Карина Мамашты азаптаған бұрынғы дипломат 7 жылға сотталуы мүмкін. СІМ дипломатты БАӘ жүрген жерінен шақыртып алған. Енді экс-дипломат ұзақ жылға сотталмақ, деп хабарлайды Todayinfo.
Карина Мамаштың адвокаты Бибінұр Мұратованың айтуына қарағанда, күйеуінен 10 жылдан аса қорлық көрдім деген екі баланың анасына қатысты іс сотқа жіберілді.
– Тергеу толығымен аяқталды. Енді экс-дипломат ҚР Қылмыстық кодексінің 100-бабы (азаптау-ред.) бойынша сот алдында жауап береді, – дейді адвокат.
Айта кетейік, бұл бап негізінде күдікті 4 жылдан 7 жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін.
Еске салсақ, бұған дейін СІМ қызметкерінің әйелі Карина Мамаш күйеуі Сәкен Мамаш үйіне қонаққа келген әпкесі мен оны ұрып-соққанын айтып, өзін тираннан арашалауды сұраған.
Фото: krusiv.media