Айтбек Амангелді Шерзат ісіне қатысты жаңа мәліметтермен бөлісті. Оның айтуынша, жәбірленуші тарап адвокаттарынан бас тартқан. Бірақ қазіргі қорғаушылар істен толықтай қол үзбек емес, деп хабарлайды Todayinfo.kz Ulysmedia.kz-ке сілтеме жасап.
Адвокаттарды ауыстыру себептері қандай?
Айтбек Амангелдінің сөзінше, бірнеше күн бұрын ол Шерзаттың туыстарымен кездескен. Жиында Шерзаттың әжесі Гүлбар және тағы бір белгісіз әйел болған. Кездесуде адвокаттар жәбірленушілерді сотқа дайындау қажет деп шешкен.
Алайда, осы кездесуден кейін екі сағат өткен соң Қаржаубай адвокаттардан бас тартатынын мәлімдеген.
“Ол бізге барлық адвокаттардан сенімхатты қайтарып алатынын айтты. Басқа қорғаушыларды таппақ. Біз реакция білдірмедік. Себебі Қаржаубайдың мінезін білеміз. Не болатынын көреміз. Жаңа ақпараттарға қарағанда, іске жаңа бес адвокат кіріседі”, – деді Айтбек Амангелді.
Тергеу барысы
Тергеу толық аяқталып, іс прокурорға жолданды.
40 сот сараптамасы жүргізілді.
200-ге жуық куәгерден жауап алынды.
8 бейнематериал зерттелді.
Процесс барысында беттісітірілер өткізілді, барлық күдіктілердің оқиға орнында айтқан жауаптары тексерілді.
Тергеу органдары қылмысқа қатысы бар барлық тұлғаларға құқықтық баға берілгенін хабарлады.