Шымкентте газ құбырына көлік соғып, мыңдаған абонент уақытша газсыз қалды, деп хабарлайды Todayinfo.
13 қыркүйек күні түнгі сағат 00:27-де Mercedes автокөлігі жерүсті газ құбырына соғылған. Оқиға орнына жеткен мамандар дер кезінде апатты тоқтатты.
Апат салдарынан бірнеше абонент газсыз қалды:
• ПГБ-27: 10 ШРП, 46 КПД, 276 ГРПШ (2092 абонент);
• ПГБ-128: 7 ШРП, 21 КПД, 728 ГРПШ (1950 абонент, 553 пәтер);
• ПГБ-16: 50 КПД (шамамен 3000 абонент);
• КПБ: шамамен 40 нысан.
Қазіргі уақытта жөндеу-қалпына келтіру жұмыстары жүргізілуде. Жұмыстар аяқталғаннан кейін газ қайта беріледі.
Фото: скрин/t.me/otyrarkz