Close Menu
  • Жарнама
  • Құпиялық саясаты
  • Байланыс
  • Сайт туралы
What's Hot

«Жазасыз қалмау керек, бұл —қылмыс»: белгілі журналист әнші Наркенже Серікбаеваны күллі оңтүстікке күйе жақты деп сынады

24 Маусым, 2025

Корпоративке бармағандардан 256 мың теңге ұсталады: Салықтан жалтарған Айдын Рахымбаевтың BI group компаниясы тағы дауға қалды

24 Маусым, 2025

Air Astana Таяу Шығысқа рейстерді қайта қалпына келтіруді жоспарлап отыр

24 Маусым, 2025
Facebook X (Twitter) Instagram
Trending
  • «Жазасыз қалмау керек, бұл —қылмыс»: белгілі журналист әнші Наркенже Серікбаеваны күллі оңтүстікке күйе жақты деп сынады
  • Корпоративке бармағандардан 256 мың теңге ұсталады: Салықтан жалтарған Айдын Рахымбаевтың BI group компаниясы тағы дауға қалды
  • Air Astana Таяу Шығысқа рейстерді қайта қалпына келтіруді жоспарлап отыр
  • Атырауда Мирас Жүгінісов пен Qanay-дың концерті өтпей, шуға ұласты
  • Ақсудағы дауылдан қаза тапқан әйелдің отбасына қандай көмек көрсетілді
  • Наркенженің назы: Елді шулатқан әнші сөзінен «секіріп», басшысымен бірікті
  • «Ұлын құтқармақ болған»: Алматы облысына баласы мен анасы қатар суға кетті
  • Владимир Зеленский соғыс аяқталғанға дейін президенттіктен кетпейтінін айтты
  • Байланыс
  • Сайт туралы
  • Жарнама
  • Құпиялық саясаты
Facebook Instagram YouTube TikTok
todayinfo.kz ақпараттық порталыtodayinfo.kz ақпараттық порталы
Рус Қаз
Сәрсенбі, 25 Маусым
  • Басты бет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Әлем
  • Экономика
  • Жаңалықтар
  • TodayTV
Rus
todayinfo.kz ақпараттық порталыtodayinfo.kz ақпараттық порталы
Home » Саяси қуғын-сүргін құрбандарын еске алу күні: Шешілмеген түйін көп

Саяси қуғын-сүргін құрбандарын еске алу күні: Шешілмеген түйін көп

31 Мамыр, 2025 Басты тақырып
Share
Facebook Twitter LinkedIn Pinterest Email

31 мамыр – Қазақстанда саяси қуғын-сүргін құрбандарын еске алу күні. Бұл күні тарихи әділдікті қалпына келтіру үшін талай шаралар атқарылып жатса да, әлі де шешілмеген түйін көп.

Тарихшылар қуғын-сүргін кезеңінің басталуын 1928 жылмен байланыстырады. Бұл кезде Қазақстандағы билікке келген Ф.И. Голощекин «Кіші Қазан» саясатын жүргізіп, зиялы қауым өкілдеріне қатал репрессия бастады. Нәтижесінде 1930-жылдары 103 мың адам қудаланып, оның 25 мыңы ату жазасына кесілді. Сол тұста ұлттың бетке ұстар тұлғалары Әлихан Бөкейханов, Ахмет Байтұрсынов, Мағжан Жұмабаев, Тұрар Рысқұлов, Сәкен Сейфуллин, Ілияс Жансүгіров сынды қайраткерлер жазықсыз құрбан болды.

Репрессияның ауқымы тек қазақ халқымен шектелмеді. 1930-1953 жылдары жалпы Кеңес Одағында 40 миллионнан астам адам қуғынға ұшырады. Қазақстан бұл кезеңде көптеген лагерьлердің орталығына айналып, 5 миллионнан астам адам жер аударылды. Еділ бойынан немістер, Қырым татарлары, Кавказ халықтары, кәріс, әзербайжан, түрік, күрдтер де Қазақстанға күштеп көшірілді. Бүгінде еліміздегі көптеген этнос өкілдері – сол жылдардағы депортацияның ұрпақтары.

