Шымкент қаласында жоғары сынып оқушысы сабақ үстінде қайтыс болды. Оның жүрегі тақтап қалған, деп хабарлаған Todayinfo.kz.
Шымкент қаласы білім басқармасының мәліметіне қарағанда, №48 жалпы орта мектепте 11 қаңтар күні сағат 11.00-де дене шынықтыру сабағы барысында 2010 жылы туған 8 «А» сынып оқушысы Тұрдалы Азамат Ғаниұлы есінен танып құлаған. Мектеп медбикесі Розиева Гулжамал спорт залға жылдам жетіп алғашқы көмек көрсетіп, жедел жәрдем шақырған.
– Шақыруға келген жедел жәрдем қызметкерлері екінші арнайы шұғыл жәрдем шақырған. Алайда шұғыл жедел жәрдем келгенше баланың жүрегі тоқтап, қайтыс болғандығын хабарлайды. Құзырлы органдар тарапынан тергеп-тексеру жұмыстары жүргізілуде, – деп хабарлайды басқарма.
Баланың әкесі жүргізуші, анасы колледж мұғалімі. Азамат үш баланың ортаншысы болған.
фото: ашық дереккөзден
Todayinfo.kz