2025 жылдың 28 ақпан мен 2 наурыз аралығында Алматы қаласындағы “Шымбұлақ” тау-шаңғы курортында фристайлдан FIS Әлем Кубогының кезеңдері өтті. Бұл жарысқа әлемнің 18-ден астам елінен 100-ден аса үздік спортшылар қатысты. Жарыс нәтижесінде Қазақстандық спортшылар да жоғары нәтиже көрсетіп, халықаралық аренада өздерінің мықты дайындықтарын дәлелдеді. Бұл туралы Todayinfo ақпарат агенттігі хабарлайды.
Жарыстың басты нәтижелері
Могул сайысы:
Ерлер:
- Mikael Kingsbury (Канада)
- Daeyoon Jung (Корея)
- Ikuma Horishima (Жапония)
Әйелдер:
- Tess Johnson (АҚШ)
- Jaelin Kauf (АҚШ)
- Rino Yanagimoto (Жапония)
Ауа райының қолайсыздығына байланысты могул бойынша финалдық жарыс өтпей қалды. Әйелдер арасындағы нәтиже бірінші финалдың көрсеткіштері бойынша анықталса, ерлер үшін іріктеу кезеңінің қорытындысы есепке алынды. Қазақстандық спортшылар арасында Анастасия Городко 6-орын, Юлия Галышева 7-орын, ал Павел Колмаков 5-орынды иеленді.
Параллель могул сайысы (1 наурыз):
Ерлер:
- Mikael Kingsbury (Канада)
- Ikuma Horishima (Жапония)
- Matt Graham (Австралия)
Әйелдер:
- Jaelin Kauf (АҚШ)
- Rino Yanagimoto (Жапония)
- Анастасия Городко (Қазақстан)
Қазақстандық спортшы Анастасия Городко үшін бұл кезең ерекше жетістік болды. Ол күміс жүлдеге талас барысында жоғары деңгейде өнер көрсетіп, ел қоржынына қола медаль салды. Сонымен қатар, Юлия Галышева 5-орынға, ал Павел Колмаков 10-орынға тұрақтады.
Шаңғы акробатикасы сайысы (2 наурыз):
Ерлер:
- Xindi Wang (Қытай)
- Noe Roth (Швейцария)
- Guangpu Qi (Қытай)
Әйелдер:
- Laura Peel (Австралия)
- Mengtao Xu (Қытай)
- Danielle Scott (Австралия)
Қазақстандық жас спортшы Айяна Жолдас алғашқы финалға шығып, 9-орын алды. Ерлер арасында қазақстандық спортшылар финалға шыға алмады, нәтижесінде Роман Погосян 26-орын, Шерзод Хаширбаев 27-орын, Уланбакир Умурзаков 28-орын, ал Дінмұхаммед Райымқұлов 32-орын иеленді.
Халықаралық жарыстар мен Қазақстандағы қысқы спорттың дамуы
Алдағы уақытта фристайл бойынша Әлем Кубогының финалдық кезеңдері 11-13 наурыз аралығында Италияның Ливиньо курортында өтеді. Бұл кезең Милан-Кортинодағы 2026 жылғы қысқы Олимпиада ойындарына қатысу үшін маңызды ұпайлар береді.
FIS өкілдері мен спортшылар Алматыдағы жарыстың жоғары деңгейде ұйымдастырылғанын атап өтті. Мұндай жарыстар елімізде туризм мен қысқы спорт түрлерінің дамуына оң ықпал етеді. Шымбұлақ тау-шаңғы курорты халықаралық деңгейдегі жарыстар өткізуге қолайлы алаңға айналып келеді.
Қазақстанда қысқы спорт түрлерін насихаттау мақсатында тау шаңғысы, сноуборд және фристайл бағыттары бойынша инфрақұрылым дамытылып, жас спортшыларға мүмкіндік беріле бастады. 2025 жылы елімізде 6 Әлем Кубогы кезеңі, Әлем чемпионаты, Юниорлар арасындағы Әлем чемпионаты және Азия Кубогы өткізілмек.
Қазақстандық төрешілердің халықаралық деңгейге шығуы
Халықаралық жарыстар тек спортшылардың ғана емес, қазақстандық төрешілердің де дамуына септігін тигізуде. Қазіргі таңда Қазақстанда фристайл бойынша үш халықаралық төреші жұмыс істейді. Сондай-ақ, “Шымбұлақ” курортының операциялық директоры Александр Руденко жақында фристайлдан FIS техникалық делегатының лицензиясын алды.
Жарысты ұйымдастырушылар:
- Қазақстан Республикасының Ұлттық Шаңғы Ассоциациясы
- “Шымбұлақ” тау-шаңғы курорты
Қолдау білдірген:
- Қазақстан Республикасының Мәдениет және спорт министрлігі
- Алматы қаласының әкімдігі
- Қазақстан Республикасының Ұлттық Олимпиада комитеті
- “Самұрық-Қазына” АҚ
- “Туризм және спорт индустриясын қолдау қоры”
FIS Әлем Кубогының Алматыда ұйымдастырылуы Қазақстанның қысқы спорттағы мүмкіндіктерін әлемдік деңгейде көрсетуге үлкен мүмкіндік береді. Алдағы жарыстарда қазақстандық спортшылардың бұдан да жоғары нәтижелер көрсетуін күтеміз!