Бүгін кешкі сағат 20:30-да Шымкент қаласы әкімдігі ғимаратының маңында қала әкімінің орынбасары Руслан Берденовке қарулы шабуыл жасалды, деп хабарлайды Todayinfo.
Алдын ала мәліметтер бойынша, шенеунік жамбас және иық тұсынан оқ жарақатын алған. Қазір ол ауруханаға жеткізіліп, дәрігерлердің бақылауына алынды.
Шымкент қалалық полиция департаментінің мәліметінше, күдікті ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды. Аталған факті бойынша қылмыстық іс қозғалды. Қазір тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.
«Қылмыстық іс қозғалып, оқиғаның барлық мән-жайы анықталуда. Тергеу мүддесіне байланысты өзге ақпарат жарияланбайды», — деп мәлімдеді полиция департаменті.