Close Menu
  • Басты бет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Әлем
  • Экономика
  • Жаңалықтар
  • TodayTV
What's Hot

3 трлн. теңге: Екібастұздағы мега құрылыс Қазақстан бокс федерациясының басшысына берілмек пе?

16 Қазан, 2025

«Каспийді сақтайық!» — Жаңа адамдар теңізді қорғау мақсатында жағалаудағы елдерге үндеу жолдады

16 Қазан, 2025

«Жарты жыл сайын тексертіп тұрамын»: Жұлдыз Әбдікәрімова кенже ұлының диагнозын айтты

16 Қазан, 2025
Facebook X (Twitter) Instagram
Trending
  • 3 трлн. теңге: Екібастұздағы мега құрылыс Қазақстан бокс федерациясының басшысына берілмек пе?
  • «Каспийді сақтайық!» — Жаңа адамдар теңізді қорғау мақсатында жағалаудағы елдерге үндеу жолдады
  • «Жарты жыл сайын тексертіп тұрамын»: Жұлдыз Әбдікәрімова кенже ұлының диагнозын айтты
  • «3700 бос жұмыс орны»: Қазақстанда 500 мың теңгеге жұмыс істейтін жұмысшылар табылмай жатыр
  • Алматыда «Таза Қазақстан» бағдарламасы аясында экологиялық бақылау күшейтілді
  • «Қайраттың» жас қақпашысы Шерхан Қалмұрзаға қажылыққа жолдама сыйлады
  • «Ресей мен Арменияны басып озды»: Қазақстан – азық-түлік бағасы ең қолжетімді 30 елдің қатарында
  • «Елден қашып кетпекші болған»: БЖЗҚ-дан 46 миллиард теңге жымқырғандардың бірі ұсталды
  • Байланыс
  • Сайт туралы
  • Жарнама
  • Құпиялық саясаты
Facebook Instagram YouTube TikTok
todayinfo.kz ақпараттық порталыtodayinfo.kz ақпараттық порталы
Рус Қаз
Бейсенбі, 16 Қазан
  • Басты бет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Әлем
  • Экономика
  • Жаңалықтар
  • TodayTV
Қаз Рус
todayinfo.kz ақпараттық порталыtodayinfo.kz ақпараттық порталы

Шалғай ауылдан Шанхай нарығына дейін: Берік Уәли өңір халқына аймақтың даму жоспарын жариялады

17 Мамыр, 2025 Абай облысы
Share
Facebook Twitter LinkedIn Pinterest Email

2025 жылдың 17 ақпанында Абай облысының әкімі өңірдің кешенді даму жоспарын жариялады. Бұл кезең ішінде облыс әкімі 68 елді мекенді, оның ішінде 16 шалғай ауылды аралап, аймақтың әлеуметтік-экономикалық тынысымен терең танысты. Жергілікті халықпен тікелей кездесулер, ірі кәсіпорындар мен шаруа қожалықтарының жағдайымен танысу – жаңа жоспардың шынайы негізі болды. Бұл туралы Todayinfo.kz порталы арнайы сараптама әзірледі.

Экономикалық бағдарлар: индустрия мен инвестиция

Аймақ басшысы елдегі және жаһандық экономикалық үрдістерді ескере отырып, Абай облысының транзиттік әлеуеті мен географиялық ерекшеліктерін дамытуға ден қойған. Соның аясында 2028 жылға дейін өңірде 8 мың жаңа жұмыс орны ашылмақ. Құны 2,7 триллион теңге болатын 29 инвестициялық жоба іске асырылуы жоспарланып отыр.

Солардың қатарында:

  • «СемАз» ЖШС өндірістік алаңын кеңейтіп, жылына 6 мың арнайы техника шығаратын зауыт;

  • «Казполиграф» ЖШС қағаз бен картон өнімдерін өндіретін зауыт (қуаттылығы – 40 млн дана/жылына);

  • «Универсал СМ» ЖШС ағаш өңдеу зауыты (қуаттылығы – 500 тонна/жылына);

  • «Universal Energy» компаниясының 14 МВт қуатындағы жел электр станциясы құрылысы;

  • «Өндіріс» индустриалды аймағының көлемі 96 гектардан 562 гектарға дейін кеңейтіледі.

Жаңа әкімнің бастамасымен шетелдік капитал тартуға ерекше мән беріліп отыр. Бүгінде 40-тан астам шетелдік инвестормен кездесу өткізілген. Осы аптада облыс басшысы Қытай Халық Республикасына іссапармен аттанады. Бұл сапар аясында жалпы құны 1,2 миллиард АҚШ долларын құрайтын 15 меморандумға қол қойылмақ. Сонымен қатар, Семейде алғаш рет «Инвесторлар үйі» ашылады – бұл инвестициялық жобаларды сүйемелдеу мен шетелдік серіктестерге арналған бір терезе қағидаты бойынша қызмет көрсететін мекеме болмақ.

