Фото: instagram.com/maxkorzhmus
Әнші Макс Корждың концертін ұйымдастырушылар 6 қыркүйекте Алматының Орталық стадионында жоспарланған концерт өтпейтінін жариялады, деп хабарлайды Todayinfo.
Бұл туралы мәлімдеме 2 қыркүйекте команданың ресми Instagram-парақшасында жарияланды.
Команданың мәліметінше, шоуға дайындық 2024 жылдың қарашасында басталған. ТМД және Еуропа елдерінен келген 500-ден астам маман ұйымдастыру жұмыстарына атсалысқан. 2025 жылдың қаңтарында рұқсат алу үшін құжаттар топтамасы тапсырылып, ақпанда уәкілетті органдардан жауап алынған. Ал 13 наурызда спорт нысандары дирекциясымен келісімшарт жасалып, алдын ала төлем жасалған.
«Былтыр концерт өтпей қалғанынан кейін келісімдерді растау мақсатында 10 наурызда спорт нысандары дирекциясы концерт өтетіні туралы ресми жазба жариялады. 17 наурызда билеттер сатылымға шықты және қысқа уақыт ішінде сатылып кетті. Концертке 17 000-нан астам турист жолға шыққан еді, барлығы 35 000 билет сатылды», – делінген хабарламада.
Одан кейін, ұйымдастырушылардың айтуынша, оларға бұған дейін берілген рұқсаттың өзекті еместігі туралы хабарланған. Жаңа рұқсат алуға мүмкіндік болмаған. Ұйымдастырушылар кемі екі жұз млн тегңеге шығындалған.
«27 тамызда дирекцияның ресми аккаунтында алаңның техникалық жағдайына байланысты концерт болмайтыны жайлы жазба шықты. Кейін бізге берілген рұқсаттың қазіргі уақытта өзекті еместігі айтылды. Өкінішке қарай, жаңа рұқсатты ала алмадық. Ресми түрде мәлімдейміз: 6 қыркүйекте Орталық стадионда Макс Корждың концерті өтпейді», – деді ұйымдастырушылар.
Ұйымдастырушылар барлық билет сатып алынған орындары бойынша қайтарылатынын атап өтті.