Close Menu
  • Жарнама
  • Құпиялық саясаты
  • Байланыс
  • Сайт туралы
What's Hot

Қонаевқа осы жазда 860 мыңнан астам турист келді

12 Шілде, 2025

«Әйелімді жұбата алмадым»: Елдос Колобок өзінің белсіздігін әшкере қылған адамның арсыздығын айтты

12 Шілде, 2025

Қырғызстанға қыдырып барған қазақ боксшысы қаза тапты

12 Шілде, 2025
Facebook X (Twitter) Instagram
Trending
  • Қонаевқа осы жазда 860 мыңнан астам турист келді
  • «Әйелімді жұбата алмадым»: Елдос Колобок өзінің белсіздігін әшкере қылған адамның арсыздығын айтты
  • Қырғызстанға қыдырып барған қазақ боксшысы қаза тапты
  • Айгүл Мүкей 10 жылдан бері бедеу болған блогер туралы өз ойын айтты
  • «Қазақстанның үздік тауары»: 70-ке жуық ұлытаулық кәсіпкер өңірлік көрме-байқауына қатысты
  • Вице-премьер Ермек Көшербаев Алакөл көлінің жағалауындағы демалыс аймақтарын тексерді
  • Қонаев қаласында заманауи Балалар үйі ашылды
  • Павлодарда жұмысшы кәріз тазалап жүріп қайтыс болды
  • Байланыс
  • Сайт туралы
  • Жарнама
  • Құпиялық саясаты
Facebook Instagram YouTube TikTok
todayinfo.kz ақпараттық порталыtodayinfo.kz ақпараттық порталы
Рус Қаз
Жексенбі, 13 Шілде
  • Басты бет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Әлем
  • Экономика
  • Жаңалықтар
  • TodayTV
Rus
todayinfo.kz ақпараттық порталыtodayinfo.kz ақпараттық порталы
Home » Шетелдегі қазақ балалары да Қазақстанға көмек жинап жатыр (ВИДЕО)

Шетелдегі қазақ балалары да Қазақстанға көмек жинап жатыр (ВИДЕО)

17 апреля, 2024 Басты тақырып
Share
Facebook Twitter LinkedIn Pinterest Email

[Ресей, Моңғолия мен Өзбекстандағы қандастарымыз еліміздегі еріген қар суынан және тасқыннан зардап шеккен халықтың жағдайына алаңдаушылық білдіріп, көмек қолын созып жатыр. 

Ресейдің Омбы облысындағы қандастарымыз Солтүстік Қазақстан облысына жүк көлігіне тиелген азық-түлік, киім-кешек пен басқа да заттарды әкеліп жатса, Моңғолияның Баян-Өлгий аймағының тұрғындары да көмек беріп, қайырымды іске атсалысуда.

Қазақстанға гуманитарлық көмек мәселесін алғашқылардың бірі болып Баатаржав Жүкей есімді азамат көтерді. Ол Моңғолия қазақтарына Қазақстандағы бүгінгі қиын жағдай барша қазақтың басына түскен сын екенін айтып, үндеу жолдады.

«Моңғолия қазақтары – атажұрттың шарапатын көп көрген елміз. Сонау төңкерістен бастап, 30-40-жылдардағы оқу-ағарту, өнер, мәдениет, театр, баспа саласындағы жасаған жақсылықтарын айтып тауыспаспыз. Тіпті, 80-жылдардың соңына дейін жолдаған том-том кітаптар, тонна-тонна оқулықтар, тең-тең газет-журналдар біздің рухани өсіп-жетілуімізге өлшеусіз үлес болды. Нарықтың алғашқы қиын кезіндегі 5 мың тонна бидай көмегі, 2016 жылғы сел апатында Бас министрдің өзі келіп, қомақты көмек көрсеткенін ұмытпауымыз керек. Қазақ елі әлемдегі бар қазақты бауырына алып, басына үй, алдына малын салып, квота көмегін көрсетіп, баласын грантпен тегін оқытып беріп отыр. Қазақ еліндегі бүгінгі қиын жағдай – бар қазақтың басына түскен сын», – деді ол.

