Шымкент қаласының Әл-Фараби ауданына қарасты Әйтеке би көшесінің бойында орналасқан «Евролюкс», «Гармония», «Марморит», «Мэдина» дүкендері отқа оранды, деп хабарлайды Todayinfo Otyrar-ға сілтеме беріп.
Өрт салдарынан құрылыс материалдарын сататын дүкендердердің сату орындары мен қоймаларындағы заттар түгелге жуық жанып кеткен.
Өртті сөндіру жұмыстарына Шымкент қаласы төтенше жағдайлар департаментінің 200-ге жуық жеке құрам қызметкері мен 38 техникасы жұмылдырылды.
Өрт түнгі сағат 03:07 минутта оқшауланып, сағат 04:51 минутта толығымен сөндірілді. Жалпы көлемі 2 500 шаршы метрді қамтитын ғимараттың 1 300 шаршы метрі өртенді. Қайтыс болғандар мен зардап шеккендер жоқ, – делінген Шымкент қаласы ТЖД қоғаммен байланыс тобы таратқан ақпаратта.
Todayinfo.kz