Close Menu
  • Басты бет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Әлем
  • Экономика
  • Жаңалықтар
  • TodayTV
What's Hot

«Елдің болашағы жарқын болғай!»: депутат Ринат Зайыт Жолдауды тәпсірлеп, сөзін батамен аяқтады

9 Қыркүйек, 2025

«Мешітте азан шақырады»: Бас Имам әкесін cоққыға жыққан адамға қатысты мәлімдеме жасады

9 Қыркүйек, 2025

«Жолдау — 2025»: Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қазақстан халқына Жолдауының толық мәтіні

9 Қыркүйек, 2025
Facebook X (Twitter) Instagram
Trending
  • «Елдің болашағы жарқын болғай!»: депутат Ринат Зайыт Жолдауды тәпсірлеп, сөзін батамен аяқтады
  • «Мешітте азан шақырады»: Бас Имам әкесін cоққыға жыққан адамға қатысты мәлімдеме жасады
  • «Жолдау — 2025»: Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қазақстан халқына Жолдауының толық мәтіні
  • «Ракпен ауырған күйеуі де комада»: Ресей әскерін Қазақстанға жіберуді сұраған Симоньян ауыр дерт жұқтырды
  • «Рассрочка бар ма»: дұға сатумен айналысатын танымал блогер жұрттың жағасын ұстатты (ВИДЕО)
  • Қытай мен Қазақстан суретшілері Байшифэн тауында достық картинасын салды
  • Вашингтонның визалық талабы: АҚШ-қа барғысы келетін ресейліктер Астанаға ағылатын болды
  • Балқашта мектептерге жаппай теракт жасалмақ: Полиция мәлімдеме жасады
  • Байланыс
  • Сайт туралы
  • Жарнама
  • Құпиялық саясаты
Facebook Instagram YouTube TikTok
todayinfo.kz ақпараттық порталыtodayinfo.kz ақпараттық порталы
Рус Қаз
Сейсенбі, 9 Қыркүйек
  • Басты бет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Әлем
  • Экономика
  • Жаңалықтар
  • TodayTV
Қаз Рус
todayinfo.kz ақпараттық порталыtodayinfo.kz ақпараттық порталы
Home » Шерзаттың шері: Қаржаубай Нұрымов қылмыскерлер берген өтемақыны балалар үйіне аудармақ

Шерзаттың шері: Қаржаубай Нұрымов қылмыскерлер берген өтемақыны балалар үйіне аудармақ

12 Маусым, 2025 Қоғам
Share
Facebook Twitter LinkedIn Pinterest Email

Фото: видеодан скриншот

Марқұм Шерзат Полаттың әкесі Қаржаубай Нұрымов қылмыскерлер берген өтемақыны қайда жұмсайтынын оның адвокаты Мейірман Шекеев айтты, деп хабарлайды Todayinfo.

Оның сөзіне қарағанда Қаржаубай әу бастан қандай да бір қаржылай өтемақыға қызықпаған.

«Қаржаубай адал азамат. Маған келгенде «менің Шерзатымды қараламаса болды» деді. Бұл қылмыскерлердің түрмеде отыратынына күмәнім бар, бірақ менің баламды қараламасыншы, менің аманым сол деді. Қаржаубай ақша жинады, «сбор» ашты деген әңгіме шықты. Оның бәрі шындыққа жанаспайды», — деді Мейірман Шекеев.

Оның айтуынша Қаржаубай қылмыскерлерден бір тиын сұраған емес. Тіптен ол өртеніп кеткен үйіне де қылмыскерлерден алған ақшаны жұмсамайды.

«Азаматтық талап қойған кезде бірден бас тартты. Содан кейін мен шартты жазаға шығып кетпеу үшін өтемақы талап ету керек екенін түсіндіргеннен кейін ғана солай істеді. Оның өзінде ақша түсетін болса, оны балалар үйіне аударамын деді», — дейді адвокат.

Айта кетейік, Талғарда кісі қолынан қаза тапқан 16 жастағы Шерзат Полаттың өліміне байланысты қылмыстық іс жуырда аяғына жетті. Талдықорған қаласындағы сот ғимаратында 9 күдіктіге қатысты үкім шығып, олар бас-аяғы 7 жылдан 23 жылға дейінгі аралықта бас бостандығынан айырылды.

Судья Ержан Жанұзақов Шерзат Полаттың ата-анасы мен әжесінің сотталғандардан моралдық және материалдық залал өндіріп алу туралы талап-арыздарын ішінара қанағаттандырды.

