Шерзаттың ағасы қайтыс болар алдында хат жазып кеткен. Хат мәтінін полиция жариялады.
«Аға, не істесем де кешір. Мен бауырымның өлгенін қаламадым. Барынша тырыстым. Аға, сен біз үшін кек алу керексің. Сол үшін жаралғансың. Бірақ, мен істеген істі қайталама. Сенде ұл-қыз бар, соларды ойла. Мені сені қатты жақсы көремін, кешір», — деп жазған марқұм.
Өзін өлімге байлаған жігіттің ағасы бірден жауап беріп, қайда жүргенін сұраған.
«Ақымақ болма, үйге қайт. Берген уәдең қайда? Сені қайдан іздеп табайын. Мама ауырып қалады», — деп жауап берген ағасы.
Алайда марқұм Нұрқанат Ғайыпбаев ағасының бұл сұрақтарына жауап бермей, соңғы өтінішін айтқан.
«Шерзаттың жанына жерлесең болды, басқа айтарым жоқ», — деп жазған марқұм.
Алматы облыстық Полиция Департаменті оқиғаға қатысты ақпарат таратқанмен, Ғайыпбаевтың жеке басына байланысты мәлімет бермеді. «Хуторлық» бандылармен төбелескен Шерзаттың ағасына қатысты қылмыстық істің қозғалғанын немесе қозғалмағанын жасырып қалды.