Close Menu
  • Басты бет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Әлем
  • Экономика
  • Жаңалықтар
  • TodayTV
What's Hot

«Ұрланған гранит, орға түскен машина»: ашуға мінген Дархан Сатыбалды аудан әкімінің орынбасарын қызметтен қуып жіберді

19 Қыркүйек, 2025

«Күйеу балаға төс тарту дәстүрі қазақта жоқ»: Ұлттық құндылықтарды дәріптеуші дәстүрді жоққа шығарды

19 Қыркүйек, 2025

Ерболат Досаев жаңа қызметке тағайындалды

19 Қыркүйек, 2025
Facebook X (Twitter) Instagram
Trending
  • «Ұрланған гранит, орға түскен машина»: ашуға мінген Дархан Сатыбалды аудан әкімінің орынбасарын қызметтен қуып жіберді
  • «Күйеу балаға төс тарту дәстүрі қазақта жоқ»: Ұлттық құндылықтарды дәріптеуші дәстүрді жоққа шығарды
  • Ерболат Досаев жаңа қызметке тағайындалды
  • «Подстава»: Атышулы блогер Жанабыловтардың ісінде кімнің кінәлі екені анықталды
  • «Менің парақшам тек проблемаларды айту үшін емес»: Депутат Дәулет Мұқаевтың жазбасы елдің ашуын тудырды
  • Ахмет Байтұрсынұлының бұрын-соңды жарияланбаған суреті табылды
  • «Бақыт тыныштықты қалайды»: Димаш Құдайбергеннің белгісіз бойжеткенді құшақтап тұрған суреті пайда болды
  • Қызылордада әлеуметтік төлемдер бойынша алаяқтық жасаған екі адамға үкім шықты
  • Байланыс
  • Сайт туралы
  • Жарнама
  • Құпиялық саясаты
Facebook Instagram YouTube TikTok
todayinfo.kz ақпараттық порталыtodayinfo.kz ақпараттық порталы
Рус Қаз
Суббота, 20 Қыркүйек
  • Басты бет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Әлем
  • Экономика
  • Жаңалықтар
  • TodayTV
Қаз Рус
todayinfo.kz ақпараттық порталыtodayinfo.kz ақпараттық порталы
Home » «Шұғыл шешуді талап етеміз»: Алматы облысында мектеп мұғалімдері оқу жылы басталмай жатып шу шығарды

«Шұғыл шешуді талап етеміз»: Алматы облысында мектеп мұғалімдері оқу жылы басталмай жатып шу шығарды

4 Қыркүйек, 2024 Қоғам
Share
Facebook Twitter LinkedIn Pinterest Email
Алматы облысында бір мектептің мұғалімдері түгелдей жұмыссыз қалуы мүмкін. Олар ұжым болып Мемлекет басшысынан көмек сұрады, деп хабарлайды Todayinfo.

Айтуларынша мектептегі 35 қазақ сыныбының тек жартысы биыл жабылып қалған. Мұғалімдердің жанайқайын аудандық Білім бөлімінің басшылары дер кезінде тыңдамаған.

«Жалпы Еңбекшіқазақ ауданы Шелек ауылында 9 мектеп бар, мектепке қажеттілік жоқ десе де болады. Молдағұлова мектебінде 947 оқушы болған, қазір 460 бала ғана қалған, біразы тағы да кету үшін құжаттарын сұрап жатыр. Ауданда үш ауысымдық мектептер өте көп, 400-500 орындық мектепте 2000-ға жуық бала оқиды. Автобуспен сандалып оқитын ауылдар да бар, осы жерлерге жаңа мектеп салмай,  Шелекке жаңа мектеп салуы қалай?», — деді аудан тұрғындары.  

Жұмыссыз қаламыз деген мектептің мұғалімдері Президенттен, Үкімет басшысынан көмек сұрады.

«44 жылдық тарихы бар Ә. Молдағұлова атындағы мектептің ұжымына жұмыссыз қалу қауіпі төніп тұр. Мектеп жанынан жаңадан Әбдуәли Қайдар атындағы мектептің ашылуына байланысты сыныптар жабылуда. Осында еңбек етіп отырған 85-ке жуық мұғалімге жұмыссыз қалу қауіпі туды. Осы сұрақты шұғыл түрде қарап, шешулеріңізді талап етеміз», — деді мұғалімдер.

Олардың сөзінше, былтырғы оқу жылында 35 қазақ сыныбы болса, биыл олардың саны елу пайызға дейін  бірақ қысқарған.

