Close Menu
  • Басты бет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Әлем
  • Экономика
  • Жаңалықтар
  • TodayTV
What's Hot

«Сын айтыңыз, бірақ жекеге өтпеңіз»: Полиция қызметіне сын айтқан депутат Базарбекке Қошанов ескерту жасады

15 Қазан, 2025

Табыстың басым бөлігі Құлыбаевтар алды: Алматыдағы танымал «Car City» сауда орталығы кімге тиесілі?

15 Қазан, 2025

«Болашақтың» түлегі экс-депутат Жұлдыз Сүлейменованың орнын басады

15 Қазан, 2025
Facebook X (Twitter) Instagram
Trending
  • «Сын айтыңыз, бірақ жекеге өтпеңіз»: Полиция қызметіне сын айтқан депутат Базарбекке Қошанов ескерту жасады
  • Табыстың басым бөлігі Құлыбаевтар алды: Алматыдағы танымал «Car City» сауда орталығы кімге тиесілі?
  • «Болашақтың» түлегі экс-депутат Жұлдыз Сүлейменованың орнын басады
  • Kaspi қалай халықтың қалтасын қақшудың шеберіне айналды?!
  • «Жұмысшылар есірткіге мас күйінде болған»: Астанадағы құрылыс алаңдарының бірінде 17 жастағы бозбала көз жұмды
  • Жауапты өндіріс: бизнес пен қоғамның ортақ жауапкершілігі
  • «Әскери нысандар алдымен атқыланады»: АҚШ-тың аса қауіпті зымырандары Ресейді қалай талқандамақ
  • Айбар Олжай: Қазір кредиттің емес, депозиттің заманы келді
  • Байланыс
  • Сайт туралы
  • Жарнама
  • Құпиялық саясаты
Facebook Instagram YouTube TikTok
todayinfo.kz ақпараттық порталыtodayinfo.kz ақпараттық порталы
Рус Қаз
Сәрсенбі, 15 Қазан
  • Басты бет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Әлем
  • Экономика
  • Жаңалықтар
  • TodayTV
Қаз Рус
todayinfo.kz ақпараттық порталыtodayinfo.kz ақпараттық порталы

ШҚО-да былтыр жөнделген жолдардың сапасы сын көтермейді

18 Шілде, 2024 Жаңалықтар
Share
Facebook Twitter LinkedIn Pinterest Email

Фото: Әділ Пішенов әлеуметтік желідегі парақшасынан алынды

Шығыс Қазақстан облысында былтыр жөндеуден өткен асфальт көшелер бұрынғы күйіне түскен. Бұл туралы «Әділдік жолы» республикалық қоғамдық бірлестігі ШҚО филиалының басшысы Әділ Пішенов әлеуметтік желідегі парақшасына жазды.

Пішенов мамырда Марқакөл ауданы Марқакөл ауылына барып, жолдарды орташа жөндеуге мониторинг жүргізген. Сапар барысында бірқатар деректі анықтаған:

    • 650 метр Журба көшесіне жөндеу жұмыстары жүргізілген. Алайда жолдағы ойық жерлерінің тереңдігі 10 см-ге дейін барады.
    • 400 метрге созылып жатқан Құдайбердиев көшесіне асфальт мүлде төселмеген.
    • 380 метр Лесная көшесінде кей жерде асфальт жоқ.
    • Б. Момышұлы көшесінде жолдың беті жырымдалып кеткен, асфальт толқынының биіктігі 10 см дейін жетеді.

Қоғам белсендісінің жазуынша, бәрін қосқанда шамамен 1,5 шақырым жолға 59 253 710 теңге жұмсалған. Тапсырыс беруші – Марқакөл ауылдық округі әкімдігі, орындаушы – «Маркакөл жолдары» ЖШС. Шарт 26 сәуірде жасалып, жұмыстар мамырда бітуі керек болған.

Осы мәселе бойынша филиал басшысы ШҚО сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметі мен экономикалық тергеу департаментіне жүгінген. Нәтижесінде ШҚО Ішкі аудит департаментінен ешқандай кемшілік жоқ екені және Марқакөл ауылы әкімдігінің анықтамасына сәйкес жұмыстың бәрі тәртіппен жасалғаны жөнінде жауап келген.

