Close Menu
  • Жарнама
  • Құпиялық саясаты
  • Байланыс
  • Сайт туралы
What's Hot

«Жазасыз қалмау керек, бұл —қылмыс»: белгілі журналист әнші Наркенже Серікбаеваны күллі оңтүстікке күйе жақты деп сынады

24 Маусым, 2025

Корпоративке бармағандардан 256 мың теңге ұсталады: Салықтан жалтарған Айдын Рахымбаевтың BI group компаниясы тағы дауға қалды

24 Маусым, 2025

Air Astana Таяу Шығысқа рейстерді қайта қалпына келтіруді жоспарлап отыр

24 Маусым, 2025
Facebook X (Twitter) Instagram
Trending
  • «Жазасыз қалмау керек, бұл —қылмыс»: белгілі журналист әнші Наркенже Серікбаеваны күллі оңтүстікке күйе жақты деп сынады
  • Корпоративке бармағандардан 256 мың теңге ұсталады: Салықтан жалтарған Айдын Рахымбаевтың BI group компаниясы тағы дауға қалды
  • Air Astana Таяу Шығысқа рейстерді қайта қалпына келтіруді жоспарлап отыр
  • Атырауда Мирас Жүгінісов пен Qanay-дың концерті өтпей, шуға ұласты
  • Ақсудағы дауылдан қаза тапқан әйелдің отбасына қандай көмек көрсетілді
  • Наркенженің назы: Елді шулатқан әнші сөзінен «секіріп», басшысымен бірікті
  • «Ұлын құтқармақ болған»: Алматы облысына баласы мен анасы қатар суға кетті
  • Владимир Зеленский соғыс аяқталғанға дейін президенттіктен кетпейтінін айтты
  • Байланыс
  • Сайт туралы
  • Жарнама
  • Құпиялық саясаты
Facebook Instagram YouTube TikTok
todayinfo.kz ақпараттық порталыtodayinfo.kz ақпараттық порталы
Рус Қаз
Сәрсенбі, 25 Маусым
  • Басты бет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Әлем
  • Экономика
  • Жаңалықтар
  • TodayTV
Rus
todayinfo.kz ақпараттық порталыtodayinfo.kz ақпараттық порталы
Home » Шоу- бизнестегі абьюзерлер: әнші-әртістердің бет — бейнесіндегі екіжүзділік

Шоу- бизнестегі абьюзерлер: әнші-әртістердің бет — бейнесіндегі екіжүзділік

10 апреля, 2025 Руханият
Share
Facebook Twitter LinkedIn Pinterest Email

Танымал актер Шәріп Серік пен оның құрбысы Әлия Бөтеева арасындағы жағдай әлеуметтік желі қолданушыларын дүр сілкіндірді. Шәріпті әріптестері мен таныстары да айыптап, компаниялар онымен келісімшартты тоқтатты. Алайда бұл шоу-бизнес әлеміндегі бірінші жағдай емес. Жұлдыздар да зорлық-зомбылықтың құрбанына айналып жатады. Қоғам мұндай оқиғаларға қалай қарайды? Шетелде қалыптасқан «cancel culture» мәдениетін үйрене алдық па?

                                           ЖАРТЫЛАЙ ЖАЛАҢАШ ШӘРІП СЕРІК

Инстаграмда жарияланған видеода актердің бойжеткенді жұлқылап, лифтіден тартып алып кеткенін көруге болады. Әлия актердің өзіне қол көтергенін де мәлімдеді. Осыдан кейін танымал әншілер, актерлер, инфлюенсерлер бойжеткенге қолдау білдірді. Ал Salem Entertainment Шәріп Серік түскен сериалдардың тоқтатылатынын хабарлады. Сонымен қатар бүгіннен үлкен экранға жол тартатын «Патруль» фильміндегі актер сомдаған эпизодтар да картинадан алынып тасталды.

Бұл Шәріпке қатысты бір ғана жанжал емес. Бұрын онымен некеде болған әнші Say Mo-да актердің өзіне қол жұмсағанын айтты.

«Мен сол кезде қолымда дәлел болмаған соң, бұл тақырыпты ашық қозғауға қорықтым. Себебі оның анасы – адвокат. Оның үстіне бәрі мені кінәлап, кейбір таныстарым менен теріс айналды. Есімде, ЖК Вавилонның алдында қол көтерген еді, бірақ бейнебақылау жазбасын ала алмадым. Ал сол түні әрі қарай не болғанын айтсам – ол ұзақ әрі қорқынышты әңгіме», – деді ол танымал коуч Роза Әшірбаеваға хатында.

Кейінірек Шәріп Серік бұл жағдай үшін кешірім сұрады.

                                   АХМЕТОВАЛАР ЖӘНЕ РУСЛАН ХАЙРУЛЛАЕВ

Желіде қызу талқыланған тағы бір жұп – Наима Байсафа мен Руслан Хайруллаев.

