Фото: proza
Өткен жылы жер шарында адам саны 71 миллионға көбейген, деп хабарлайды Todayinfo.
АҚШ санақ Бюросының бағалауы бойынша, қаңтар айында планетада әр секунд сайын 4 адам туып, 2 адам өліп отырған. Планетаның халқы 2024 жылы 71 миллионнан астам адамға өсті және 2025 жылдың 1 қаңтарына қарай жер шарындағы адам саны 8,09 миллиардқа жетеді. Мұндай бағалауды дүйсенбіде АҚШ санақ Бюросы жариялады. Халық санының өсуі 2023 жылмен салыстырғанда біршама баяулады, ол кезде75 миллион адамды құраған.
2025 жылдың қаңтарында әлемде секундына 4,2 адам туылып, 2 адам өледі деп күтілуде.
2024 жылы АҚШ халқы 2,6 миллион адамға өсті және 1 қаңтарда 341 миллион адамды құрайды.
2025 жылдың қаңтарынан бастап АҚШ-та әр 9 секунд сайын бір адам туылады, ал 9,4 секунд сайын бір адам өледі деп күтілуде.