Close Menu
  • Басты бет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Әлем
  • Экономика
  • Жаңалықтар
  • TodayTV
What's Hot

Өскемендегі өзімшіл прокурор: қоластындағыларды ұрған Бас прокурор қызметтен шеттетілді

16 Қыркүйек, 2025

«Өлтіретінін ескертті»: Павлордарда полковниктің ұлы, сот қызметері Нұрмағамбетов әйелін жылдар бойы соққыға жығып келген

16 Қыркүйек, 2025

Алматы облысының әкімі қоқыс полигонындағы өрт орнына барды

16 Қыркүйек, 2025
Facebook X (Twitter) Instagram
Trending
  • Өскемендегі өзімшіл прокурор: қоластындағыларды ұрған Бас прокурор қызметтен шеттетілді
  • «Өлтіретінін ескертті»: Павлордарда полковниктің ұлы, сот қызметері Нұрмағамбетов әйелін жылдар бойы соққыға жығып келген
  • Алматы облысының әкімі қоқыс полигонындағы өрт орнына барды
  • «Түркістан – қолөнершілер қаласы» халықаралық фестивалі өтеді
  • Тоқаев: «Мен, Президент ретінде, жауапкершілік алуым керек»
  • «Төсектен тұра алмай қалдым»: Баян Алагөзова сырқаттанып қалды
  • Жеке кеңістікті бұзғандарға қатаң жаза: сталкингке қарсы заң қабылданды
  • Қарасаевтың түбіне жеткен қоқыс полигоны: Алматы облысында қатты қоқыс қалдықтары өртеніп жатыр
  • Байланыс
  • Сайт туралы
  • Жарнама
  • Құпиялық саясаты
Facebook Instagram YouTube TikTok
todayinfo.kz ақпараттық порталыtodayinfo.kz ақпараттық порталы
Рус Қаз
Сәрсенбі, 17 Қыркүйек
  • Басты бет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Әлем
  • Экономика
  • Жаңалықтар
  • TodayTV
Қаз Рус
todayinfo.kz ақпараттық порталыtodayinfo.kz ақпараттық порталы
Home » Шариғат заңы әйелдерге паранжа киюді міндеттемеген — зерттеу

Шариғат заңы әйелдерге паранжа киюді міндеттемеген — зерттеу

24 Маусым, 2024 Басты тақырып
Share
Facebook Twitter LinkedIn Pinterest Email

Елімізде діни киімдер кию тәртібі алдағы күзде Парламент қабырғасында қаралады. Бұл туралы жақында  Мәжіліс депутаты Ермұрат Бапи хабарлаған. Депутат деструктивті және дәстүрлі дінге жатпайтын діни ағымдар мәселесін реттейтін заңдарға өзгерістер керек деп санайтынын жеткізді. Депутаттың сөзінше, заң жобасында діни киімдер мәселесі де көтеріледі.

«Қазір біз үшін ең маңызды нәрсе — еліміздің ұлттық мүддесін, ұлттық дәстүрін, ұлттық мәдениетін сақтау. Ал қазіргі жағдайға қарасақ, қоғамда қара киінген қазақтар көбейді. Бұл жағдай болашақ ұлттық мүддемізге елеулі зиянын келтіреді», — деді ол.

Ермұрат Бапи заң қабылданғаннан кейін қоғамдағы діни киімдер мәселесі шешімін табады деп үміттенеді.

«Заң жобасында мектепке діни киіммен келу мәселесі де қаралады. Оған толық тыйым салынады. Қоғамдық орында бетті жауып тұратын діни киім киюге тыйым салу мәселесі де бар. Жаза ретінде ескерту жасалып, айыппұл салу да қарастыруды ұсынамыз», – дейді депутат.

Бұған дейін, Мәдениет және ақпарат министрі депутаттар тарапынан ресми өтініштер келіп жатқанын айтқан.

«Діни саясат саласындағы жұмысты үйлестіретін мемлекеттік орган ретінде біз оларды қарауға міндеттіміз», — деген болатын ол.

Қоғамда көтерліген мәселелерге байланысты, Qazaq.today тілшісі мамандарыдң пікірін тыңдап көрді.

Дінтанушы Ұлықбек Алиакбарұлы депутат Ермұрат Бапидің ойымен келісетінін айта келе,  шариғаттың әйелге қатысты талаптарына түсініктеме берді.

«Қоғамдық орындарда қап-қара болып никаб, паранжа кию деген бар ғой. Осыған тыйым салу дегенге өз басым қосыламын. Ақ орамалын тақсын, түрлі түсті орамалын тақсын, мәселе хиджабқа қарсы шығуда емес. Құранда қап-қара болып бет-аузын тұмшалап алуды бұйырмаған. Сондықтан ол міндетті емес. Бірақ солай жүрген азаматшаларымыз аз емес. Ол белгілі бір сектаның ба, әлде адасқан топтың да мүшесі болуы мүмкін. Себебі оларға тән белгінің бірі — бетін тұмшалау, қара жамылғандай киіну. Ол жергілікті қазақы салт-дәстүрге де келмейді. Қара  жамылатын жағдай болмаса қазақ қыздары, әйелдері қара кимеген ғой. Апаларымыз кимешек киген, ақ орамал таққан, ақ жаулықты ана деп айтып жатамыз. Қоғамдық орындарда қап-қара болып киініп, тұмшаланып жүруге қарсы заң болып жатса, оны дінтанушы ретінде толық  қолдаймын», — дейді дінтанушы.

