Close Menu
  • Басты бет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Әлем
  • Экономика
  • Жаңалықтар
  • TodayTV
What's Hot

Денесінде ондаған оқ қалған Руслан Берденов Пекинде ресторан ашты

1 Қараша, 2025

В Пекине откроется ресторан-музей казахской кухни Sandyq

1 Қараша, 2025

«Тұғырдан құлап бара жатқан Назарбаевтың» мүсінін Мәскеу сатып алды

1 Қараша, 2025
Facebook X (Twitter) Instagram
Trending
  • Денесінде ондаған оқ қалған Руслан Берденов Пекинде ресторан ашты
  • В Пекине откроется ресторан-музей казахской кухни Sandyq
  • «Тұғырдан құлап бара жатқан Назарбаевтың» мүсінін Мәскеу сатып алды
  • Қапыда кеткен қайран ер: Ержан Бабақұмаровты жетісулықтар жер қойнына тапсырды
  • Жекпе-жек балуаны желіде лайк жинаймын деп түрмеге түсті
  • Көкшетауда жатақхана дәретханасынан студенттің өлі денесі табылды
  • Қазақ пен қырғыз туралы қорлық сөздер айтқан боксшының экс-әйелін Қазақстан полициясы іздеп жатыр
  • Kaspi Alaqan: картасыз, QR-сыз алақанмен сауда жасай беретін жүйе іске қосылды
  • Байланыс
  • Сайт туралы
  • Жарнама
  • Құпиялық саясаты
Facebook Instagram YouTube TikTok
todayinfo.kz ақпараттық порталыtodayinfo.kz ақпараттық порталы
Рус Қаз
Жексенбі, 2 Қараша
  • Басты бет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Әлем
  • Экономика
  • Жаңалықтар
  • TodayTV
Қаз Рус
todayinfo.kz ақпараттық порталыtodayinfo.kz ақпараттық порталы
Басты бет » Шуда жасыл желек жайқала бермек: аты танымал қаланың экономикалық өсімі мен түсімі артты

Шуда жасыл желек жайқала бермек: аты танымал қаланың экономикалық өсімі мен түсімі артты

5 Қыркүйек, 2025 Жамбыл облысы
Share
Facebook Twitter LinkedIn Pinterest Email

2025 жылдың қаңтар–тамыз айларында Шу қаласында әлеуметтік-экономикалық даму қарқыны айтарлықтай артты. Қала басшылығының айтуынша, биылғы жыл – Шу үшін жаңа белес болмақ, деп хабарлайды Todayinfo.kz ақпараттық агенттігі.

                                Жолдар мен аялдамалар жаңарып жатыр

Қалада жалпы ұзындығы 204 шақырымды құрайтын 313 көше бар. Соңғы екі жылда 62 көше асфальтталса, 2025 жылы тағы 44 көшеге асфальт төселіп, қазан айына дейін толық аяқталады.
Исатай батыр көшесінде жаңа тротуар салынды, ойылған көшелер жамалып жатыр. Қаладағы 31 аялдаманың 15-і тозған – биыл олардың орнына жаңалары орнатылуда.

                            Қоғамдық көлік заманауи болып келеді

«Ақ жол-2000» компаниясы екі негізгі бағытта қалаішілік тасымалды жүзеге асырады. 2024 жылы сатып алынған 7 жаңа автобус қала тұрғындарына қызмет етіп жүр. Жол ақысы бұрынғыдай – 50 теңге.

                                        Тұрғын үй мәселесі шешім табуда


2023 жылдан бері 200-ге жуық отбасы жаңа пәтерге ие болды. 2025 жылы тағы 114 пәтер тапсырылады. Қаладағы 10 көпқабатты үйге күрделі жөндеу жасалады.

                                       Ауыз суға толық қосылу жолында


Бүгінде Шу халқының 75,6%-ы орталықтандырылған ауыз сумен қамтылған. «Қант зауыты» ауданындағы су жүйесі толық іске қосылды. «Жанкулиев», «Жайсан» және «Горгаз» аудандарында жұмыстар 60%-ға орындалды, жыл соңына дейін аяқталады.