Ал біткен жұмысты техникалық қадағалаушы жеке кәсіпкер қабылдап алған, соған байланысты ол тексерілмеген. Сондай-ақ ШҚО Мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылау басқармасы да орташа жөндеу олардың құзырына жатпайтындынын айтып, бас тартқан.

Айта кетейік, аталған жеке кәсіпкермен былтыр 27 маусымда шарт жасалған. Ал орташа жөндеу туралы шарт бойынша жұмыстар мамырда аяқталуға тиіс еді. Техникалық қадағалаушы асфальтты төсеп жатқанда және жұмыстарды қабылдау кезінде қатысуға тиіс болса, ол өз қызметін құжаттағы мерзім бойынша асфальт төсегеннен кейін жүргізген. Болмаса жұмыстың өзі мерзімінен кешіктірілген.

«Сайып келгенде, кемшілік бар, бірақ асфальттың сапасыз төселгенін және төсеу технологиясын бұза отырып салғанын дәлелдей алмай отырмыз. Бір де бір мемлекеттік орган бас ауыртқысы келмейді. Ешкім қарапайым ауыл тұрғындарының өміріне алаңдамайды. Кімге сенеміз? Біреу осы жолда апатқа ұшыраса оған кім жауап береді?», — дейді Әділ Пішенов.

 

 

былтыр жолдың жөнделген көтермейді сапасы сын ШҚОда

Оқылып жатыр

«Сын айтыңыз, бірақ жекеге өтпеңіз»: Полиция қызметіне сын айтқан депутат Базарбекке Қошанов ескерту жасады

Табыстың басым бөлігі Құлыбаевтар алды: Алматыдағы танымал «Car City» сауда орталығы кімге тиесілі?

«Болашақтың» түлегі экс-депутат Жұлдыз Сүлейменованың орнын басады

«Жұмысшылар есірткіге мас күйінде болған»: Астанадағы құрылыс алаңдарының бірінде 17 жастағы бозбала көз жұмды

Айбар Олжай: Қазір кредиттің емес, депозиттің заманы келді

Тұман, дауыл, үсік: Еліміздің бірнеше облысында қолайсыз ауа-райы сақталады

Соңғы жазбалар

«Сын айтыңыз, бірақ жекеге өтпеңіз»: Полиция қызметіне сын айтқан депутат Базарбекке Қошанов ескерту жасады

15 Қазан, 2025

Табыстың басым бөлігі Құлыбаевтар алды: Алматыдағы танымал «Car City» сауда орталығы кімге тиесілі?

15 Қазан, 2025

«Болашақтың» түлегі экс-депутат Жұлдыз Сүлейменованың орнын басады

15 Қазан, 2025

Kaspi қалай халықтың қалтасын қақшудың шеберіне айналды?!

15 Қазан, 2025

«Жұмысшылар есірткіге мас күйінде болған»: Астанадағы құрылыс алаңдарының бірінде 17 жастағы бозбала көз жұмды

15 Қазан, 2025

Жауапты өндіріс: бизнес пен қоғамның ортақ жауапкершілігі

15 Қазан, 2025

«Әскери нысандар алдымен атқыланады»: АҚШ-тың аса қауіпті зымырандары Ресейді қалай талқандамақ

15 Қазан, 2025

Айбар Олжай: Қазір кредиттің емес, депозиттің заманы келді

15 Қазан, 2025

Тұман, дауыл, үсік: Еліміздің бірнеше облысында қолайсыз ауа-райы сақталады

15 Қазан, 2025

«Тоқаевтың тапсырмасын пайдаланған депутат миллиардер атанды»: ШҚО көпір салған компания басшысы қыруар ақшаға қалай кенелді

15 Қазан, 2025
Facebook X (Twitter) Instagram Pinterest
  • Жарнама
  • Құпиялық саясаты
  • Байланыс
  • Сайт туралы
© 2025 Todayinfo.kz. Designed by Todayinfo.

Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.