Фото: freepik.com
Төтенше жағдайлар министрлігі «Қазақмыс корпорациясы» ЖШС-не тиесілі кен орнында іздестіру-құтқару жұмыстары барысында жетінші қызметкердің денесі табылғанын мәлімдеді, деп хабарлайды Тodayinfo ақпараттық порталы.
Ведомствоның хабарлауынша, барлық жеті кеншінің мәйіті жер бетіне шығарылып, сот-медициналық сараптама жүргізу үшін құқық қорғау органдарына тапсырылған.
«Қазіргі уақытта қайтыс болған жұмысшылардың денелері жоғарыға көтеріліп, сараптамаға жіберілді», – делінген ТЖМ ресми хабарламасында.
Сонымен қатар, ҚР ТЖМ жедел штабына тұрғындардан 23 қоңырау келіп түскен. Құзырлы органдар апат себептерін анықтау мақсатында тергеу жүргізуде.
Оқиға орнында арнайы комиссия жұмыс істеп жатыр. Құқық қорғау органдары апаттың себебін анықтау үшін жан-жақты зерттеу жүргізуде. Жауапты органдар шахтадағы қауіпсіздік талаптарының сақталуын тексеруді күшейтуді жоспарлап отыр.