Close Menu
  • Басты бет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Әлем
  • Экономика
  • Жаңалықтар
  • Аймақ
    • Абай облысы
    • Алматы облысы
    • Алматы қаласы
    • Астана қаласы
    • Атырау облысы
    • Ақмола облысы
    • Ақтөбе облысы
    • БҚО
    • Жамбыл облысы
    • Жетісу облысы
    • Петропавл қаласы
    • Степногорск жаңалықтары
    • Түркістан облысы
    • Түркістан қаласы
    • ШҚО
    • Қарағанды облысы
    • Қызылорда облысы
    • Ұлытау облысы
What's Hot

Жамбыл облысында әлеуметтік қолдау мен жұмыспен қамту көрсеткіштері жақсарды

1 Желтоқсан, 2025

Жаңа көпір, жаңа жолдар, жаңа автобустар: Тараз дамудың жаңа кезеңінде

1 Желтоқсан, 2025

Петропавлда мектеп асханасынан құрт-құмырсқа табылды

1 Желтоқсан, 2025
Facebook X (Twitter) Instagram
Trending
  • Жамбыл облысында әлеуметтік қолдау мен жұмыспен қамту көрсеткіштері жақсарды
  • Жаңа көпір, жаңа жолдар, жаңа автобустар: Тараз дамудың жаңа кезеңінде
  • Петропавлда мектеп асханасынан құрт-құмырсқа табылды
  • «Балалы болсаң көлік пен пәтер береміз дегендер құттықтауға жараған жоқ»: Елдос Колобек сөзінде тұрмағандарға ренжіді
  • Orda-ның офисіндегі ойран: Бас редактор Гүлнар Бажкенованың үйі мен редакциясына тінту жүргізілді
  • Тоқаев Аида Балаеваны тағы бір қызметке тағайындады
  • «Қайраттың» бұрынғы бас бапкері Кирилл Кекер өмірден өтті
  • «Нығматуллиндер кланы әлі күнге дейін ықпалды»: Әсет Матаев Президентке үндеу жасады
  • Байланыс
  • Сайт туралы
  • Жарнама
  • Құпиялық саясаты
Facebook Instagram YouTube TikTok
todayinfo.kz ақпараттық порталыtodayinfo.kz ақпараттық порталы
Рус Қаз
Дүйсенбі, 1 Желтоқсан
  • Басты бет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Әлем
  • Экономика
  • Жаңалықтар
  • Аймақ
    • Абай облысы
    • Алматы облысы
    • Алматы қаласы
    • Астана қаласы
    • Атырау облысы
    • Ақмола облысы
    • Ақтөбе облысы
    • БҚО
    • Жамбыл облысы
    • Жетісу облысы
    • Петропавл қаласы
    • Степногорск жаңалықтары
    • Түркістан облысы
    • Түркістан қаласы
    • ШҚО
    • Қарағанды облысы
    • Қызылорда облысы
    • Ұлытау облысы
Қаз Рус
todayinfo.kz ақпараттық порталыtodayinfo.kz ақпараттық порталы
Басты бет » Семейде Маңғыстау облысы Достық үйінің құрылысын бастады

Семейде Маңғыстау облысы Достық үйінің құрылысын бастады

9 Тамыз, 2025 Абай облысы
Share
Facebook Twitter LinkedIn Pinterest Email

Абай облысында Абайдың 180 жылдығына орай Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың қолдауымен «Абайға құрмет» акциясы басталған болатын. Бүгін ақын мерейтойына арналған онкүндіктің тоғызыншы күнінде акция аясындағы алғашқы нысанның құрылысы басталды. Маңғыстау облысы Семей қаласына Достық үйін салып бермек, деп хабарлайды Todayinfo ақпараттық агенттігі.

Нысанның іргетасын қалау рәсіміне облыс әкімі Берік Уәли, Маңғыстау облысының әкімі Нұрдәулет Қилыбаев бастаған делегация қатысты.
Жаңа нысан 75 мың тұрғынға арналған «Semey Smart City» шағын ауданында бой көтереді. Этномәдени бірлестіктер мен қоғамдық ұйымдардың басын қосатын, 3 қабатты көпфункционалды мәдени кешен бірнеше функционалдық блоктан тұрады. Кітапхана, қолданбалы өнер мұражайы, фотозертхана, көркемөнер және қалпына келтіру шеберханалары, кинозал, конференция залдары қарастырылатын болады.

Аймақ басшысы ғимараттың іргетасын қалау рәсімінде Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың бастамасын алғаш болып қолдаған Маңғыстау облысының халқына алғысын жеткізді.

