Шерзат Полаттың әпкесі Перизаттың баспаналы болғанын белсенді Дінмұхаммед Қаматай жариялады,деп хабарлайды Todayinfo.
«Бүгін біз ерекше әрі маңызды оқиға туралы бөлісуді жөн көрдік. Шерзат Полаттың әпкесі Перизаттың қайғылы жағдайдан кейін отбасы қиын кезеңді бастан өткерді. Қауіпсіздік мәселесі барлығымызды алаңдатты. Осыған байланысты біз оларға қолдау көрсету үшін жаңа үй сатып алдық. Бұл үй тек баспана ғана емес, ол – жаңа өмірдің бастауы. Алты баланың батыр анасы Перизаттың қолдауы болған сіздер. Бұл қадам олар үшін жай ғана баспана емес, болашаққа деген сенім мен жаңа өмірге қадам басуға мүмкіндік бередіҚоғамдық бірліктің маңыздылығын көрсету үшін, осындай жағдайда қолдау көрсету әрқайсымыз үшін маңызды. Біз Перизаттың отбасына қиын сәтте көмек көрсетіп, оларды жалғыз қалдырмайтынымызды білдіргіміз келеді. Соттың әділетті өткенін көріп, бауырларымыз тыныштық табар деп сенеміз. Бұл отбасы енді қуанышты күндерді ғана бастан кешеді деп сенеміз. Бұл бастаманы қолдаған барлық жанашырларға алғыс айтамыз», — деді Дінмұхаммед Қаматай.
Посмотреть эту публикацию в Instagram