Close Menu
  • Басты бет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Әлем
  • Экономика
  • Жаңалықтар
  • TodayTV
What's Hot

Қазақстаннан Ресейге 34 дрон алып өтпек болған «Газель» ұсталды

22 Қыркүйек, 2025

Қасым-Жомарт Тоқаев Дональд Трамппен сөйлесті

22 Қыркүйек, 2025

ҚТЖ жеке фирмалардың жұмысын тежегені үшін 1,42 млрд теңге айыппұл төледі

22 Қыркүйек, 2025
Facebook X (Twitter) Instagram
Trending
  • Қазақстаннан Ресейге 34 дрон алып өтпек болған «Газель» ұсталды
  • Қасым-Жомарт Тоқаев Дональд Трамппен сөйлесті
  • ҚТЖ жеке фирмалардың жұмысын тежегені үшін 1,42 млрд теңге айыппұл төледі
  • «Күйеуін әлі жақсы көреді»: Ел алдында еңіреп жылаған Мөлдір Мұқанды халық аяп кетті
  • Бас прокуратура Назарбаевтың ұлымен соттасып жатыр
  • Қазақстанда ҰБТ жүйесі өзгертілмек
  • Ілияс Сариев ісі: Қызының еміне ақша жинауы үшін 750 мың теңгедей берген ана сотта бар шындықты айтты
  • Көрші ел интернетті толығымен өшіруге дайындалып жатыр
  • Байланыс
  • Сайт туралы
  • Жарнама
  • Құпиялық саясаты
Facebook Instagram YouTube TikTok
todayinfo.kz ақпараттық порталыtodayinfo.kz ақпараттық порталы
Рус Қаз
Сейсенбі, 23 Қыркүйек
  • Басты бет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Әлем
  • Экономика
  • Жаңалықтар
  • TodayTV
Қаз Рус
todayinfo.kz ақпараттық порталыtodayinfo.kz ақпараттық порталы

Шыңғыс хан өзге дін ұстағандарға қысастық жасамаған — Қиқымов

18 октября, 2024 Жаңалықтар
Share
Facebook Twitter LinkedIn Pinterest Email

Алматыда шетелдік сарапшылардың қатысуымен ауқымды іс-шара өтіп жатыр. Қазақстандықтар үшін дәстүрлі мереке болып саналатын «Рухани келісім күніне» орай «Тұрмыстық зорлық-зомбылықтың алдын алудағы діни бірлестіктердің рөлі» тақырыбында дөңгелек үстел өтті, деп хабарлайды Todayinfo ақпараттық агенттігі. 

Шараға діни конфессиялардың көшбасшылары, мемлекеттік органдардың, үкіметтік емес ұйымдардың өкілдері, ғылыми-сараптамалық қоғамдастықтың өкілдері, шетелдік сарапшылар мен дағдарыс орталықтарының өкілдері жиналған.

«Біздің қаламызда Діни бірлестіктер көшбасшыларының клубы табысты жұмыс істеуде. Сегіз жыл бойы Әлемдік діни көшбасшылар съезінің шағын моделін еске түсіретін бұл алаң — діни бірлестіктер мен қала әкімдігі арасындағы өзара іс-қимылдың, сондай-ақ, түрлі конфессиялар өкілдері арасындағы диалог пен әріптестікті тереңдетудің тиімді құралына айналды. Әсіресе клубтың біздің қоғамды толғандыратын тақырыптардан тыс қалмайтыны қуантады. Бүгін клуб қызметі аясында біз қоғамның өзекті, көкейкесті мәселелердің шешу жолдарын бірлесіп іздейтін боламыз. Бұл Дөңгелек үстел тұрмыстық зорлық-зомбылықтың алдын алу мәселелеріне арналған», — деді Алматы қаласы Дін істері жөніндегі басқарма басшысы Нұрлан Қиқымов.

Дөңгелек үстел жұмысына осы саладағы дін қайраткерлері мен сарапшылар ғана емес, қызметі тұрмыстық зорлық-зомбылық құрбандарына көмек көрсетуге бағытталған жоғары мамандандырылған ұйымдар да, сонымен қатар, дінтану, саясаттану және мәдениеттану саласындағы жетекші сарапшылар да шақырылды.