Наима Байсафа –қоғам қайраткері және қайырымдылық қорының негізін қалаушы Жанна Ахметованың қызы. 2018 жылы олардың отбасы қайғылы жағдайға тап болды: МГИМО студенті Томирис Байсафа белгісіз жағдайда қаза тапты. Жанна Ахметова ресми нұсқаны қабылдамай, төрт жыл бойғы күрестің нәтижесінше, экс-Дагестан премьер-министрінің ұлы Муртузали Меджидов кінәлі деп танылды.

Енді екінші қызы Наима да келеңсіз оқиғамен бетпе-бет келді. Ол кәсіпкер әрі коуч Руслан Хайруллаевпен екі жылдан кейін ажырасты. Оның сөзінше, экс-күйеуі Руслан тарапынан экономикалық қысымға ұшыраған. Дүниеге сәби келгеннен кейін де әке ретінде қаржылай көмек бермеген. Бірақ Хайруллаев «соңғы 3-4 ай ішінде анасы мен қызына 11 млн теңге жібергенін» айтады. Көпшілік бұл оқиғада бірден Наиманың жағына шығып, Русланды жауапкершіліктен қашты деп кінәлады.

                                «МЕЛОМЕН» ӘНШІСІ ҒАБИТ БИБАСҰЛЫ МЕН НҰРИЛЛА АҚБЕРГЕН

«Меломен» тобының әншісі Ғабит Бибасұлын бұрынғы жұбайы Нұрилла Ақберген тұрмыстық зорлық көрсетті деп айыптады. Ол жеті жыл бірге тұрған кезде күйеуінің қол көтергенін ашық мәлімдеді.

«Алты жарым жылдай бірге өмір сүрдік. Бізге ешкім араласқан жоқ. Ажырасу менің шешімім болды. Екі адамның бірі осы ойға бекінсе, оған үшінші адамның қатысы жоқ. Қазір әйел құқығы қатты қорғалып жатыр. Осыған мен қатты қуаныштымын. Бес жыл үйде отырдым. Бес жыл таяқ жеп өмір сүрдім. Осы аралықта керемет тамақ істеп, үй шаруасымен айналыстым.», — дейді Нұрила Ақберен.

Сөзінше, Қуандық Бишімбаев ісінен кейін Салтанат тәрізді құрбан болудан қорқып, ажырасуға бел байлаған. Кейін әншінің өзі де әйелін ұрғанын мойындады. Сөзінше «жұдырықпен емес, 5-6 рет шапалақпен ұрған». Қазіргі таңда олар бөлек тұрады.

                                        АСХАТ САДЫРБАЙ МЕН АЙҒАНЫМ БОЛАТҚЫЗЫ

Жұбайынан зорлық көрдім деген тағы бір келіншек – тележурналист Асхат Садырбайдың бұрынғы жұбайы Айғаным Болатқызы. Ол ютуб арнасына сұхбат беріп, күйеуінен көрген қорлықтарын айтты.

«Асхат жол апатынан кейін қалада қалып, біз ауылға көштік. Кейін ол балдақпен жүре бастады. Бірде баланы емізіп отырғанда, енем Асхатқа барып, «баланы бермей жатыр» деген. Сол кезде Асхат келіп, балдағымен мені ұрды», – дейді ол.

Сондай-ақ «тыныш жүрген баланы жылатып, әйеліне аяқ киім лақтырғанын» айтады. Ол тіпті үйге жасырын камера орнатқан.

Асхат Садырбай бұл айыптауларды жоққа шығарды. Оның айтуынша, әйелінің психологиялық мәселелері бар, ал камера – қауіпсіздік мақсатында орнатылған.

                                       НҰРСҰЛТАН ЖАҚСЫГЕН МЕН ФАРИЗА АЛМАСҚЫЗЫ

Шулы ажырасулардың бірі – актер Нұрсұлтан Жақсыген мен Фариза Алмасқызының оқиғасы. Нұрсұлтан Жақсыген — «Жайдармандағы» ойындарынан кейін танымал болған актер. Экс-жұбайы Фаризаның интимдік гимнастика бойынша курстары бар.

Екі ұлды тәрбиелеп отырған жұп бес жылдық некеден кейін ажырасты. Бұл оқиғада физикалық емес, моральдық зорлық байқалады. Фариза енесінің «айлығын әкеп беруді талап еткенін, жұмысқа шығармағанын» айтады. Тіпті ажырасу туралы сөз ата-енесінің аузынан шыққан көрінеді. Бірақ ажырасқаннан кейін де дау тоқтамады. Нұрсұлтан Жақсыгенді бұрынғы жұбайы балаларға төлейтін алимент сомасын азайтып жіберді деп айыптады.

«Сот орындаушыдан хабар келді. Нұрсұлтан Жақсыген арыз жазып кетіпті. Алименттің бәрін төлей алмаймын, аз сома шығарып беріңіз деп талап қойған», – деп жазды экс әйелі.

                                   «СANCEL CULTURE» МӘДЕНИЕТІ БІЗДІҢ ЕЛДЕ БАР МА?