 

Осыдан кейін оның үндеуіне шетелдегі қандастарымыз қосыла кетті. Өлгий сұмынының жалпы білім беретін №1 мектебінен Жанар Ясымханқызы жетекшілік ететін 6 «Б» сынып оқушылары су тасқынына ұшыраған аймақтардағы балаларға арнап, 200 мың төгрөг (1 төгрөг – 0,13 теңге) жинап берді. Олар да үндеу жолдап, оны видеоға түсіріп, ел-елге, жер-жерге жіберді.

«Біз күнделікті тәтті заттарға сатып алатын ақшамызды Қазақстандағы достарымызға жібереміз», – деді оқушылар.

Соның нәтижесінде бүгін акция басталғаннан бергі 5 тәулік ішінде 5 043 048 төгрөг жиналды. Баян-Өлгий аймағы Кәсіподақтар федерациясының төрағасы Кеңшілік Ақбапиұлы су тасқынына ұшыраған облыстардың халқына көмек көрсету одан әрі жалғасып жатқанын айтты.

Ташкент қазақтары да гуманитарлық көмекке ақша жинауды бастады.

«Қазақстандағы бауырларымызға жәрдемге қаражат жинай бастадық. Қолдан келгенше өз көмектеріңізді беріңіздер», – деді Өзбекстан астанасында тұратын белсенді қандастар.

 

балалары ВИДЕО да жатыр жинап көмек шетелдегі қазақ Қазақстанға

Оқылып жатыр

ҰҚК төрағасының туысы болып танысты: Айжан Мұсақожаева ректор болу үшін 200 мың долларды алаяққа берген

Жат жұртта жүрген «жиен»: желіде Рахат Әлиевтің екінші некеден туған қызының суреті тарады

«Туристік аймақтардың дайындығы төмен»: Тоқаев Алакөлдегі жағдайды реттеуге тапсырма берді

«Тар бөлме, темір төсек, сасық ауа»: Үлде мен бүлдеге бөленген Перизат Қайраттың тергеудегі бөлмесі көрсетілді (ВИДЕО)

Перизат Қайраттың «соққыға жығылдым» деген мәлімдемесі  расталмады (ВИДЕО)

«80 млн доллар шығарған»: қашқын Қайрат Қожамжаровтың командасы елді қалай тонаған

Соңғы жазбалар

Қонаевқа осы жазда 860 мыңнан астам турист келді

12 Шілде, 2025

«Әйелімді жұбата алмадым»: Елдос Колобок өзінің белсіздігін әшкере қылған адамның арсыздығын айтты

12 Шілде, 2025

Қырғызстанға қыдырып барған қазақ боксшысы қаза тапты

12 Шілде, 2025

Айгүл Мүкей 10 жылдан бері бедеу болған блогер туралы өз ойын айтты

12 Шілде, 2025

«Қазақстанның үздік тауары»: 70-ке жуық ұлытаулық кәсіпкер өңірлік көрме-байқауына қатысты

12 Шілде, 2025

Вице-премьер Ермек Көшербаев Алакөл көлінің жағалауындағы демалыс аймақтарын тексерді

12 Шілде, 2025

Қонаев қаласында заманауи Балалар үйі ашылды

12 Шілде, 2025

Павлодарда жұмысшы кәріз тазалап жүріп қайтыс болды

12 Шілде, 2025

«Қашып кеткің келеді»: Аша Матай жан сырын бөлісті

12 Шілде, 2025

«Жауапкершілікті Құдайға арту»: Нұраддин Садықов жеңілісті «Алланың қалауы» деп ақталатындарды сынады

12 Шілде, 2025
Advertisement
Demo
Facebook WhatsApp TikTok Instagram
© 2025 Todayinfo.kz. Designed by Todayinfo.
  • Жарнама
  • Байланыс
  • Сайт туралы

Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.