Инфрақұрылым мен әлеуметтік жаңғыру

Семей қаласында ауқымды «Smart City Semey» жобасы іске қосылып отыр. Қаланың солтүстік бөлігінде 75 мың тұрғынға арналған жаңа ықшам аудан бой көтермек. Бұл ауданда:

  • 40-тан астам әкімшілік, әлеуметтік және коммерциялық нысандар,

  • Жастар сарайы, Жекпе-жек орталығы, Филармония, Медиа орталық,

  • Ғалымдар үйі мен көрме орталығы, этносаябақ,

  • Балабақшалар, мектептер, колледждер, қонақ үйлер мен сауда кешендері салынады.

Осы ауданда 20–22 мың орындық жаңа футбол стадионы да бой көтермек. Бұл жобаға KazMinerals компаниясы толықтай демеушілік етеді.

Сонымен қатар:

  • Қарағанды мен Қытайдың Үрімжі қаласына тікелей әуе рейстері ашылады;

  • Семейде «Semey Mall» сауда-ойын-сауық орталығы мен «PANA» қонақүй кешені салынады;

  • Қалада алғаш рет балаларға арналған арнайы аурухана мен клиникалық аурухана салу қолға алынбақ.

Берік Уәлидің әкімдік қызметі – кең ауқымды диагностика мен белсенді шешім қабылдаулар кезеңі болды. Өңір экономикасын әртараптандыру, инвестициялық климатты жақсарту және әлеуметтік инфрақұрылымды жаңғырту – Абай облысын жаңа даму дәуіріне бастайтын нақты қадамдар.

Алда Қытаймен тығыз байланыс, өндіріс саласының қайта өркендеуі, ауылдардың жаңғыруы мен жаңа қалалық мәдени ортаның қалыптасуы тұр. Бұл бастамалар жүзеге асқанда Абай облысы шын мәнінде заманауи, инвестицияға тартымды және өмір сүруге жайлы аймақ ретінде жаңа деңгейге көтерілуі мүмкін.

Оқылып жатыр

Саржал ауылында жаңа спорт модулі салынып жатыр

Бесқарағай ауданында жүзу бассейнінің құрылысы қарқынды жүргізілуде

Бородулиха ауданының Михайличенково ауылында өрт сөндіру пункті ашылды

«Ауылдық денсаулық сақтауды жаңғырту» жобасы аясында Шәріптоғайда заманауи емхана ашылды

Көкпекті аудандық ауруханасына күрделі жөндеу жүргізілді

Семей қаласында 600 орындық жаңа мектеп ашылды

Соңғы жазбалар

3 трлн. теңге: Екібастұздағы мега құрылыс Қазақстан бокс федерациясының басшысына берілмек пе?

16 Қазан, 2025

«Каспийді сақтайық!» — Жаңа адамдар теңізді қорғау мақсатында жағалаудағы елдерге үндеу жолдады

16 Қазан, 2025

«Жарты жыл сайын тексертіп тұрамын»: Жұлдыз Әбдікәрімова кенже ұлының диагнозын айтты

16 Қазан, 2025

«3700 бос жұмыс орны»: Қазақстанда 500 мың теңгеге жұмыс істейтін жұмысшылар табылмай жатыр

16 Қазан, 2025

Алматыда «Таза Қазақстан» бағдарламасы аясында экологиялық бақылау күшейтілді

16 Қазан, 2025

«Қайраттың» жас қақпашысы Шерхан Қалмұрзаға қажылыққа жолдама сыйлады

16 Қазан, 2025

«Ресей мен Арменияны басып озды»: Қазақстан – азық-түлік бағасы ең қолжетімді 30 елдің қатарында

16 Қазан, 2025

«Елден қашып кетпекші болған»: БЖЗҚ-дан 46 миллиард теңге жымқырғандардың бірі ұсталды

16 Қазан, 2025

«Ренжімеңдер ертең, сендер ғана ақша бермедіңдер»: Талғардан тағы да шу шықты

16 Қазан, 2025

«Орталық Азияның логистикалық жобалары жабылуы мүмкін»: Пәкістан —Ауғанстан соғысының шығу себебі мен тигізер зардабына талдау

16 Қазан, 2025
Facebook X (Twitter) Instagram Pinterest
  • Жарнама
  • Құпиялық саясаты
  • Байланыс
  • Сайт туралы
© 2025 Todayinfo.kz. Designed by Todayinfo.

Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.