Фото: Өзгеріс инфо
Белгілі журналист Дінмұхамед Қонаевтың саяси мұрасын бағалай отырып, оның Кеңес Одағының адамы болғанын және кейбір шешімдерімен келіспейтінін айтты, деп хабарлайды Тodayinfo ақпараттық порталы.
«Мен үшін Қонаев әппақ адам емес. Қонаев — коммунист. Оны кім қалай түсінеді? Қонаев — Кеңес адамы. Дегенмен, республиканың мүддесі үшін қызмет еткен тұлға. Бірақ мен келіспейтін кей шешімдер бар», — деді Әлия Әшім.
Журналистің сөзіне көпшілік қарсы шығып, оны сынап тастаған.
«Сен оған баға беретін кімсің? Сол кезде коммунист болмай енді кім болатын еді?», — деп жазды олар.