Шымкенттіктер 1 миллиард теңгеге автомобильдеріне VIP нөмірлер сатып алған. 2023 жылы шаһар тұрғындарына 4 мың қымбат нөмір сатылған, деп Тodayinfo ақпараттық порталы.
VIP нөмірлердің құны 200 мың теңгеден басталып 1 миллион теңгеден асып кетеді, деп Тodayinfo ақпараттық порталы.
Otyrar.kz хабарлағандай, Шымкент қаласының мамандандырылған ХҚКО өкілі Нұрхан Байсейітовтің сөзінше VIP нөмірлердің бағасы қымбаттағанына қарамастан, сұраныс жоғары.
«VIP нөмірлердің бағасы базалық есептік көрсеткіштің өсуіне қарай өсе бере береді. Қазір бір АЕК 3932 теңге, бірақ соған қарамастан сұраныс өте жоғары», — дейді ол.