«Шыңғыс хан ешбір дін өкілдеріне қысастық жасамаған. Осыған қарап ақ қазақ жерінде өзге дін өкілдеріне қысым жасалмағанын, еркін өмір сүріп келе жатқанын айтқым келеді. Елімізде әртүрлі дін өкілдері бірлікте өмір сүріп жатыр. Алматыда 17 діни конфессияның өкілдері бар. Тәуелсіздік жылдарынан бері түрлі діни наным-сенім өкілдері тату-тәтті тұрып келеді. Біз сіздермен мақтанамыз. Өкінішке орай түрлі жағдайларда әртүрлі қайғылы жағдайлар болып жатыр, оны ақпарат құралдары арқылы көріп, біліп жүрміз. Бүгін осы тұрмыстық зорлық-зомбылықты болдырмаудың жолдарын, проблемаларын талқылауға жиналдық», — деді басқарма басшысы.

Жиынға Испаниядан Сантьяго Де Ласала Порта мен Николас Замбоана сынды профессорлар, үндістандық профессор Кришна Котра, американдық LYN Community үкіметтік емес ұйымының президенті УЭЙД КЬЮСАК мырза және MFNN өкілі Майка Фрииз қатысып, пікірлерін білдірді.

«Әрбір үшінші отбасы тұрмыстық зорлық-зомбылықтан зардап шегіп келеді. Заң бар, онда неге зорлық көру тоқтамай келеді? Заң бар, жаңа заңнамалық ұсыныстар да қабылданып жатыр.
Үнсіз қалуға болмайды, барлықтарыңызды дағдарыс орталығына шақырам. Дағдарыс орталығының басты мақсаты отбасын сақтау. Өкінішке орай адамдар эмоциясын басқара алмайды.2021 жылы еліміздегі әрбір алтыншы бала зорлық-зомбылықтың куәгері болған. Бұл 1 миллион бала. Елімізде бұндай тұрмыстық зорлықтың қиындығын бастан өткерген бала кейін өзінің отбасына жылулық бере алмайды. Қазақстанда бала толыққанды қауіпсіз өмір сүреді деп айта алмаймыз. Әйелдер физикалық зорлық көре отырып, отбасында психологиялық қысыммен ауыр өмір сүреді. Сондықтан үнсіз қалуға болмайды», — деді «Дағдарыс орталықтары одағы» заңды тұлғалар бірлестігінің басқарма төрағасы Зульфия Байсакова.

Әртүрлі дін өкілдері өмірде орын алып жатқан проблемаларды, оны шешудің, болдырмаудың, әйелдер мен балаларды қорғаудың жолдары туралы ойларын ортаға салды.
Сондай-ақ, мереке құрметіне орай, Астана уақытымен сағат 19.00-де, Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық халық аспаптар оркестрінде Рухани келісім күніне арналған мерекелік концерт жоспарланған.

Оқылып жатыр

Қазақстаннан Ресейге 34 дрон алып өтпек болған «Газель» ұсталды

ҚТЖ жеке фирмалардың жұмысын тежегені үшін 1,42 млрд теңге айыппұл төледі

Бас прокуратура Назарбаевтың ұлымен соттасып жатыр

Қазақстанда ҰБТ жүйесі өзгертілмек

Ілияс Сариев ісі: Қызының еміне ақша жинауы үшін 750 мың теңгедей берген ана сотта бар шындықты айтты

Көрші ел интернетті толығымен өшіруге дайындалып жатыр

Соңғы жазбалар

Қазақстаннан Ресейге 34 дрон алып өтпек болған «Газель» ұсталды

22 Қыркүйек, 2025

Қасым-Жомарт Тоқаев Дональд Трамппен сөйлесті

22 Қыркүйек, 2025

ҚТЖ жеке фирмалардың жұмысын тежегені үшін 1,42 млрд теңге айыппұл төледі

22 Қыркүйек, 2025

«Күйеуін әлі жақсы көреді»: Ел алдында еңіреп жылаған Мөлдір Мұқанды халық аяп кетті

22 Қыркүйек, 2025

Бас прокуратура Назарбаевтың ұлымен соттасып жатыр

22 Қыркүйек, 2025

Қазақстанда ҰБТ жүйесі өзгертілмек

22 Қыркүйек, 2025

Ілияс Сариев ісі: Қызының еміне ақша жинауы үшін 750 мың теңгедей берген ана сотта бар шындықты айтты

22 Қыркүйек, 2025

Көрші ел интернетті толығымен өшіруге дайындалып жатыр

22 Қыркүйек, 2025

Соңғы 6 айда Қазақстанда 135 бала жол апатынан қаза тапқан

22 Қыркүйек, 2025

АҚШ-та Мұхтар Мағауиннің қабіріне туған жерінің топырағы мен жусаны қойылды

22 Қыркүйек, 2025
Advertisement
Demo
Facebook X (Twitter) Instagram Pinterest
  • Жарнама
  • Құпиялық саясаты
  • Байланыс
  • Сайт туралы
© 2025 Todayinfo.kz. Designed by Todayinfo.

Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.