Фото: istockphoto.com
Қызылорда облысында 1988 жылғы ер адам бала зорлау ісі бойынша күдікті деп танылып, үстінен қылмыстық іс қозғалды, деп хабарлайды Todayinfo.
Адам шошырлық іс туралы алғаш болып заңгер Ләззат Рақышева жариялады. Оның мәліметінше, оқиға Шиелі ауданында болған, ал зорланған бүлдіршін – небәрі бес жаста.
«Өкінішке орай бұл жағдай расталды. Қылмыстық іс қозғалыпты», – деп жазды Ләззат Рақышева.
Қызылорда облысының Полиция департаменті ресми түрде мәлімет таратпады.

