Close Menu
  • Басты бет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Әлем
  • Экономика
  • Жаңалықтар
  • Аймақ
    • Абай облысы
    • Алматы облысы
    • Алматы қаласы
    • Астана қаласы
    • Атырау облысы
    • Ақмола облысы
    • Ақтөбе облысы
    • БҚО
    • Жамбыл облысы
    • Жетісу облысы
    • Петропавл қаласы
    • Степногорск жаңалықтары
    • Түркістан облысы
    • Түркістан қаласы
    • ШҚО
    • Қарағанды облысы
    • Қызылорда облысы
    • Ұлытау облысы
What's Hot

«Қатты өкінемін»: Қазақтарды «мамбетке» теңеген блогер үкім алдында жылап жіберді

3 Қараша, 2025

Қазақ жазушысы Қытайдың мемлекеттік сыйлығын алды

3 Қараша, 2025

«Ешкімді блоктамадым»: Тұрсынбек Қабатов экс-әйелінің сұқбатына жауап берді

3 Қараша, 2025
Facebook X (Twitter) Instagram
Trending
  • «Қатты өкінемін»: Қазақтарды «мамбетке» теңеген блогер үкім алдында жылап жіберді
  • Қазақ жазушысы Қытайдың мемлекеттік сыйлығын алды
  • «Ешкімді блоктамадым»: Тұрсынбек Қабатов экс-әйелінің сұқбатына жауап берді
  • Батырхан Шүкеновтің жалғыз ұлы алғаш рет әкесі туралы естеліктерімен бөлісті
  • «Таза Өскемен» мекемесінің экс-басшылары 120 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
  • «Он төрт жыл үмітімді үзбей келдім»: Мөлдір Мұқан Тұрсынбекпен ажырасуға өзі бірінші ажырасуға арыз берген
  • Жамбыл облысы инвестиция тарту бойынша республикада үздік үштікте
  • Алматының Бостандық ауданының әкімі болып Азамат Қалдыбеков тағайындалды
  • Байланыс
  • Сайт туралы
  • Жарнама
  • Құпиялық саясаты
Facebook Instagram YouTube TikTok
todayinfo.kz ақпараттық порталыtodayinfo.kz ақпараттық порталы
Рус Қаз
Дүйсенбі, 3 Қараша
  • Басты бет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Әлем
  • Экономика
  • Жаңалықтар
  • Аймақ
    • Абай облысы
    • Алматы облысы
    • Алматы қаласы
    • Астана қаласы
    • Атырау облысы
    • Ақмола облысы
    • Ақтөбе облысы
    • БҚО
    • Жамбыл облысы
    • Жетісу облысы
    • Петропавл қаласы
    • Степногорск жаңалықтары
    • Түркістан облысы
    • Түркістан қаласы
    • ШҚО
    • Қарағанды облысы
    • Қызылорда облысы
    • Ұлытау облысы
Қаз Рус
todayinfo.kz ақпараттық порталыtodayinfo.kz ақпараттық порталы
Басты бет » «Шет мемлекеттер берген ақшаны ақтауға жұмыс істеп жүр» – Тоқаев кейбір құқық қорғаушылар, блогерлер мен журналистердің тірлігін сынады

«Шет мемлекеттер берген ақшаны ақтауға жұмыс істеп жүр» — Тоқаев кейбір құқық қорғаушылар, блогерлер мен журналистердің тірлігін сынады

24 апреля, 2025 Саясат
Share
Facebook Twitter LinkedIn Pinterest Email

Бүгін Қазақстан халқы Ассамблеясының ХХХІV сессиясында Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев этносаралық келісім, ұлттық бірлік және ақпараттық қауіпсіздік мәселелері жөнінде сөз сөйледі, деп хабарлайды Todayinfo.

Президент конструктивті сын мен арандатушылықты ажыратудың маңыздылығын атап өтті.

«Күріш пен күрмекті, конструктивті сын мен дәлелсіз мін тағуды, көңілге тимейтін пародия мен қорлауды айыра білу маңызды. Заң алдында бәрі тең. Біз этносаралық келісім мен бейбітшілікке сызат түсіретін кез келген арандатуға бұған дейін де жол берген жоқпыз, бұдан әрі де қатаң тосқауыл қоямыз», – деді мемлекет басшысы.

Президент бірқатар құқық қорғау ұйымдары мен жекелеген блогерлердің әрекетіне де назар аударды. Оның айтуынша, мұндай топтар әр оқиғаға саяси реңк беріп, ел ішінде тұрақсыздық тудыруға тырысады.

