Close Menu
  • Басты бет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Әлем
  • Экономика
  • Жаңалықтар
  • Аймақ
    • Абай облысы
    • Алматы облысы
    • Алматы қаласы
    • Астана қаласы
    • Атырау облысы
    • Ақмола облысы
    • Ақтөбе облысы
    • БҚО
    • Жамбыл облысы
    • Жетісу облысы
    • Петропавл қаласы
    • Степногорск жаңалықтары
    • Түркістан облысы
    • Түркістан қаласы
    • ШҚО
    • Қарағанды облысы
    • Қызылорда облысы
    • Ұлытау облысы
What's Hot

Orda-ның офисіндегі ойран: Бас редактор Гүлнар Бажкенованың үйі мен редакциясына тінту жүргізілді

1 Желтоқсан, 2025

Тоқаев Аида Балаеваны тағы бір қызметке тағайындады

1 Желтоқсан, 2025

«Қайраттың» бұрынғы бас бапкері Кирилл Кекер өмірден өтті

1 Желтоқсан, 2025
Facebook X (Twitter) Instagram
Trending
  • Orda-ның офисіндегі ойран: Бас редактор Гүлнар Бажкенованың үйі мен редакциясына тінту жүргізілді
  • Тоқаев Аида Балаеваны тағы бір қызметке тағайындады
  • «Қайраттың» бұрынғы бас бапкері Кирилл Кекер өмірден өтті
  • «Нығматуллиндер кланы әлі күнге дейін ықпалды»: Әсет Матаев Президентке үндеу жасады
  • «Өтірік сөздеріне сенбеңіздер!»: Қабатовтың тоқалы елге үндеу жасады
  • 1 желтоқсаннан бастап елде не өзгереді?
  • Әскерден жындыханаға: Маңғыстаудағы 18 жастағы сарбаздың ісі ушықты
  • Бангкокты бағындырды: Қазақстандық жас шахматшылар Азиядан 5 алтын әкелді
  • Байланыс
  • Сайт туралы
  • Жарнама
  • Құпиялық саясаты
Facebook Instagram YouTube TikTok
todayinfo.kz ақпараттық порталыtodayinfo.kz ақпараттық порталы
Рус Қаз
Дүйсенбі, 1 Желтоқсан
  • Басты бет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Әлем
  • Экономика
  • Жаңалықтар
  • Аймақ
    • Абай облысы
    • Алматы облысы
    • Алматы қаласы
    • Астана қаласы
    • Атырау облысы
    • Ақмола облысы
    • Ақтөбе облысы
    • БҚО
    • Жамбыл облысы
    • Жетісу облысы
    • Петропавл қаласы
    • Степногорск жаңалықтары
    • Түркістан облысы
    • Түркістан қаласы
    • ШҚО
    • Қарағанды облысы
    • Қызылорда облысы
    • Ұлытау облысы
Қаз Рус
todayinfo.kz ақпараттық порталыtodayinfo.kz ақпараттық порталы
Басты бет » Семей қаласында 600 орындық жаңа мектеп ашылды

Семей қаласында 600 орындық жаңа мектеп ашылды

1 Қыркүйек, 2025 Абай облысы
Share
Facebook Twitter LinkedIn Pinterest Email

Бүгін Семейдегі Водный кентінде «Келешек мектептері» жобасы аясында 600 орындық жаңа мектеп пайдалануға берілді. Нысанның ашылу салтанатына облыс әкімі Берік Уәли, Қазақстанның Еңбек Ері, ұлағатты ұстаз Алма Шүкіжанова қатысты, деп хабарлайды Todayinfo.kz ақпарат агенттігі.

Водный кентінің балалары енді еңселі де заманауи ғимаратта білім алады. Бұл – «Келешек мектептері» жобасы шеңберінде бой көтерген Семей қаласындағы екінші, ал Абай облысы бойынша үшінші мектеп.

Үш қабатты мектепте 28 оқу кабинеті, физика, химия, биология, робототехника, графика және модельдеу бөлмелері, ағаш және металл өңдеу, тігін және кулинария шеберханалары бар. Сонымен қатар акт залы, асхана, 7 зертхана, кітапхана, оқу залы мен коворкинг аймақтары қарастырылған. Аулада футбол, волейбол, баскетбол алаңдары, жүгіру жолақтары мен спорт залы бар.

Мектеп бір ауысымда, мемлекеттік тілде білім береді. 1-11 сынып аралығында 22 сынып-комплект және 1 мектепалды даярлық сынып ашылады.

Салтанатты шараға қатысқан аймақ басшысы ұстаздар мен ата-аналарды, оқушыларды айтулы оқиғамен құттықтады.

