Ұлттық құраманың бұрынғы жаттықтырушысы Тұрсынғали Еділов Париж Олимпиадасында жүрген боксшыларды сынға алды. Бапкердің пікірінше, боксшыларды ауыстыратын уақыт болды.
– Бұл жерде біз жоғалтып алдық. Біз тек бас бапкерге сенеміз (Мырзағали Айтжановқа). Жеті адам – Сәкенді, Сабырханды алмайды ешқашан. Қоңқабаевтың орнына кім бар? Ешкім жоқ. Шыңбергеновтың орнына кім барады – ешкім жоқ. Бір-екі… Токио Олимпиадасынан бастап біз дабыл қауға керек болатын. Ауыстыру керек еді. Қоңқабаев не керек? Құлап жүр. Жалолов нокаутқа түсірген адам оны ұтып алды, – дейді ол.
Тұрсынғали Еділов “тойып алсаң қалай қимылдау керектігін ұмытасың, аш болуың керек” дейді.
– Қазір семіріп алған. Мәселе онда емес. Алсын, бірақ подводка – балаларды қалай келтіру деген. Соншама жиынмен болмайды. 16 жыл бойы құрама командада жүр. Әрине, оларға қалай айтсақ?! – дейді ол.
Тұрсынғали Еділов өзбек боксшысы Хасанбой Дусматовпен шыққан Сәкен Бибосынов жеңілді деп есептейді. Бибосыновтың соңғы раундта үш-төрт соққы алып қалғанын айтып, жеңілісіне сол себеп болды дейді. “Сәкен жеңді” деген сөз далбаса дейді.