Жас әнші Sadraddin (Садраддин Болат) Шымкенттегі концертінде үлкен аншлаг жинады. Алайда тегін іс-шараға келген халықтың тәртіпсіздігі қоғамда талқылауға түсті,деп хабарлайды todayinfo.kz.
21 жастағы жас әнші Sadraddin, әсіресе, Qansha kun хитынан кейін қазақ эстрадасында үлкен танымалдыққа ие болды. Оның әндерін тыңдағысы келген жанкүйерлер Шымкенттегі тегін концертке жаппай жиналды.
Концерттен түсірілген видеолар Қазнетте кеңінен таралып, қызу пікірталас тудырды. Zakon.kz мәліметінше, көпшілік концертте тәртіп сақтамай, бірін-бірі итеріп, қауіпсіздік талаптарын ескермеген.
Посмотреть эту публикацию в Instagram