«3 қыркүйектегі жағдай бойынша қазақ тілінде білім алатын сыныптардың саны 17-ғана. 2023-2024 жылы мектепте 89 мұғалім болса, оның төртеуі бала күтімінде. Биылғы оқу жылында олардың елу пайызы жұмыссыз қалмақ. Талабымыз, мұғалімдердің сағат саны сақталсын. Оқушыларды басқа мектепке шұғыл түрде қабылдауын тоқтатсын немесе жаңа мектепке бізді бүкіл ұжыммен көшірсін. Өгіз өлмейтіндей, арба сынбайтындай таразының басын теңестіруді сұраймыз», — деген ұжымдық үндеулерінде ұстаздар.

Олардың сөзінше, ұстаздар қазақ сыныбын көбейту үшін ұзақ жыл еңбек еткен. Енді сол еңбекті аудандық білім бөлімі жоқ қылмақ.

Ал Еңбекшіқазақ аудандық Білім бөлімінің басшысы Арайлым Төлеубекова, облыс басшыларына басқаша мәлімет берді. Оның сөзінше, бүгінгі күнге дейін Ә.Молдағұлова атындағы орта мектептен 279 оқушы мен 12 мұғалім жаңа мектепке ауысқан. Мұғалімдердің жұмыс сағаты қысқарып қалады деген қауіп жоқ.

«Бүгінгі таңда Ә.Молдағұлова атындағы орта мектепте 543 оқушы білім алуда. Алдағы уақытта да, аталған мектептің оқушылары жаңа мектепке ауысқан жағдайда, мұғалімдер жұмыспен қамтылатын болады. Қазіргі уақытта мектептегі оқу үрдісі бекітілген кестеге сәйкес жүргізілуде», — деп хабарлады Алматы облысы әкімдігінің баспасөз қызметі. 

Оқылып жатыр

«Күйеу балаға төс тарту дәстүрі қазақта жоқ»: Ұлттық құндылықтарды дәріптеуші дәстүрді жоққа шығарды

Ақтөбеде дәрігерді қатыгездікпен өлтіру ісі: сотта сұмдық деректер жарияланды

«Рассрочка бар ма»: дұға сатумен айналысатын танымал блогер жұрттың жағасын ұстатты (ВИДЕО)

«Келеңсіз оқиғаларды жиі көруге болады»: Тоқаев қоғамдық орындарда айқай-шу шығарып, балағат сөз айтатын әйелдерді сынады

«Арзан пиар, TikTok-қа жатып алған»: Қанды қылмыстан арылмаған Талғардың басшылары той тойлауды тоқтатпаған

Бауыр обыры: Белгілі журналист Жарылқап Қалыбай қатерлі дертке шалдықты

Соңғы жазбалар

«Ұрланған гранит, орға түскен машина»: ашуға мінген Дархан Сатыбалды аудан әкімінің орынбасарын қызметтен қуып жіберді

19 Қыркүйек, 2025

«Күйеу балаға төс тарту дәстүрі қазақта жоқ»: Ұлттық құндылықтарды дәріптеуші дәстүрді жоққа шығарды

19 Қыркүйек, 2025

Ерболат Досаев жаңа қызметке тағайындалды

19 Қыркүйек, 2025

«Подстава»: Атышулы блогер Жанабыловтардың ісінде кімнің кінәлі екені анықталды

19 Қыркүйек, 2025

«Менің парақшам тек проблемаларды айту үшін емес»: Депутат Дәулет Мұқаевтың жазбасы елдің ашуын тудырды

19 Қыркүйек, 2025

Ахмет Байтұрсынұлының бұрын-соңды жарияланбаған суреті табылды

19 Қыркүйек, 2025

«Бақыт тыныштықты қалайды»: Димаш Құдайбергеннің белгісіз бойжеткенді құшақтап тұрған суреті пайда болды

19 Қыркүйек, 2025

Қызылордада әлеуметтік төлемдер бойынша алаяқтық жасаған екі адамға үкім шықты

19 Қыркүйек, 2025

«Орыстілді ел деп ойлағаны қынжылтты»: Әлем чемпионатында қазақстандық боксшыларға сұрақтарды орысша дайындаған

19 Қыркүйек, 2025

«Отбасылық оқиғаларды жария ету орынсыз»: Белгілі қоғам қайраткері Ардақ Назаровтың халықтан кешірім сұрауын талап етті

19 Қыркүйек, 2025
Advertisement
Demo
Facebook WhatsApp TikTok Instagram
© 2025 Todayinfo.kz. Designed by Todayinfo.
  • Жарнама
  • Байланыс
  • Сайт туралы

Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.