Close Menu
  • Басты бет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Әлем
  • Экономика
  • Жаңалықтар
  • TodayTV
What's Hot

2025 жылғы «Алтын Доп» иегері анықталды

23 Қыркүйек, 2025

Тоқаев Зеленскиймен кездесті

23 Қыркүйек, 2025

Қазақстаннан Ресейге 34 дрон алып өтпек болған «Газель» ұсталды

22 Қыркүйек, 2025
Facebook X (Twitter) Instagram
Trending
  • 2025 жылғы «Алтын Доп» иегері анықталды
  • Тоқаев Зеленскиймен кездесті
  • Қазақстаннан Ресейге 34 дрон алып өтпек болған «Газель» ұсталды
  • Қасым-Жомарт Тоқаев Дональд Трамппен сөйлесті
  • ҚТЖ жеке фирмалардың жұмысын тежегені үшін 1,42 млрд теңге айыппұл төледі
  • «Күйеуін әлі жақсы көреді»: Ел алдында еңіреп жылаған Мөлдір Мұқанды халық аяп кетті
  • Бас прокуратура Назарбаевтың ұлымен соттасып жатыр
  • Қазақстанда ҰБТ жүйесі өзгертілмек
  • Байланыс
  • Сайт туралы
  • Жарнама
  • Құпиялық саясаты
Facebook Instagram YouTube TikTok
todayinfo.kz ақпараттық порталыtodayinfo.kz ақпараттық порталы
Рус Қаз
Сейсенбі, 23 Қыркүйек
  • Басты бет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Әлем
  • Экономика
  • Жаңалықтар
  • TodayTV
Қаз Рус
todayinfo.kz ақпараттық порталыtodayinfo.kz ақпараттық порталы

Сердәлі Бекжігіт Кенжебекұлы “Құрмет” орденімен марапатталды

25 октября, 2024 Түркістан қаласы
Share
Facebook Twitter LinkedIn Pinterest Email

Республика күні мерекесі қарсаңында Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығымен белгілі ғалымдар, мәдениет және әдебиет қайраткерлері, өндірістік сала өкілдерінің еңбектері «Құрмет» орденімен бағаланды. Олардың қатарында журналист, ғалым, композитор, Түркістан қаласындағы Қожа Ахмет Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрiк университетiнің профессоры Сердәлі Бекжігіт Кенжебекұлы да бар, — деп хабарлайды todayinfo.kz ақпараттық порталы.
Бекжігіт Сердәлі есімі тек түстік жұртына ғана емес күллі Қазақ халықына жақсы таныс. Өйткені, Бекжігіт Кенжебекұлы тек сазгерлік пен ғана емес ұстаз әрі қаламы қарымды журналист. Бүгінде сазгер қиялынан туған «Жас жұбайлар», «Түркістаным Тұраным», «Неге? Неге?» әндері жұртшылыққа жақсы таныс. Ал, журналист ретінде қаламгердің «Ұлт журналистикасының ұлықпаны», «Жорналшы жазбалары», «О махаббат» сынды көркем-публицистикалық кітаптары жарық көрген.
Бүгінде профессор, филология ғылымдарының кандидаты, Халықаралық Ақпараттандыру Академиясының академигі, Аймақтық Менеджмент Академиясының академигі Бекжігіт Кенжебекұлы 1960 жылы Үлгілі ауылында өмір есігін ашқан. ҚазҰУ-дің журналистика факультетінінің түлегі. Оқу бітіргеннен кейінгі әр жылдар да қалалық, аудандық газеттерде тілші болды. Кейіндеп қаламыздағы түркі жұрағаттарының қара шаңырағына айналған Қожа Ахмет Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті ашылған жылдардан бастап ұстаздық етіп келеді. Осы бір оқу ордасындағы журналистика мамандығының аяғынан тұрып, абыройын тіктеп кетуі жолында аянбай күні бүгінге дейін маңдай терін төгуде.

Ең әуелі журналист ретінде қалам қарымдылығын, заман ауқымын кескіндеу шеберлігін, тақырып таңдау талғамдылығын, жаңалыққа, даралыққа ұмтылғыш, жасампаздық ой өрісінің кеңдігін танытып жүрген Бекжігіт Сердалы болмысы үлкен тақырыпқа жүк болары анық. Бұл жалған ойдан туған болмаса жалаң пікір емес. Жалпы ойлы оқырман қауым жете түсінген шындық болса керек. Себебі қоғамда орын алып жатқан түйткілді мәселелерге барлай қарап, сыни көзбен жіліктеп талдау жасап беретін жазбаларын фейсбук парақшасынан-ақ оқи алатынымыз нақты дəлел болып табылады. Ал журналистік қарымы өткір тілмен өрнектелген, шындығымен әйгіленер адамдық ардың жеңісі мен жемісіне қызмет етер жол екенін шәкірттер бойына сіңіруден ешқашан жалыққан емес. Небір дүлдүл шәкірттерінің еліміздің түкпір-түкпіріндегі бұқаралық ақпарат құралдарында өнімді еңбек етіп жатқаны білікті ұстаздың көрегендігінен, үлкен жауапкершілігінен болса керек. Ұстаздық пен қоса ғылым жолындағы еңбектерінің өзі қаншама. Қашан болмасын сүбелі дүниелер жазуға, ойлы туындылар тудыруға ұмтылып тұрады. Мәселен “Ұлт журналистикасының ұлықпаны», «Журналшы жазбалары», «Шаттық ұялаған шаңырақ», «Әнім – әлемім», «О, махаббат!» «Танымал әннің тарихы», «Сөз айттым, құлақ ассаң» тағы басқа оқу құралдары мен кітаптар жазып, 80-нен астам ғылыми мақалаларының жартысына жуығы мен бір монографиясының шетел басылымдарында бой көрсетуі шынайы еңбектің нәтижесі екені ақиқат.