                                  Электр желілері мен жарықтандыру мәселесі шешілуде


Қаладағы электр желілерінің 70%-ы тозған. 2025 жылы 10 көшеге түнгі жарық шамдары орнатылады, электр бағаналары жаңартылады.

                                          Қаланы абаттандыруға ерекше көңіл бөлінбек

Аумағы 10 гектар «Жеңіс» саябағы толық жаңғыртылып, қазан айында ашылады. Қант зауыты ауданында жаңа саябақ салынып жатыр. Сонымен қатар, қалаға кіреберісте 5 мың ағаш егілуде, 1600-і отырғызылды.

                                          Шу вокзалы жаңа келбетке ие болмақ


1989 жылдан бері жөндеу көрмеген Шу вокзалына 3,4 млрд теңгеге күрделі жөндеу басталды. Ғимарат қана емес, алдындағы перрон мен абаттандыру жұмыстары да жаңартылады.

                                          Қаланың тазалығы бақылауда


Қаладағы қоқыс алаңдары кезең-кезеңімен жаңартылып жатыр. 2025 жылы тағы 5 орын ретке келтіріледі. Бейберекет қоқыс тастаудың алдын алу үшін 23 бейнабақылау камерасы орнатылды.

                                                 Қоғамдық қолдау мен қайырымдылық


Кәсіпкерлердің демеушілігімен аз қамтылған отбасыларға азық-түлік, көмір мен ет өнімдері таратылды. «Таза қала» байқауы өткізіліп, белсенді тұрғындар марапатталды.

Қала әкімдігінің айтуынша, алдағы жылдан бастап абаттандыруға, аулаларды жаңартуға ерекше көңіл бөлінбек.

Фото: Шу қаласы әкімдігі

Оқылып жатыр

Жамбыл облысында жасөспірімдер арасындағы құқықбұзушылық пен суицидтің алдын алу мәселесі талқыланды

Қордайда «Келешек мектептері» ұлттық жобасы аясында екі жаңа білім ошағы ашылды

Жамбыл облысының делегациясы Францияда инвестициялық ынтымақтастықты дамыту бойынша келіссөздер жүргізді

Қордайда тұрғындармен «Заң және тәртіп» қағидаты талқыланды

Жылына 500 мың тонна кен: Жамбыл облысында ірі тау-кен байыту комбинатының құрылысы басталды

Қуаты 1 ГВт ЖЭС: Ербол Қарашөкеев Masdar компаниясының бас атқарушы директорымен кездесті

Соңғы жазбалар

Денесінде ондаған оқ қалған Руслан Берденов Пекинде ресторан ашты

1 Қараша, 2025

В Пекине откроется ресторан-музей казахской кухни Sandyq

1 Қараша, 2025

«Тұғырдан құлап бара жатқан Назарбаевтың» мүсінін Мәскеу сатып алды

1 Қараша, 2025

Қапыда кеткен қайран ер: Ержан Бабақұмаровты жетісулықтар жер қойнына тапсырды

1 Қараша, 2025

Жекпе-жек балуаны желіде лайк жинаймын деп түрмеге түсті

1 Қараша, 2025

Көкшетауда жатақхана дәретханасынан студенттің өлі денесі табылды

1 Қараша, 2025

Қазақ пен қырғыз туралы қорлық сөздер айтқан боксшының экс-әйелін Қазақстан полициясы іздеп жатыр

1 Қараша, 2025

Kaspi Alaqan: картасыз, QR-сыз алақанмен сауда жасай беретін жүйе іске қосылды

1 Қараша, 2025

Алматы облысында құны 15 млрд агрокешен іске қосылды

1 Қараша, 2025

Азия-2025 мектеп оқушылары арасындағы чемпионаты: 10 алтын медаль!

1 Қараша, 2025
Facebook WhatsApp TikTok Instagram
© 2025 Todayinfo.kz. Designed by Todayinfo.
  • Жарнама
  • Байланыс
  • Сайт туралы

Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.