«Бүгін «Абайға құрмет» акциясы аясында Маңғыстау облысының өңірімізге сыйлығы Достық үйінің іргетасын қалағалы отырмыз. «Достық» үйі символикалық мәні өте зор, екі аймақтың достығын білдіретін ғимарат болмақ. Бүгінгі игі шара еліміздің қос қиырының бірлігі мен ұлттық бірегейлігінің жарқын көрінісі деп білемін. Маңғыстау мен Абай облысы батыс пен шығыс шекарада жатқан шалғай аймақ болса да, ниеті ортақ, тілеуі бір екенін бүкіл Алаш жұртына көрсетті. Маңғыстау облысы азаматтарының елдің сәлемін алып, Абай тойының үстінде құрылысты бастауы үлкен құрметке лайық», — деді аймақ басшысы.

Маңғыстау облысы делегациясының атынан мемлекеттік қызмет саласының ардагері, Маңғыстау облысының Құрметті азаматы Даржок Сейбағытов сөз сөйледі.

«Ұлы Абайдың 180 жылдық мерейтойы құтты болсын! Бүгінгі шара – болашақтың шарасы. Болашақ бүгіннен басталады. Бүгін міне шағын қаланың іргетасы қаланғалы тұр. Менің ойымша, бұл бастаманы Маңғыстау ғана емес, Қазақстанның басқа аймақтары да қолдайды деп ойлаймын»,- деді ол.

Ғимараттың іргетасын қалау рәсімінде Қоғамдық келісім орталығы-облыстық үйінің директоры Надежда Шарова мен Абай облысы Қазақстан Халқы Ассамблеясы ғылыми сараптамалық тобының төрағасы Айрат Базенов Маңғыстау жұртшылығына өңір тұрғындары атынан алғыс айтты.

Сондай-ақ, «Абайға құрмет» акциясы аясында Шымкент қаласы шығармашылық орталығын, Түркістан облысы көрме орталығын, Астана қаласы келешек мектебін, Ақтөбе облысы жекпе жек орталығын, Павлодар облысы Үстел теннисі орталығын салуды, Шығыс Қазақстан облысы Ертіс жағалауын абаттандыруды жоспарлап отыр.

Оқылып жатыр

Абай облысында «Абай салбурыны – 2025» республикалық құсбегілер турнирі өтті

Абай облысында қатты тұрмыстық қалдықтар полигонының құрылысы басталды

Ақсуаттағы ағайынға жақсы жаңалық: Абай облысында жаңа спорт нысандары салынып жатыр

Мақаншы ауданында жаңа медициналық-фельдшерлік пункт ашылды

Абай облысында пайдаланылмайтын ауыл шаруашылығы жерлері мемлекет меншігіне мерзімінен бұрын қайтарылды

Абай облысында ауыл шаруашылығы еңбеккерлеріне құрмет көрсетілді

Соңғы жазбалар

Жамбыл облысында әлеуметтік қолдау мен жұмыспен қамту көрсеткіштері жақсарды

1 Желтоқсан, 2025

Жаңа көпір, жаңа жолдар, жаңа автобустар: Тараз дамудың жаңа кезеңінде

1 Желтоқсан, 2025

Петропавлда мектеп асханасынан құрт-құмырсқа табылды

1 Желтоқсан, 2025

«Балалы болсаң көлік пен пәтер береміз дегендер құттықтауға жараған жоқ»: Елдос Колобек сөзінде тұрмағандарға ренжіді

1 Желтоқсан, 2025

Orda-ның офисіндегі ойран: Бас редактор Гүлнар Бажкенованың үйі мен редакциясына тінту жүргізілді

1 Желтоқсан, 2025

Тоқаев Аида Балаеваны тағы бір қызметке тағайындады

1 Желтоқсан, 2025

«Қайраттың» бұрынғы бас бапкері Кирилл Кекер өмірден өтті

1 Желтоқсан, 2025

«Нығматуллиндер кланы әлі күнге дейін ықпалды»: Әсет Матаев Президентке үндеу жасады

1 Желтоқсан, 2025

«Өтірік сөздеріне сенбеңіздер!»: Қабатовтың тоқалы елге үндеу жасады

1 Желтоқсан, 2025

1 желтоқсаннан бастап елде не өзгереді?

1 Желтоқсан, 2025
Facebook WhatsApp TikTok Instagram
© 2025 Todayinfo.kz. Designed by Todayinfo.
  • Жарнама
  • Байланыс
  • Сайт туралы

Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.