«Өздерін сөз еркіндігінің жақтаушысы ретінде көрсеткісі келетін кейбір құқық қорғау ұйымдарының өкілдері, блогерлер мен журналистер еліміздегі әр істен саяси, жағымсыз астар іздеп, шын мәнінде, арандатумен айналысып жүргенін айтпасқа болмайды. Бұл Қазақстаннан көшіп кетіп, шетелде жүріп халқымызға шабуыл жасайтын, тіпті, мемлекеттік органдарды бопсалайтын бұрынғы азаматтарымыздың әрекеті. Олар шет мемлекеттер берген ақшаны ақтауға жұмыс істеп жүр. Бүгінде мұны бәрі біледі», – деді президент.

Қасым-Жомарт Тоқаев демократия мен сөз бостандығын сырттан сатып алуға болмайтынын, ел ішіндегі кез келген мәселе ұлттық мүдде мен заңнамалық нормалар аясында шешілуі тиіс екенін айтты.

«Жақында шетелдік үкіметтік емес ұйымдардың әрекеттері әшкереленді. Сонда олардың арам ниеті, ашкөздігі мен Қазақстанға жаны ашымайтыны анық көрінді. Сондай-ақ кейбір танымал қазақстандық грант алушылардың көлеңкелі әрекеттері де белгілі болды. Қазақстанда проблема жоқ демейміз. Әрине, басқа елдердегідей бізде де түйткілдер бар. Бірақ біз оны әлдекімдердің әдістемесімен емес, өзіміздің ұлттық мүддеміз бен заңнама аясында шешеміз», – деді мемлекет басшысы.

Президент идеологиялық өшпенділіктің қазақ қоғамының болмысына жат екенін ескертіп, ұлттың тұтастығы мен бейбітшілігін сақтауда әр азаматтың жауапкершілігін ерекше атап өтті.

«Идеологиялық өшпенділік – біздің дүниетанымымызға мүлде жат. Дәстүріміз бен құндылықтарымыз, болмысымыз бен өмір салтымыз ұлтымызды біртұтас тарихи-мәдени және саяси қауым ретінде біріктіріп, тұтастығын бекемдейд», – деді Қасым-Жомарт Тоқаев.

Фото: Ақорда

Оқылып жатыр

1 қарашадан бастап бәрі өзгереді: жаңа заңдардың сізге тигізетін 5 әсері

«Әскерден гөрі түрме қауіпсіз»: Армия беделі дағдарысқа ұшырады ма?

Ұлы бағыттың өзгеруі: Қазақстан, Орта дәліз және Еуразияның жаңа геосаяси картасы

Қазақстандағы шетелдік маркетплейстер: Жаңа талап – ҚҚС төлеу, әйтпесе бұғаттау

Путин ЕАЭО-ның күшін жоя ма? № 778 жарлық «контрабандистерге» қалай жол ашады?

Кодпен келген отаршылдық: Тілдің тағдыры алгоритмнің тәрбиесіне тәуелді ме?

Соңғы жазбалар

«Қатты өкінемін»: Қазақтарды «мамбетке» теңеген блогер үкім алдында жылап жіберді

3 Қараша, 2025

Қазақ жазушысы Қытайдың мемлекеттік сыйлығын алды

3 Қараша, 2025

«Ешкімді блоктамадым»: Тұрсынбек Қабатов экс-әйелінің сұқбатына жауап берді

3 Қараша, 2025

Батырхан Шүкеновтің жалғыз ұлы алғаш рет әкесі туралы естеліктерімен бөлісті

3 Қараша, 2025

«Таза Өскемен» мекемесінің экс-басшылары 120 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді

3 Қараша, 2025

«Он төрт жыл үмітімді үзбей келдім»: Мөлдір Мұқан Тұрсынбекпен ажырасуға өзі бірінші ажырасуға арыз берген

3 Қараша, 2025

Жамбыл облысы инвестиция тарту бойынша республикада үздік үштікте

3 Қараша, 2025

Алматының Бостандық ауданының әкімі болып Азамат Қалдыбеков тағайындалды

3 Қараша, 2025

Жамбыл облысының әкімдігі 272 млн доллардың инвестициялық келісімдеріне қол қойды

3 Қараша, 2025

«Ресми түрде ажырастық»: Мөлдір Мұқанова көңілдесіне кеткен күйеуіне бола ұзақ уақыт балалары мен туыстарын алдаған

3 Қараша, 2025
Facebook WhatsApp TikTok Instagram
© 2025 Todayinfo.kz. Designed by Todayinfo.
  • Жарнама
  • Байланыс
  • Сайт туралы

Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.