  • Жауапкер Абзал Шынасылдан талап қоюшылар Қаржаубай Нұрымов, Гүлбара Бишимбиева және Жұмабике Кадированың әрқайсысының пайдасына 20 млн теңгеден моралдық зиян,
  • Жауапкер Равиль Сәкиевтен талап қоюшылар Қаржаубай Нұрымов және Жұмабике Кадированың әрқайсысының пайдасына 15 млн теңгеден моралдық зиян,
  • Жауапкерлер Шыңғыс Белғожаев, Дархан Әскентай, Нұрқияс Ілиясов, Нұрбол Тоқтаубаев, Азамат Тоқтаубаев, Дидар Қалиахмет, Равиль Сәкиевтан ортақ тәртіппен Гүлбара Бишимбиеваның пайдасына 10 млн теңге моралдық зиян,
  • Жауапкерлер Шыңғыс Белғожаев, Дархан Әскентай, Нұрқияс Ілиясов, Нұрбол Тоқтаубаев, Азамат Тоқтаубаев, Дидар Қалиахмет ортақ тәртіппен Қаржаубай Нұрымовтың пайдасына 10 млн теңге моралдық залал,
  • Жауапкерлер Шыңғыс Белғожаев, Дархан Әскентай, Нұрқияс Ілиясов, Нұрбол Тоқтаубаев, Азамат Тоқтаубаев, Дидар Қалиахметтан ортақ тәртіппен Жұмабике Кадированың пайдасына 10 млн теңге моралдық залал өндіріледі.

Моралдық өтемақыны өз еркімен төлеу үшін екі ай берілді. Осы мерзімде төленбесе, сот актісі мәжбүлі түрде орындалады.

Оқылып жатыр

«Рассрочка бар ма»: дұға сатумен айналысатын танымал блогер жұрттың жағасын ұстатты (ВИДЕО)

«Келеңсіз оқиғаларды жиі көруге болады»: Тоқаев қоғамдық орындарда айқай-шу шығарып, балағат сөз айтатын әйелдерді сынады

«Арзан пиар, TikTok-қа жатып алған»: Қанды қылмыстан арылмаған Талғардың басшылары той тойлауды тоқтатпаған

Бауыр обыры: Белгілі журналист Жарылқап Қалыбай қатерлі дертке шалдықты

Шұғыл: СҚО-да ерегескен екі полиция қызметтік көлікпен бір-бірімен соғысып өлді

30%-ға қымбаттайды: Елімізде енді бір адам тәулігіне 140 литрден артық су пайдалана алмайды

Соңғы жазбалар

«Елдің болашағы жарқын болғай!»: депутат Ринат Зайыт Жолдауды тәпсірлеп, сөзін батамен аяқтады

9 Қыркүйек, 2025

«Мешітте азан шақырады»: Бас Имам әкесін cоққыға жыққан адамға қатысты мәлімдеме жасады

9 Қыркүйек, 2025

«Жолдау — 2025»: Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қазақстан халқына Жолдауының толық мәтіні

9 Қыркүйек, 2025

«Ракпен ауырған күйеуі де комада»: Ресей әскерін Қазақстанға жіберуді сұраған Симоньян ауыр дерт жұқтырды

9 Қыркүйек, 2025

«Рассрочка бар ма»: дұға сатумен айналысатын танымал блогер жұрттың жағасын ұстатты (ВИДЕО)

9 Қыркүйек, 2025

Қытай мен Қазақстан суретшілері Байшифэн тауында достық картинасын салды

9 Қыркүйек, 2025

Вашингтонның визалық талабы: АҚШ-қа барғысы келетін ресейліктер Астанаға ағылатын болды

9 Қыркүйек, 2025

Балқашта мектептерге жаппай теракт жасалмақ: Полиция мәлімдеме жасады

9 Қыркүйек, 2025

О баста халықтан сенат керек пе деп сұраған билік болған емес — Досай Кенжетай

8 Қыркүйек, 2025

«Мектепке кедергісіз кірді»: Танымал журналист хиджаппен сабаққа барған Айдана Меденованың қызын сынады

8 Қыркүйек, 2025
Advertisement
Demo
Facebook WhatsApp TikTok Instagram
© 2025 Todayinfo.kz. Designed by Todayinfo.
  • Жарнама
  • Байланыс
  • Сайт туралы

Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.