Экс-денсаулық сақтау министрі Елжан Біртанов «Не болды?» подкастына берген сұхбатында абақты жайлы айтты, деп Тodayinfo ақпараттық порталы.
«Мен шынымды айтсам, көп отырмадым. Экс-вице министр Олжас Әбішев 3 ай отырды. Оның ішінде себеп те болмады. Жауап та алмады. 3 айға қамап тастады. «Біртановты жемқор» деп жаз деп күнде сұраған. Ол жақсы маман, жұмысына мықты болған соң шақырдым. Ешбір жемқорлық болмады. Құқық қорғау органдары осылай жасады. Заң аясында олар бірінші жұмыс істеу керек қой», — деді экс-министр.
Біртанов құқық қорғау органдарының мүшелері шенеуніктердің барлығы жемқор деп ойлауы мүмкін дейді.
«Шенеунік болса барлығы жемқорлыққа батқан деп ойлайды. Ал өз ойын бөлек, эмоция мен қызметті ажыратып алу керек қой», — дейді экс-министр.