Әр елдің салты басқа демекші, мұсылман әйелдердің киім киісі әр мемлекетте әртүрлі екенін есте ұстаған абзал. Түсінікті болу үшін, мұсылман әйелдердің арасында кеңінен тараған төрт дрес-кодқа анықтама беріп өтейік.

Паранжа (Бурка) – бұл денені бастан-аяқ толық жауып тұратын киім. Адамның көзі де тормен жабылып тұрады. Паранжа кию Ауғанстанның пуштундары арасында тараған.

Никаб – бұл да паранжаға өте ұқсас киім, бүкіл денені жауып, тек әйелдің көзі көрініп тұрады. Никаб кейбір діни ағымдардың әсерінен пайда болған дрес-код, әсіресе қалалық жағдайда кең тараған.

Хиджаб – бұл орамал, денені жабатын киім емес. Хиджабтан адамның бет-ауызы көрініп тұрады, шашы, құлағы, мойынын жабады. Мұсылман әлемінде кеңінен қолданылады.

Чадор — Иран, Ауғанстан халқы киетін ұлттық киім. Ол адамның басыннан бастап жауып тұрған шапан секілді. Әйелдің беті ашық болады.

Еліміздегі тағы бір  дінтанушы Болатжан Әл-Фараби хиджаб пен никаб дресс кодына тоқталып, кеңінен түсінік беруге тырысты.

«Араб елдерінде ыстық әрі құмды борандар болады. Содан бетін бүркемелеп, қорғану үшін әйелдер никаб киеді. Бірақ қызығы Меккеге қажылыққа барған кезде, никаб тағуға болмайды деген тыйым бар. Демек Меккеге кірген кезде ондай әйелдер беттерін көрсетіп, қолғаптарын шешу керек. Хиджаб деген сөз Құранда 7 рет кездеседі. Бірақ бірде-бір рет әйелдің киімі ретінде айтылмайды. Оның мағынасы Құранда «шымылдық» немесе «перде» деген мағына береді. Құранда Құдай адамдармен шымылдық арқылы сөйлесті деген сөз бар. Бірақ ол әйел киімі ретінде айтылмаған. Ал никаб деген сөз Құранда мүлде кездеспейді», — дейді дінтанушы Болатжан Әл-Фараби.

Америкалық Cornell University университеті онлайн кітапханасының зерттеу материалдарының мәліметінше, шариғат заңы әйелге паранжа киюді міндеттемеген. Паранжа кейбір елдерде әдеттегі тұрмыстық киім болып саналады. Исламдағы әйелдердің киіміне қойылатын басты талап —  қарапайым болуы.

«Киімнің қарапайым болуы дегенді әртүрлі интерпретацияланады. Оның мағынасы кең. Сондықтан кейбәр әйелдер көзін ғана көрсетіп, толық жабық киінсе, кейбірі беті мен қолын көрсетіп қана қоятын киім киеді. Ал тағы біреуі кеуде тұсы мен басы жабық тұрса болады деп есептейді, кейбірлер мүлде қағиданы сақтамауы мүмкін», — делінген зерттеуде.

Оқылып жатыр

Тоқаев жұмыс сапарымен Ақмола облысына барды

Тоқаев Дүниежүзілік ислам лигасының Бас хатшысы шейх Мұхаммед бен Абдулкарим Әл-Исаны қабылдады

Тоқаев Қауіпсіздік Кеңесінің киберқауіпсіздік жөніндегі отырысын өткізді

Қазақ және неміс болғысы келеді: Қазақстандықтар жаппай ұлтын өзгертіп жатыр

Канелоның қанатын қайырған қара бала: Кроуфорд әлемнің абсолютті чемпионы атанды

Түріктер қазақы тұқымды өлтіріп тастады: Стамбул әуежайын әуреге салған алабайдың кесірінен ұшақ кешікті (видео)

Соңғы жазбалар

Өскемендегі өзімшіл прокурор: қоластындағыларды ұрған Бас прокурор қызметтен шеттетілді

16 Қыркүйек, 2025

«Өлтіретінін ескертті»: Павлордарда полковниктің ұлы, сот қызметері Нұрмағамбетов әйелін жылдар бойы соққыға жығып келген

16 Қыркүйек, 2025

Алматы облысының әкімі қоқыс полигонындағы өрт орнына барды

16 Қыркүйек, 2025

«Түркістан – қолөнершілер қаласы» халықаралық фестивалі өтеді

16 Қыркүйек, 2025

Тоқаев: «Мен, Президент ретінде, жауапкершілік алуым керек»

16 Қыркүйек, 2025

«Төсектен тұра алмай қалдым»: Баян Алагөзова сырқаттанып қалды

16 Қыркүйек, 2025

Жеке кеңістікті бұзғандарға қатаң жаза: сталкингке қарсы заң қабылданды

16 Қыркүйек, 2025

Қарасаевтың түбіне жеткен қоқыс полигоны: Алматы облысында қатты қоқыс қалдықтары өртеніп жатыр

16 Қыркүйек, 2025

Қасым-Жомарт Тоқаев астықты дер кезінде жинап алуды тапсырды

16 Қыркүйек, 2025

Ақмола облысында егіс алқабы 5,5 млн гектарға жетті

16 Қыркүйек, 2025
Advertisement
Demo
Facebook WhatsApp TikTok Instagram
© 2025 Todayinfo.kz. Designed by Todayinfo.
  • Жарнама
  • Байланыс
  • Сайт туралы

Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.