Тәуелсіздік алғаннан кейін Қазақстан қуғын-сүргін құрбандарын ақтау ісін белсенді жүргізуде. 1993 жылы арнайы заң қабылданып, 1997 жылы 31 мамыр Саяси қуғын-сүргін құрбандарын еске алу күні болып бекітілді. Әсіресе, 2020 жылы Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасымен құрылған Мемлекеттік комиссия ауқымды жұмыс атқарды. Үш жылдың ішінде 311 мың адам ақталып, жалпы ақталғандар саны 650 мыңнан асты. Сондай-ақ, миллиондаған архив құжаттарынан «құпия» белгісі алынып, зерттеу жұмыстарының нәтижелері көптомдық жинақтарға енгізілді.

Дегенмен, тарихшылар мен депутаттар әлі де толық ақталмаған, әділетті бағасын алмаған жүздеген мың құрбан бар екенін айтуда. Әсіресе, саяси өмірге араласпаса да әлеуметтік мәртебесіне байланысты жазаланған адамдардың ұрпақтары толық ақтауды күтіп отыр.

Бүгінгі таңда Қазақстанда саяси қуғын-сүргін құрбандарының бірыңғай мемлекеттік қоры құрылып, бұл бағыттағы жұмыстар жалғасуда. Тарихтың ақтаңдақ беттерін зерттеу және жазықсыз жандардың есімдерін ақтау арқылы еліміз өткеннің ауыр сабағын ұмытпай, әділет жолында болашаққа қадам басады.

 

Оқылып жатыр

«Тойда жүреді, жұмысқа келмейді»: Әнші Наркенжеге «иіскегім келеді» деген Ерназаров үндеу жасады

Қорқып қаштым: әнші Наркенже Серікбаеваны «иіскеуім керек» деген басшы өзге қыздарды да төсекке тартқан

Иран жеңілді, Израиль үстемдігін паш етті: АҚШ бомбасының күшін сынаған Трамп тағы ұнай жинап әлек

«Алдыма отыр, иіскеймін»: әнші Наркенже Серікбаева көңілдес болмағаны үшін филармония бастығынан қудалау көргенін айтты

Антикор қылмыстық іс ашқан: Судья Қарлығаш Тәткееваға іздеу жарияланды

Діни сенімдерін өзгертуді талап еткен: Шіркеуде болған жарылыстан 15 адам қаза тапты

Соңғы жазбалар

«Жазасыз қалмау керек, бұл —қылмыс»: белгілі журналист әнші Наркенже Серікбаеваны күллі оңтүстікке күйе жақты деп сынады

24 Маусым, 2025

Корпоративке бармағандардан 256 мың теңге ұсталады: Салықтан жалтарған Айдын Рахымбаевтың BI group компаниясы тағы дауға қалды

24 Маусым, 2025

Air Astana Таяу Шығысқа рейстерді қайта қалпына келтіруді жоспарлап отыр

24 Маусым, 2025

Атырауда Мирас Жүгінісов пен Qanay-дың концерті өтпей, шуға ұласты

24 Маусым, 2025

Ақсудағы дауылдан қаза тапқан әйелдің отбасына қандай көмек көрсетілді

24 Маусым, 2025

Наркенженің назы: Елді шулатқан әнші сөзінен «секіріп», басшысымен бірікті

24 Маусым, 2025

«Ұлын құтқармақ болған»: Алматы облысына баласы мен анасы қатар суға кетті

24 Маусым, 2025

Владимир Зеленский соғыс аяқталғанға дейін президенттіктен кетпейтінін айтты

24 Маусым, 2025

БАҚ: Түркияда төңкеріс жасалмақ болған

24 Маусым, 2025

«Бұл — анық сексизм»: халықаралық ұйым шахматшы Бибісара Асаубаеваның эротикалық фотосын жариялап жіберді

24 Маусым, 2025
Advertisement
Demo
Facebook WhatsApp TikTok Instagram
© 2025 Todayinfo.kz. Designed by Todayinfo.
  • Жарнама
  • Байланыс
  • Сайт туралы

Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.