Close Menu
  • Басты бет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Әлем
  • Экономика
  • Жаңалықтар
  • TodayTV
What's Hot

Тұман, дауыл, үсік: Еліміздің бірнеше облысында қолайсыз ауа-райы сақталады

15 Қазан, 2025

«Тоқаевтың тапсырмасын пайдаланған депутат миллиардер атанды»: ШҚО көпір салған компания басшысы қыруар ақшаға қалай кенелді

15 Қазан, 2025

«Тойымсыз шенеунік, тозған тұрғындар»: Қарасай ауданында сібір жарасы көмілген жерлер халыққа сатылған

14 Қазан, 2025
Facebook X (Twitter) Instagram
Trending
  • Тұман, дауыл, үсік: Еліміздің бірнеше облысында қолайсыз ауа-райы сақталады
  • «Тоқаевтың тапсырмасын пайдаланған депутат миллиардер атанды»: ШҚО көпір салған компания басшысы қыруар ақшаға қалай кенелді
  • «Тойымсыз шенеунік, тозған тұрғындар»: Қарасай ауданында сібір жарасы көмілген жерлер халыққа сатылған
  • «Интеллектуалы төмен журналист»: ресейлік пропагандисті жақтап, миллионер еркекке тиген Динара Сәтжан сынға қалды
  • Талғардағы трагедиялардан кейін жаңа прокурор тағайындалды
  • «Жүкті екенін ешкім білмеген»: Ақтөбе облысында 9-сынып оқушысы мектепте босанды
  • «Қоғамдық көлікте жүру ақысы 500 теңгеге жетуі мүмкін бе»: Үкімет атышулы блогердің сөзіне пікір білдірді
  • Ұстаздық ұлағат пен шәкірттік табыс тоғысқан ұя
  • Байланыс
  • Сайт туралы
  • Жарнама
  • Құпиялық саясаты
Facebook Instagram YouTube TikTok
todayinfo.kz ақпараттық порталыtodayinfo.kz ақпараттық порталы
Рус Қаз
Сәрсенбі, 15 Қазан
  • Басты бет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Әлем
  • Экономика
  • Жаңалықтар
  • TodayTV
Қаз Рус
todayinfo.kz ақпараттық порталыtodayinfo.kz ақпараттық порталы

«Себепсіз қамауға алынды»: адвокат Хутиев ісінің заңсыздықтарын тізіп шықты

25 Шілде, 2025 Жаңалықтар
Share
Facebook Twitter LinkedIn Pinterest Email

Алматыда даулы қылмыстық істің айналасында шу күшейіп барады. Жер телімін жалған құжатпен сатқан деген күдікпен қамауға алынған Хутиев Р.М.-нің қорғаушылары бұл істің қолдан құрастырылғанын айтып, қоғам назарын аударуға тырысып жатыр.

Адвокат Бейбітжан Сайлауұлының айтуынша, Хутиев 2024 жылдың көктемінде сырттай күдікті деп танылып, артынша оған іздеу жарияланған. Бірақ бұл уақытта Хутиев Астанада ашық жүрген.

«Екі рет полицияға өзі барып, тергеушілерге жауап берді. Мекенжайы белгілі болғанына қарамастан, оны ‘жасырынып жүр’ деп көрсеткен. Бұл – деректерді әдейі бұрмалау», – дейді адвокат.

Бұдан бөлек, қорғаушылар Хутиевке ешқандай ресми шақырту жіберілмегенін, тіпті ұсталған сәттен бері тек бір рет – 2024 жылдың қарашасында ғана жауап алынғанын атап өтеді. Қалған уақытта тергеу әрекеттері мүлде жүргізілмеген. Істегі басты айып – Баймағамбетова Д. есімді әйелдің жауабына негізделген. Бірақ оның бұрын психиатриялық есепте тұрғаны анықталған.

Кейін Бас прокуратураға арыз жазып, «Хутиевке қарсы көрсетпелерді қысыммен бердім» деп мәлімдеген. «Оған тергеуші фотоны көрсетіп, ‘осы адамды айт’ деп мәжбүрлеген. Бұл факт сараптамамен дәлелденді», – дейді Бейбітжан Сайлауұлы.

Адвокаттың айтуынша, істің басқа фигуранттары – Умурзаков, Аушатов, Ибрайғалиев, Чагиров сынды азаматтар Хутиевті танымайтынын айтқан. Тергеу хаттамаларында бұл нақты жазылған. Ал НСД-2 және НСД-3 арқылы жүргізілген талдау Хутиев пен жәбірленуші тараптың немесе басқа күдіктілердің арасында байланыс болмағанын көрсеткен. Бұдан өзге, Хутиев қамауға алынғаннан кейін әдейі сол күдіктілермен бір камераға отырғызылған. «Бұл – заңға қайшы. Бір істегі күдіктілер бір камерада болмауы керек. Бұл әрекеттің мақсаты – психологиялық қысым арқылы мойындату», – дейді қорғаушы.

