Түркістан облысы Түлкібас ауданында даулы жағдай тіркелді, деп хабарлайды Todayinfo.kz агенттігі.
Куәгерлердің айтуынша, аудандық ішкі саясат бөліміне қарасты «Руханият» орталығының басшысы Қанат Елеуов қоғамдық орында жас қызды күшпен алып кетпек болған. Алайда әрекеті сәтсіз аяқталған.
«Әлеуметтік желіде таралған бейнежазба бойынша тексеру жүргізілді. Бейнежазбадан жақын қарым-қатынаста болған екі жас арасындағы келіспеушілік анықталды. Қазіргі уақытта жағдай реттеліп, тараптар өзара түсіністі. Полицияға арыз-шағым түскен жоқ», деп жауап берді.
Түркістан облыстық полиция департаменті бейнематериалға тексеру жүргізіп, оның нәтижесі бойынша тиісті шешім қабылдайтынын хабарлады.