«Елімізде Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың бастамасымен жүзеге асып жатқан «Келешек мектептері» ұлттық жобасы аясында көптеген жаңа оқу орындары салынып жатыр. Біздің өңірімізде де бірнешеуі бой көтерді. Осындай келелі бастамалар арқылы балаларға қолайлы, қауіпсіз, заманауи білім беру ортасын қалыптастыруға бағытталған жүйелі қадамды көруге болады. Соның айқын көрінісі – бүгін Семей қаласының Водный кентінде бой көтерген 600 орындық жаңа мектеп. Бұл – ұстаздың арманын, ата-ананың сенімін, баланың үмітін тоғыстырған ортақ қуаныш. Бүгінгі ашылған мектеп – болашаққа деген сенімнің символы. Баршаңызды жаңа оқу жылының басталуымен шын жүректен құттықтаймын», – деді облыс әкімі. 

Аймақ басшысы мектептің сыныптарын, асхана, спорт залды көріп, оқушылармен, мұғалімдермен пікірлесті.

«Водный кентінде мұндай заманауи мектеп болмаған. Тұрғындар ұзақ жыл бойы күтті. Өте қуаныштымыз. Барлық тұрғындардың атынан шын жүректен алғыс айтамыз. Мектебіміз үлкен білім ордасы болсын. Түлеп ұшқан шәкірттеріміз елдің мақтанышына айналсын», – деді Водный кентінің тұрғыны Совет Тоғызбаев.

Қазіргі уақытта облыста «Келешек мектептері» ұлттық жобасы аясында екі мектеп салынып жатыр. Аягөз қаласындағы 600 орындық мектеп 2-інші тоқсанда пайдалануға берілмек. Семейдің Шығыс кентінде 300 орындық мектептің құрылысы жүргізілуде. Жалпы облыстағы 8200 орын тапшылығының 31 пайызы осы жобамен салынып жатқан 5 мектеп есебінен шешілмек. Қалған тапшылықты жою үшін республикалық бюджет есебінен алдағы үш жылда 11 мектеп салу жоспарланған. 

Апатты жағдайда деп танылған үш мектептің мәселесі де кезең-кезеңімен шешіліп келеді. Жарма ауданының Суықбұлақ ауылында 100 орындық жаңа мектептің құрылысы басталды. Ақсуат ауданындағы Екпін ауылында 300 орындық мектептің құрылысы басталады. Семейдегі №11 мектептің орнына жаңа мектеп салуға құжат әзірленіп жатыр.

Абай облысында 304 мектеп бар. Білім ошақтарында 101 мыңнан астам бала білім алады. 12 мыңнан астам ұстаз еңбек етеді. Биыл 10 мыңнан аса бүлдіршін алғаш рет 1-сыныпқа барады. 

Фото: Абай облысының баспасөз қызметі

Оқылып жатыр

Абай облысында «Абай салбурыны – 2025» республикалық құсбегілер турнирі өтті

Абай облысында қатты тұрмыстық қалдықтар полигонының құрылысы басталды

Ақсуаттағы ағайынға жақсы жаңалық: Абай облысында жаңа спорт нысандары салынып жатыр

Мақаншы ауданында жаңа медициналық-фельдшерлік пункт ашылды

Абай облысында пайдаланылмайтын ауыл шаруашылығы жерлері мемлекет меншігіне мерзімінен бұрын қайтарылды

Абай облысында ауыл шаруашылығы еңбеккерлеріне құрмет көрсетілді

Соңғы жазбалар

Orda-ның офисіндегі ойран: Бас редактор Гүлнар Бажкенованың үйі мен редакциясына тінту жүргізілді

1 Желтоқсан, 2025

Тоқаев Аида Балаеваны тағы бір қызметке тағайындады

1 Желтоқсан, 2025

«Қайраттың» бұрынғы бас бапкері Кирилл Кекер өмірден өтті

1 Желтоқсан, 2025

«Нығматуллиндер кланы әлі күнге дейін ықпалды»: Әсет Матаев Президентке үндеу жасады

1 Желтоқсан, 2025

«Өтірік сөздеріне сенбеңіздер!»: Қабатовтың тоқалы елге үндеу жасады

1 Желтоқсан, 2025

1 желтоқсаннан бастап елде не өзгереді?

1 Желтоқсан, 2025

Әскерден жындыханаға: Маңғыстаудағы 18 жастағы сарбаздың ісі ушықты

30 Қараша, 2025

Бангкокты бағындырды: Қазақстандық жас шахматшылар Азиядан 5 алтын әкелді

30 Қараша, 2025

Доллар, базалық мөлшерлеме және инфляция: 2025 жылдың желтоқсанында қаржыны қалай сақтау керек? Экономистер болжамы мен тереңдетілген сараптама

30 Қараша, 2025

Желтоқсандағы демалыс: Тәуелсіздік күні қалай демаламыз және 2026 жылғы өзгерістер

30 Қараша, 2025
Facebook WhatsApp TikTok Instagram
© 2025 Todayinfo.kz. Designed by Todayinfo.
  • Жарнама
  • Байланыс
  • Сайт туралы

Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.