Алматы облысында 16 адам күйдіргі инфекциялық ауруына шалдыққан болуы мүмкін деген күдікпен ауруханаға жатқызылды. Оның ішінде 11 адамның осы дертті жұқтырғаны расталды, деп хабарлайды Todayinfo.
Бүкіл науқас қажетті ем-домын алып жатыр
«Қазіргі күні Үлкен Ақсу ауылы карантинге жабылды. Эпидемиологиялық ошақ оқшауланды. Инфекцияның таралуының алдын-алу шаралары қабылданды», — деп мәлімдеді Алматы облысының әкімдігінен.
Алматы облысының Ұйғыр ауданында Сібір жарасының бірнеше жағдайы тіркелген. Облыс әкімі Марат Сұлтанғазиевтің басшылығымен штаб отырысы өтті. Облыс әкімі эпидемиологиялық ошақты оқшаулау, санитарлық-эпидемиологиялық шараларды күшейту және халықпен түсіндіру жұмыстарын жүргізу туралы тапсырма берді. Үлкен Ақсу ауылында карантин енгізіліп, эпидемиологиялық ошақ оқшауланды. Инфекцияның таралуын болдырмау үшін барлық қажетті шаралар қабылданды.
«9 қыркүйекте 16 адам ауруханаға жатқызылды. Олардың он бірінде «сібір жарасы» диагнозы расталды, төртеуінде нәтиже теріс, тағы бір науқастың сынақтары нақтыланды. Барлық пациенттер қажетті ем алады, олардың жағдайы тұрақты. Қазіргі уақытта аурудың таралуы байқалмайды, жағдай бақылауда», — деді облыстық денсаулық сақтау басқармасының бастығы Алмат Тұрысбекұлы.
Облыс әкімдігі өңір тұрғындарын қырағы болуға шақырды. Ет пен ет өнімдерін тек тексерілген жерлерде сатып алуды ескертті. Сібір жарасы адамнан адамға жұқпайды.