Қысым мұнымен шектелмеген. Адвокаттар Хутиевтің туыстарына да тергеу органдары қысым көрсеткенін мәлімдеді. Бірінің үйінде қару сақтау фактісі бойынша, екіншісінде – бұрын жабылған істі қайта ашу арқылы тінту жүргізілген.

«Бұл іс бойынша бейтараптықтан күмәндануға толық негіз бар», – дейді Сайлауұлы.

Сондай-ақ адвокат күдікті жағдайларды атап өтті: «Күзембаева жерінің ‘жоғалғанын’ 5 ай бойы білдіртпеген. Ол мұғалім болған. Бірақ оның атына тіркелген коммерциялық нысандардың саны мен 200 миллион теңгелік жер учаскесі – қоғамда сұрақ туғызатын факт».

Тағы бір даулы тұс – құжаттардың нотариуста рәсімделуі. «Құжаттардың түпнұсқасы нотариусқа тапсырылған. Бірақ тергеу бұл құжаттар қолдан жасалмағанын мойындаса да, Хутиевке жапсыруға тырысып отыр», – дейді адвокат.

Бейбітжан Сайлауұлының айтуынша, осыған дейін Бас прокуратура, ІІМ, Президент әкімшілігіне бірнеше рет шағым жолданғанымен, олардың бәрі кері қайтарылып, іс қайтадан сол заңбұзушылыққа жол берген тергеу органына жіберілген.

«Хутиев – бұл жүйеде ‘кінәліні табу керек’ деген ұстанымның құрбаны. Біз тек әділдік талап етеміз. Іс қайта қаралуы керек. Бұл – қоғам назарынан тыс қалмауы тиіс оқиға», – деп түйді адвокат.

адвокат Сот Хутиев

Оқылып жатыр

Тұман, дауыл, үсік: Еліміздің бірнеше облысында қолайсыз ауа-райы сақталады

«Тоқаевтың тапсырмасын пайдаланған депутат миллиардер атанды»: ШҚО көпір салған компания басшысы қыруар ақшаға қалай кенелді

«Тойымсыз шенеунік, тозған тұрғындар»: Қарасай ауданында сібір жарасы көмілген жерлер халыққа сатылған

«Интеллектуалы төмен журналист»: ресейлік пропагандисті жақтап, миллионер еркекке тиген Динара Сәтжан сынға қалды

Талғардағы трагедиялардан кейін жаңа прокурор тағайындалды

«Жүкті екенін ешкім білмеген»: Ақтөбе облысында 9-сынып оқушысы мектепте босанды

Соңғы жазбалар

Тұман, дауыл, үсік: Еліміздің бірнеше облысында қолайсыз ауа-райы сақталады

15 Қазан, 2025

«Тоқаевтың тапсырмасын пайдаланған депутат миллиардер атанды»: ШҚО көпір салған компания басшысы қыруар ақшаға қалай кенелді

15 Қазан, 2025

«Тойымсыз шенеунік, тозған тұрғындар»: Қарасай ауданында сібір жарасы көмілген жерлер халыққа сатылған

14 Қазан, 2025

«Интеллектуалы төмен журналист»: ресейлік пропагандисті жақтап, миллионер еркекке тиген Динара Сәтжан сынға қалды

14 Қазан, 2025

Талғардағы трагедиялардан кейін жаңа прокурор тағайындалды

14 Қазан, 2025

«Жүкті екенін ешкім білмеген»: Ақтөбе облысында 9-сынып оқушысы мектепте босанды

14 Қазан, 2025

«Қоғамдық көлікте жүру ақысы 500 теңгеге жетуі мүмкін бе»: Үкімет атышулы блогердің сөзіне пікір білдірді

14 Қазан, 2025

Ұстаздық ұлағат пен шәкірттік табыс тоғысқан ұя

14 Қазан, 2025

Тоқаев бұрынғы Денсаулық сақтау министрін кеңесшісі етіп тағайындады

14 Қазан, 2025

«Қазақстан «мамбеттерімен» танымал»: Қарағандыда даулы пікір қалдырған кәсіпкердің соты басталды

14 Қазан, 2025
Facebook X (Twitter) Instagram Pinterest
  • Жарнама
  • Құпиялық саясаты
  • Байланыс
  • Сайт туралы
© 2025 Todayinfo.kz. Designed by Todayinfo.

Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.