Фото: видео скриншот
Абай облысы, Семей қаласындағы түзеу мекемесінде сотталған Абулгазинов Сұлтанның өлімінен кейін үлкен жанжал шықты, деп хабарлайды Todayinfo.kz ақпарат агенттігі.
Марқұмның туыстары мен өзге де сотталғандардың жақындары түрме әкімшілігінің әрекетсіздігі мен әрекеттері адамдарды шарасыз күйге түсіріп, шектен тыс қадамдарға итермелеп отырғанын айтады.
Олардың айтуынша, мекеме әкімшілігі жағдайға немқұрайлы қарап, нақты жауап бермей келеді. Соның салдарынан кейбір азаматтар наразылық ретінде өзін өртеу сынды экстремалды әрекеттерге баруға дайын екендерін мәлімдеген.
Туыстар түрме ішіндегі жағдайға қатысты толық тергеу жүргізіліп, кінәлілер жауапқа тартылуын талап етуде.

