орталығы» кешенінде, ал сағат 15:00-де ӘІО-дағы 9-шы көше бойындағы №33 мектепте халықпен жүздесулер жоспарланған.

Оқылып жатыр

Қаржылық қауіпсіздік: Түркістан қаласының әкімі марапатталды

Секторлардағы өзекті мәселелер бойынша жиын өтті

Түркістан қаласындағы «Парасат» саябағы жаңғыртудан өтті

Тұрғын үйлердің қысқы маусымға дайындығы тексерілді

Түркістанда көшені ластаған 8 мың адам жауапкершілікке тартылды

Түркістан қаласында World Cleanup Day аясында сенбілік шарасы өтті

Соңғы жазбалар

1 Желтоқсан, 2025

Қазақ футболы қара жамылды: Белгілі бапкер мезгілсіз өмірден озды

1 Желтоқсан, 2025

Аномалды жылылық: Биыл Қазақстанда қыс неге қарсыз басталды?

1 Желтоқсан, 2025

Ресми ескерту: 35 мың қазақстандықтың шотына шектеу қойылуы мүмкін

1 Желтоқсан, 2025

Bloomberg: Қазақстандық олигарх Түркиядан банк сатып алмақшы

1 Желтоқсан, 2025

Заңгер Ербаян Мұхтардың ісіндегі маңызды жаңалықты айтты

1 Желтоқсан, 2025

Алматының өнеркәсібі жыл басынан бері жоғары өсім көрсетіп келеді

1 Желтоқсан, 2025

«Ордадағы ойран»: танымал басылымның бас редакторын да полиция ұстады

1 Желтоқсан, 2025

1—желтоқсан тұңғыш президент күні: Назарбаев өз дәуіріндегі ерекше күнді еске алатын видео жариялады

1 Желтоқсан, 2025

«Бір топ баланы шекарадан заңсыз алып өтпек болған»: қаптаған қалың қытай қазақ балаларын ұрлауға көшті

1 Желтоқсан, 2025
Facebook WhatsApp TikTok Instagram
© 2025 Todayinfo.kz. Designed by Todayinfo.
  • Жарнама
  • Байланыс
  • Сайт туралы

Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.