Қостанай қаласындағы №76 тергеу изоляторында белгілі қылмыс әлемінің өкілі Дикий Арманның (Арман Жұмағелдиев) қорғаушысы Виктор Кривоносов құқықтарының бұзылғанын мәлімдеді,деп хабарлайды Todayinfo порталы.
Виктор Кривоносовтың айтуынша, ол қорғауындағы азаматпен кездесу үшін тергеу изоляторына барған кезде қызметкерлер оны шалбарын шешуге мәжбүрлеген. Адвокат бұл әрекетті құқық бұзушылық және қорлық көрсету деп бағалады.
Бұл жағдайға байланысты Қостанай облысы бойынша Қылмыстық атқару жүйесі департаменті түсініктеме берді:
«Тыйым салынған заттардың изоляторға енгізілуіне жол бермеу үшін барлық келушілер міндетті тексерістен өтеді. Адвокаттар да режимдік мекемелерде тексеріс ережелерімен таныс. Қорғаушылардың бірін тексеру кезінде металл детекторы дабыл қаққан, сондықтан оған толық тексерістен өту ұсынылды», – делінген хабарламада.
Қазіргі таңда бұл оқиға қоғамда қызу талқыланып, адвокаттардың құқықтары мен тексеру процедураларының заңдылығы жөнінде пікірталас туындауда.