Екінші даңқын асқақтатқан сала мәдениет саласы болып табылады. Енді бір сөзбен айтқанда аса талантты сазгер. Бұлда екінің біріне қона бермейтін бақ. Оның өзінде үлкен ізденісті, сезімтал шабытты, таңғажайып түйсікті қажет ететін дүние. Жазғыштар саны жетіп артылады. Әттеген айы тыңдарманын тарта алатын тартымды шығарма ұсына алғандары саусақпен санарлық. Осы азшылық қатарында Бекеңнің әндерін айтпай кету мүмкін емес. Атап айтқанда музыкалық шығармаларының басы болған “Жас жұбайлар» («Сендерге әрдайым орын бар») әні бастап, «Неге, неге», “Түркістаным – Тұраным», «Келіп кет, қалқам» т.б әндерімен қатар, соңғы кездері туған «Текемет», «Келіп кет, қалқам», «Сені іздегем», «Әкем-Анам» сияқты 20-ға тарта ән тыңдарман қауымға жол тартып отыр. Ел ішінде “Жас жұбайлар» әнінің қалай туғаны жайлы небір аңызға бергісіз әңгімелер айтылып жүр. Бір әннің тарихы болып табылатын сол бір тамаша шақтары жайлы автордың өзі әр мезгілдері берген сұхбаттарында майын тамызып айтып беріп жүр. Тіпті осы бір жарық жұлдызды әне шетел асып тыңдарманын тәнті етіп, автор туралы білуге, естуге аңсары ауған тыңдармандары жайында да қаншама көңілге қуаныш сыйлар аңгімелер естідік. Бұда болса әннің өте тартымды, талғамға лайық сәтті шыққанының куәсі. Жұлдыз болуға жаны құмар, болмаса ұрланған әндерін көлденең тартып күнде концерт беретін әлде бір әнші сымақтарға ұқсамайтын, мүлдем дара, бейтарап сеңгірі бар Бекжігіт Сердәлі әндері өміршең бола бермек. Бабы мен бағы қатар шапқан әндері жүректен жүрекке жетіп “құлақтан кіріп, бойды алып” (Абай) жүре бермек. Бекеңнің өзі болса “көңілге түрлі ой салар, әнді сүйсең менше сүй” (Абай) дейтін баба жолымен, өз сөзімен айтқанда концерт өткізіп сарпалдаңғы түсуден гөрі “есеп беретін ең дұрыс орта – дастархан басы, ел іші. Мен үшін одан асқан шығармашылық кеш жоқ” (Жас Алашқа берген сұхбатынан) деп қамсыз жүре бермек. Әнді бек сүйіп, бек талғаммен тудыра бермек.

Осылайша бір басына көп өнерді сыйдырып жүрген Бекең әр салада шынайы құлшынды, барын салып еңбек етті. “Еңбегің қатты болса, татқаның тәтті болар” дейтін баба дәстүр бойына дарып төккен терінің бағасын алды. Сол құрмет даңқтың ішінде “Қазақстан Жастар одағы сыйлығының лауреаты”, “Қазақстанның мәдениет қайраткері», «Түркістан қаласының Құрметті азаматы», «Кентау қаласының Құрметті азаматы» атақтары, сонымен бірге “ЖОО үздік оқытушысы» мемлекеттік грантының иегері, «Қазақстанның білім беру ісінің құрметті қызметкері», Васьлей Митта атындағы халықаралық сыйлықтың иегері медалі”, «Заслуженный работник науки и образовании» құрметті атағы секілді марапаттары бар.

Оқылып жатыр

Түркістан қаласында World Cleanup Day аясында сенбілік шарасы өтті

Түркістанда жаңа ойын және спорт алаңшалары пайдалануға берілді

«5500 бүлдіршін мектеп табалдырығын аттады»: Әзімбек Пазылбекұлы білім күні жағымды жаңалықпен бөлісті

Түркістанда дәстүрлі тамыз конференциясы өтті

Түркістанда «Мектепке жол» акциясы аясында 500-ден астам бала қолдауға ие болды

«Еріктіліктен – әлеуметтік кәсіпкерлікке» практикумы өтті

Соңғы жазбалар

2025 жылғы «Алтын Доп» иегері анықталды

23 Қыркүйек, 2025

Тоқаев Зеленскиймен кездесті

23 Қыркүйек, 2025

Қазақстаннан Ресейге 34 дрон алып өтпек болған «Газель» ұсталды

22 Қыркүйек, 2025

Қасым-Жомарт Тоқаев Дональд Трамппен сөйлесті

22 Қыркүйек, 2025

ҚТЖ жеке фирмалардың жұмысын тежегені үшін 1,42 млрд теңге айыппұл төледі

22 Қыркүйек, 2025

«Күйеуін әлі жақсы көреді»: Ел алдында еңіреп жылаған Мөлдір Мұқанды халық аяп кетті

22 Қыркүйек, 2025

Бас прокуратура Назарбаевтың ұлымен соттасып жатыр

22 Қыркүйек, 2025

Қазақстанда ҰБТ жүйесі өзгертілмек

22 Қыркүйек, 2025

Ілияс Сариев ісі: Қызының еміне ақша жинауы үшін 750 мың теңгедей берген ана сотта бар шындықты айтты

22 Қыркүйек, 2025

Көрші ел интернетті толығымен өшіруге дайындалып жатыр

22 Қыркүйек, 2025
Advertisement
Demo
Facebook X (Twitter) Instagram Pinterest
  • Жарнама
  • Құпиялық саясаты
  • Байланыс
  • Сайт туралы
© 2025 Todayinfo.kz. Designed by Todayinfo.

Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.