Бұл туралы әлеуметтік желіде адвокат Асқар Қаймақов жазды, деп хабарлайды Todayinfo.kz ақпарат порталы.
Айтуынша, Қаржаубай Нұрымов «бөтеннің мүлкін қасақана жою немесе бүлдiру» бабы бойынша айыпталып отыр. Адвокат полицияның бірнеше мәлімдемесін жоққа шығарды:
Адвокаттар полициядан Нұрымовты ұстауды сұрамаған. Бұған дейін полиция «адвокаттар мен оның туыстары Шерзаттың әкесін қамауға алуды сұрағанын» хабарлаған еді.
Өз-өзіне қол салды делінген Нұрқанат Ғайыпбаевтың жеке хабарламасын жариялауға туыстары келісім бермеген. Айта кетейік, Қаржаубай Нұрымов 15 тәулікке қамалған.