Фото: Мәжіліс
Мәжіліс депутаты Нартай Аралбайұлы Шымкент қаласы әкімінің жаңа орынбасары Руслан Берденовтің «жемқорлық жоқ» деген мәлімдемесіне өз ойын білдірді, деп хабарлайды Todayinfo.
Аралбайұлы әр азаматтың өз пікірі бар екенін атап өтіп, экс-депутаттың сөзіне баға беруден бас тартты. Алайда ол еліміздегі жемқорлықтың түбегейлі жойылмағанын және оның барлық салада кездесетінін айтты.
«Бізде қай салада болмасын, тіпті азаматтардың өміріне тікелей әсер ететін білім мен медицина жүйелерінде де жемқорлық бар екенін көріп отырмыз. Қаншама лауазымды тұлғалар ұсталып жатыр», – деді Нартай Сәрсенғалиев Мәжілістің кулуарында.
Оның айтуынша, елімізде сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес жүргізіліп жатқанымен, мәселе әлі де толық шешімін тапқан жоқ.
«Жемқорлық барлық салада жойылды деп айта алмаймын. Құрылыс саласында жойылды ма? деп сұрасаңыз, «жойылды» деп те айта алмаймын», – деп нақтылады Аралбайұлы.