Шәріп Серіктің оқиғасындағы маңызды жайт – ол жұмыс істеген компаниялар актермен бірден келісімшартты үзді. Salem Entertainment оның әрекетін құптамайтынын айтып, «қара тізімге» қосқанын мәлімдеді. Белгілі адамның зорлық-зомбылық жасағанын көпшілік алдында айыптау, зорлыққа жол бермеу – бұл cancel culture деп аталады. Бұл құбылыс АҚШ пен Еуропада кең тараған.

«Cancel culture» – әлеуметтік желілер мен азаматтық белсенділік күшейген кезде пайда болған ұғым. Бұрын танымал тұлғалардың даулы әрекеттері тек БАҚ арқылы таралса, қазір кез келген адам әлеуметтік желіде дау тудырып, көпшіліктің реакциясын қалыптастыра алады.

        Шетелдегі мысалдар

Джонни Депп пен Эмбер Херд: Депп зорлық айыптары салдарынан жобаларынан айырылды. Кейін сот оны кінәсіз деп танығанда, қоғам Эмбер Хердті айыптады. Дж.К. Роулиң: Трансгендерлер туралы пікірлері үшін бойкотқа ұшырады.
Кевин Харт: Ескі гомофобиялық әзілдері үшін «Оскар» жүргізушісі болу мүмкіндігінен айырылды.
Қазақстанда бұл мәдениеттің толық қалыптасқаны жөнінде айту қиын. Дегенмен соңғы жылдары бірнеше мысал пайда болды.

Qazaq Coffee жағдайы – соның бірі. Келуші қазақ тіліндегі мәзірді сұрағанда, әкімшілік қызметкерлерінің қазақша жауап беруге міндетті еместігін алға тартқан. Осыдан кейін желі қолданушылары 2ГИС арқылы теріс пікірлер қалдырып, мекеменің рейтингі 1,2 жұлдызға дейін төмендеді. Ақырында дәмхана парақшасын өшіріп, жабылып қалды.

Шәріп Серіктің оқиғасы да – жақсы мысал. Бұл қоғамның әділетсіздікке бей-жай қарамайтынын, зорлыққа қарсы тұра алатынын көрсетті.

Ақпарат көзі: Juzmedia.kz

cancel culture айыптау актер бас тарту Жұлдыздар зорлық Шәріп Серік қазақ жұлдыздары

Оқылып жатыр

«Бұзауын ерткен сиырдай»: Меруерт Түсіпбаева дәретханадан басқа жерге мобилограф ертіп жүретін әншілерді сынады

Ластығы әбден өтіп кеткен: Танымал дінтанушы өзгенің психологиялық сабақтарын сатқан Айнұр Тұрсынбаеваны сынады

«Тау ішінде» бейнебаяны татуировка жасауға үндейді: танымал ақын Димаш Құдайбергенді сынап тастады

«Әйелің анаңдай тілеуіңді тілемейді»: Азамат Сатыбалдының пікірі қоғамда қызу талқыға түсіп жатыр (ВИДЕО)

«Өте таза және мықты»: депутат Еділ Жаңбыршин жала жабылған әріптесін жақтап шықты

«Таңертең мас күйде, отырдым таксиге..»: Ұлықпан Жолдасов талғамы төмен Садраддинге шүйлікті (ВИДЕО)

Соңғы жазбалар

«Жазасыз қалмау керек, бұл —қылмыс»: белгілі журналист әнші Наркенже Серікбаеваны күллі оңтүстікке күйе жақты деп сынады

24 Маусым, 2025

Корпоративке бармағандардан 256 мың теңге ұсталады: Салықтан жалтарған Айдын Рахымбаевтың BI group компаниясы тағы дауға қалды

24 Маусым, 2025

Air Astana Таяу Шығысқа рейстерді қайта қалпына келтіруді жоспарлап отыр

24 Маусым, 2025

Атырауда Мирас Жүгінісов пен Qanay-дың концерті өтпей, шуға ұласты

24 Маусым, 2025

Ақсудағы дауылдан қаза тапқан әйелдің отбасына қандай көмек көрсетілді

24 Маусым, 2025

Наркенженің назы: Елді шулатқан әнші сөзінен «секіріп», басшысымен бірікті

24 Маусым, 2025

«Ұлын құтқармақ болған»: Алматы облысына баласы мен анасы қатар суға кетті

24 Маусым, 2025

Владимир Зеленский соғыс аяқталғанға дейін президенттіктен кетпейтінін айтты

24 Маусым, 2025

БАҚ: Түркияда төңкеріс жасалмақ болған

24 Маусым, 2025

«Бұл — анық сексизм»: халықаралық ұйым шахматшы Бибісара Асаубаеваның эротикалық фотосын жариялап жіберді

24 Маусым, 2025
Advertisement
Demo
Facebook WhatsApp TikTok Instagram
© 2025 Todayinfo.kz. Designed by Todayinfo.
  • Жарнама
  • Байланыс
  • Сайт туралы

Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.